Табыстың көзі - асыл түлік

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

02.03.2021

Табыстың көзі - асыл түлік

Бүгінде мал шаруашылығын дамытуға ден қойған елдер төрт түліктің санына емес, сапасына мән береді. Сәйкесінше, әлемдік нарықта ет және сүт өнімдерін молынан ұсынып отыр. Соңғы жылдары елімізде де түлікті асылдандыру ісіне зор қолдау көрсетіліп келеді. Бұл тарапта аймағымыздағы ахуал қандай? 

Оралхан ҚОЖАНОВ


«Сең» қозғалды

Ең әуелі өткенге көз салсақ. Әрине, межеге қол жеткізу үшін бұрынғының көрсеткіштерін тізіп, салыстырмалы түрде сараптама жасау – маңызды. Осы орайда, ауыл шаруашылығы саласы ардагерлерінің пікірін тыңдап көрдік. 
- Кеңес өкіметі кезеңінде мал шаруа-шылығы жаңа үлгіде дамыды. Мал етімен қатар, жүнге, сүтке деген сұраныс артты. Осыған байланысты салада селекциялық жұмыстар жүргізіліп, асылдандыру ісі жаппай сипат алды. Көптеген комбинаттар, фабрикалар салынды. Онда мал шаруашылығы өнімдері бастапқы өңдеуден өткізіліп, орталықтан түскен тапсырыс бойынша тұтыну орындарына жөнелтіліп отырды. Осылайша, жылына жүздеген мың тоннадан астам ет өнімдері өз тұтынушыларын табатын. Қазіргі жағдай басқаша. Малдың басым бөлігі жеке меншіктің қолында болғандықтан мал тұқымдарын асылдандыру жұмыстары бұрынғы уақытпен салыстырғанда әжептәуір әлсіреді. Төрт түліктің саны да азайды. Мал өнімдері экспортын жолға қою үлкен проблемаға айналды. Біздегі мал шаруашылығының өндірістік деңгейі мен қуаты бұрынғыға қарағанда көп кемігендігі өз алдына, сыртқы нарықта ет экспортына қатысты талаптар күшейе түскенін атап өткен жөн. Мәселен, Ресейдегі ет комбинаттары малдың салмағымен қатар сойылу түріне де ерекше мән береді. Комбинаттар сатып алу үшін мал еті кесек күйінде сұрыпталуы тиіс. Қойылатын ветеринарлық талаптар және бар. Өкінішке қарай, аталған талаптарға сай келмей отырмыз. Себебі, ірі қара мал ұсақталып кеткен. Тұқымдық қасиеті төмен. Елімізде осы уақытқа дейін мал шаруашылығын асылдандырудағы селекциялық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілмей келді. Оның ортақ бір жүйесі құрылмады. Мұндай жұмыстар жеке шаруашылықтар аясында ғана шектеліп қалып отырды. Ал оларға бөлінген қаржының тиімділігі тиісті бақылауға алынбады. Бөлінген қаржының сұраушысы болмады. 
Екіншіден, малды өз төлінен өсіру ісінде жүйесіздік орын алды. Қазақстанда асыл тұқымды малдардың қандай түрлерін ұстау қажет деген мәселенің басы ашық күйінде қалды. Әркім өз білген жолымен жүрді. 
Үшінші мәселе - жем-шөп қорының жеткіліксіздігі. Қуантарлығы, ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, соңғы жылдары бұл бағытта сең қозғалған сияқты. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде асыл тұқымды мал сатып алып жатқан шаруалар көп. Қазір бұл іске ұсақ шаруашылықтар да белсенді араласуда. Мемлекеттік қолдау жүйелі жалғаса берсе, жаңа көрсеткіштерге қол жеткізетініміз анық, - дейді сала ардагері Ахмет Серкебаев. Қысқасын айтқанда, бізде мал баршылық, бірақ оның тиімділігі аз. Мал ұстаған ағайынның шығыны ақталмай келеді. Мәселені шешу үшін кең ауқымды селекция жұмыстары жүйелі жалғасып келеді. Сондай-ақ, тірі салмақта сырттан мал әкелу ісі де жолға қойылған. Бұл ретте, малдың асыл тұқымдылық қасиетімен қатар оны азықтандыру, күтімге алу жағдайы да кешенді түрде қарастырылуда. 

Қомақты қаржы бөлінуде

Облыстық ауыл шаруашылығы басқар-масының мәліметіне сүйенсек, былтыр суармалы алқаптың көлемі 20 мың гектардан асып, сәйкесінше ет пен сүт өндірісі біршама артқан. Ет бағытындағы мал шаруашылығының дамуы асылдандыру жұмыстарымен де тығыз байланысты.
Иә, шекарадағы жағдай тұрақталғаннан бері жыл соңына қарай павлодарлық шаруалар малды асылдандыру ісін жүйелі жалғастырды. Мәселен, Успен ауданындағы «Галицкое» ЖШС-і басшылығы Венгриядан симментал тұқымды 213 бас ірі қара сатып алса, Ақсу қаласындағы «КронАгро» шаруашылығына да Австриядан симментал тұқымды 119 сиыр жеткізді. Ал Баянауыл ауданындағы «Асанәлі» шаруа қожалығы Ирландиядан (6000 шақырым) 50 бас герефорд тұқымды сиыр алып келді.
Белгілі болғандай, қазір аймағымызда 80 мыңнан аса асыл тұқымды төрт түлік бар екен. Ал асылтұқымды ірі қара саны – 60878. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 23 шаруа қожалығы шетелден 3787 асыл тұқымды сиыр әкеліпті. Биыл да 5 мыңға жуық ірі қара жеткізіледі деп күтілуде. Қазірдің өзінде өтініш білдіргендер көп. Шаруалар ірі қараны шетелден (көбіне Ресейден) импорттауға асық. Тиімдісі - сол. Себебі, импортталған әр сиырға мемлекеттен субсидия (400 мың теңгеге дейін) қарастырылған. 
Айтпақшы, аймағымызда қазақтың ақбас сиырын өсірумен 108 шаруашылық айналысады екен. Сондай-ақ 4 шаруашылық әулиекөл тұқымын, жетеуі абердин-ангус тұқымын, 13 азамат герефорд тұқымын көбейтуге машықтанған. Бұлар - ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуды қолға алып отыр.
Ал сүт бағыты бойынша еңбектеніп жүрген 36 шаруа қожалығы тіркелген. Олардың иелігінде 22 291 сиыр бар. Атап айтсақ, 2 шаруашылық қара шұбар сиырды, 4 шаруашылық қырдың қызыл сиырын, 4 кәсіпкер голштин тұқымды сиырды, 26 азамат симментал тұқымды сиыр өсіріп отыр.
Аймағымызда 7904 бас асылтұқымды қой бар. Шаруалар қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы мен еділбай тұқымын өсірумен айналысуда. 15 шаруашылық жабы жылқысын көбейтуді қолға алыпты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Айдос Жақыповтың мәліметінше, мал шаруашылығын дамытуға жыл сайын қомақты қаражат бөлінуде. Соңғы екі жылда жыл сайын шамамен 5 миллиард теңге қаржы үлестірілген. Биыл да бөлінетін қаражат артпаса, азаймайтыны күтілуде. Қаражаттың басым бөлігі асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолға алған шаруаларға субсидия ретінде берілмек. Зор қолдаудың нәтижесінде аймағымыздағы асылтұқымды төрт түліктің саны жыл сайын 2-3 мың басқа артып отыр.

Бағдарламаның базарлығы

«Сыбаға» бағдарламаның шарапатын сезініп отырғандардың бірі – екібастұздық шаруалар. Алдыңғы жылдары Қоянды ауылдық округіндегі «Гранат» шаруа қожалығы Ресейдің Хакасия Республикасындағы шаруашылықтардың бірінен 45 бас асыл тұқымды симментал сиырын сатып алды. Ірі қараны сатып алуға шамамен 20 миллион теңге қаржы жұмсалған. Әлкей Марғұлан атындағы ауыл шаруалары Ақмола облысынан ангус тұқымды ірі қара малды әкелген. Бұған дейін Екібастұз өңірінде аталған мал тұқымын өсірумен бірде-бір шаруашылық айналыспаған екен. Төртқұдық ауылдық округіндегі «Үш ата» шаруа қожалығы да 500 қой сатып алған.
Баянауыл ауданындағы «Қызыр Көкдомбақ» ЖШС-і Эстониядан 90 бас герефорд тұқымды сиыр әкеліпті.
- Асылдандыру бойынша ұйымдас-тырылатын семинарларға жиі қатысамын. Шетелден мал сатып алған әріптесте-ріммен кеңесіп, ірі қараны Эстониядан әкелуді жөн деп таптым. Ресейден сатып алған шаруашылықтар көп уақыт құжат реттеумен бас қатырады екен. Эстониядан әкелінген 1 сиырдың бағасы 700 мың теңгеге бағаланды. Субсидия уақытылы түсті. Бұған дейін жеке қаражатыма Тереңкөл ауданынан 30 бас қазақтың ақбас сиырын сатып алған едім. Енді мал санын арттыруды мықтап қолға алу керек. Жайылым жеткілікті. Қарағанды облысынан қосымша малдың жем азығы жеткізіледі. Келесі жылдан бастап, егістік алаңын реттеп, жоңышқа өсіруді жоспарлап отырмын, - дейді серіктестік директоры Дәулетқали Ахметбеков.

Бордақылау алаңы бос емес

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айдос Жақыповтың айтуынша, соңғы жылдары аймағымызда мал басын тұқымдық түрлендіру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл іске жыл сайын шамамен 55-60 мың сиыр тартылуда. 
- Мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін дамытудың негізгі алғышартының бірі – өндірістік бордақылау алаңдарын құру. Бүгінде облысымызда жалпы қуаты 12,5 мың бас малға шақталған 3 ірі бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта олардың санын арттыру бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, қазіргі уақытта жалпы сыйымдылығы 7,5 мың басты құрайтын 3 бордақылау алаңы салынып жатыр. Былтыр бордақылау орындарына 17,4 мың бас бұқашық тапсырылды. Ал 1347 тона ет және ет өнімдері Ресейге экспортталды, - дейді А.Жақыпов.

КЕРЕК ДЕРЕК:
• Қазір аймағымызда 80 мыңнан аса асыл тұқымды төрт түлік бар. Ал асылтұқымды ірі қара саны – 60 878.
•  Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 23 шаруа қожалығы шетелден 3787 асыл тұқымды сиыр әкелген. 
• Бүгінде облысымызда жалпы қуаты 12,5 мың бас малға шақталған 3 ірі бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.
• Былтыр бордақылау орындарына 17,4 мың бас бұқашық тапсырылды. 
• Өткен жылы 1347 тонна ет және ет өнімдері Ресейге экспортталды.

Қорыта айтсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде малды асылдандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын бөлінген қаражаттың мөлшерінен-ақ қолдаудың зор екенін аңғаруға болады. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып, оң көрсеткіштерге қол жеткізілетініне сенім мол.


Количество показов: 117

Возврат к списку