Таңдау жасар сәт

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Токиоға кімдер барады?
26.01.2021

Өнерімен танымал
26.01.2021

Кемшіліктер бар
26.01.2021

Заманауи кешенге айналады
26.01.2021

Талап өзгермей,талпыныс болмайды
26.01.2021

Салық сомасы қайтарыла ма?
26.01.2021

«Еңбек» биыл межесіне жетеді
26.01.2021

Жеке куәлік - телефонда
26.01.2021

Шектеуді елемеген
26.01.2021

Өтініш қабылдау басталды
26.01.2021

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

05.01.2021

Таңдау жасар сәт

Биыл Парламенттің төменгі палатасы мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттар тізімі жаңарады. Мәжіліс тарихына үңілер болсақ, бұған дейін барлығы алты сайлау өткен екен. Алғашқы сайлау кезінде, яғни 1995 жылдың желтоқсан айында 67 депутат сайланды. 1999 жылы ұйымдастырылған екінші сайлау кезінде 547 кандидат тіркеліп, бір орынға сегіз адам таласты. Бұл - бірінші сайлау кезінде болмаған көрсеткіш. 2004 жылдың қыркүйегінде өткен үшінші сайлау қорытындысы бойынша 77 адам депутат атанды. Мәжіліс депутаттарын төртінші мәрте сайлау 2007 жылдың тамызында өтті. Нәтижесінде төменгі палатаның 107 депутаты таңдалды. Бесінші сайлау  2012 жылдың қаңтар айында өтті. Ал 2016 жылы сайланған 107 депутат осы уақытқа дейін қызмет атқарды. 
Биыл жетінші рет өтетін сайлау жүйесі, депутаттардың жұмысы өзгеше болмақ. Біріншіден, тиісті заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институты құрылады. Енді Мәжілістің тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы солардың қатарынан таңдалуы тиіс. Екіншіден, депутаттар қатарындағы азаматтардың кемінде 30 пайызы әйелдер мен жастар болуы керек деген талап қойылды. Сол үшін арнайы квота енгізілді. Үшіншіден, барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы партиялық тізім бойынша өтеді. Яғни, сайлаушылар белгілі бір адамды емес, бюллетеньге енген бес партияның біреуін таңдайды. Бұған дейін мұндай жүйе болған емес. 
Отандық және шетелдік сарапшылардың пайымынша, биылғы сайлаудың жаңашылдығы да, жауапкершілігі де көп. Мәселен, Еуропалық парламенттегі Ортаазиялық делегация төраға-сының орынбасары Андрис Америкс әйелдер мен жастарға міндетті квотаның қарастырылуын ерекше атап өткен екен. 
- Сайлау кезінде Қазақстан халқы алдағы бес жылда жұмыс істейтін депутаттарды таңдайды. Мен ел тұрғындары дұрыс таңдау жасайды, ал мемлекет басшылығы демократиялық проецестің ашық әрі әділ жүруін бақылайды деген үміттемін. Осы орайда депутаттық орындардың 30 пайызы әйел адамдар мен жастарға берілетінін құптаймын. Бұл Қазақстанның саяси дамуына, әлемдік тәжірибеге сай келетін бағытты ұстауына оң әсер етері анық. Әлем жұртшылығы пандемиямен күресіп жатқан тұста бұл сайлау бұқара мен билік арасындағы өзара сенімнің жарқын үлгісі болуы керек, - деген пікір білдірді А.Америкс. 
Қазақстандық саясаттанушы-лардың да өз айтары бар. Әділ Қаукеновтің айтуына қарағанда, үгіт-насихат шаралары басталғаннан-ақ партиялардың жұмысына «қан жүгірді». 
- Қазір елімізде саяси жаңғыру басталып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іске асуда. Сондықтан Мәжіліс, мәслихаттар сайлауы партияларға жаңа мүмкіндіктер беріп отыр. Олардың әрқайсысы бұрын-соңды болмаған саяси технологияларды қолға алып, соның негізінде белсенді түрде іске кірісті. Оны үгіт-насихат жұмыстарынан да айқын байқауға болады. Партия көшбасшылары, депутаттықтан үміткерлер әлеуметтік желілерді, интернет алаңдарын, түрлі онлайн-кездесу платформаларын меңгеріп алды. Пандемия, дағдарыс кезінде жаңашылдықтарға бет бұрып, басқа бағытқа қарай қадам басу оңай емес. Десе де, сайлауға түскен бес партияның барлығы жоғары кәсібилік көрсетіп отыр дей аламын. Сайлау алдындағы науқан қиындықсыз өтуде, - дейді саясаттанушы. 
Сайлау барысын жергілікті және шетелдік бақылаушылар қадағалайды. ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының шолушысы Михаела Сивич бақылаушылар сайлаушылар мен кандидаттарды тіркеуді, үгіт-насихат жұмыстарын, сайлау әкімшілігі мен тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын, заңнаманы және оның қолданылуын, сайлауға қатысты дауларды шешу мәселелерін назарға алатынын айтты. Жалпы, Қазақстандағы сайлау барысын 100-ге жуық шетелдік сарапшы мен шамамен 20 мың отандық бақылаушы қадағалайтын болады. Ол үшін жергілікті бақылаушы-ларды дайындайтын орталықтар да құрылды. 
Сарапшылардың ойлары Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын таңдау науқаны белгіленген талаптар аясында әділ өтеді деген пікірге саяды. Ал депутаттық құрамдардың жаңаруы саяси белсенділіктің артуына, қордаланған мәселелердің оң шешім табуына, халық қалаулы-лары мен халықтың өзі арасындағы байланыстың нығая түсуіне әсер етуі тиіс. 
Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліме-тінше, «Nur Otan», «Ақжол», «Ауыл», «Адал» және «Қазақстанның халық партиясы» партияларынан барлығы 54 тізім ұсынылып, мәслихаттарға 476 кандидат тіркелді. Олардың қатарында 223 әйел адам мен жастар бар. Бұл – кандидаттардың жалпы санының 47 пайызы. 
10 қаңтар күні облыста барлығы 532 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Тұрғындар мекенжайы бойынша белгіленген учаскелерге келіп, аудандық немесе қалалық, облыстық мәслихаттар мен Парламент Мәжілісінің депутаттарын таңдау үшін бес партияның біріне дауыс бере алады. Саяси науқан кезінде павлодарлықтар белсенділік танытып, ел болашағы үшін таңдау жасайды деп үміттенеміз.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Количество показов: 64

Возврат к списку

Раздел не найден.