Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям! 27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!

5 жасында ши тоқып,  7 жасында жастық тігетін Мәриям Қадыр елімізге танымал дизайнер Ырза Тұрсынзаданың «Көрпе Fest» жобасында бақ сынауда. Ең жас қолөнер шебері өскенде талантты дизайнер болуды армандайды. Болашақ мамандығын 5 жасында-ақ таңдап қойған. 

Айдана Қуанышева

Мәриямның кішкентайынан тігін өнеріне жақын болуы бекер емес. Өйткені оның анасы - облысымызға танымал «ҚазӨнер» ұлттық бұйымдар дүкенінің иесі. Қызы анасына қарап, қолына ине-жіп ұстаған. 
DSC_2009.JPG
- Қызығушылығы жоқ балаларды ұнатпайтын іспен айналысуға мәжбүрлей алмайсыз. Тұңғышымның апасы, арғы әжелері шебер болған. Қызымның бойында кішкентайынан қолөнерге деген икемі барын байқадым. Қандай да бір істі қолға алса, сабырмен соңына дейін орындайды. 
Баламды облыс орталығындағы М.Катаев атындағы Оқушылар сарайындағы мектепалды дайындыққа берген едім. Сол жерде «Сырмақ» үйірмесі барын көрдім. Сабақ беретін апайымен таныстым. Ол кісі - қазақтың ұлттық өнерін өте жетік білетін адам. Әсіресе, алаша тоқу,  сырмақ сыру, киіз басу сынды құнды қазынамызды үйретумен айналысады. Оған қызымның тігін өнеріне ыңғайы барын айтып, үйірмеге қатыстыруды сұрадым. Ол кісі мектеп жасындағы балаларды ғана баулитынын айтып, қызымды жас ерекшелігіне байланысты қабылдай алмайтынын айтты. Оның үстіне қатысушылар 1,5 сағат отырады екен. 5 жастан енді асқан бала көп уақыт тапжылмай бір орында отыра алмайтынын жеткізді. Десе де, шеберден баламды бір ай оқытуын өтіндім. Егер икемі келмесе, қайта алып кететінімді айттым. Бір аптадан кейін әлгі кісі: «Қызыңның болашағы зор екен. Әр ісіне тиянақты әрі соңына дейін орындайды», деп мақтады. Сөйтіп үйірмеге қабылданған еді, - дейді Гүлназ Қадыр.

Анасының айтуынша,  қызы не нәрсені қолға алса, қызығушылықпен орындайды. Бірде ши тоқу бойынша жасаған дүниесін аяқтап қалғанда, орта тұсында кішкене қате кеткенін көріп, қайта бұзып, басынан бастаған. Бұған барлығының шыдамдылығы жете бермейді. 
Мәриямның «Сырмақ» үйірмесіне қатысып жүргеніне 2 жыл толған. Киізден әдемі картиналар жасайды. Киізді илеу арқылы да сәнді бұйымдар шығарады. Біз арқылы тоқуды да біледі. 

- 2 жыл ішінде балам ұстазы Дәуірбек Жақсылықтан көп нәрсені үйренді. Баламның талпынысы мен ынтасын байқаған шеберге айтар алғысым шексіз. Өз ісінің нағыз маманынан тәлім-тәрбие алып жүрген қызымның қабілетін шыңдау үшін былтыр күзде басталған «Көрпе Fest» жобасына қатыстырудамын. Балам әлеуметтік желі арқылы осы фестивальді көрген екен. Бұл жобаның шарты туралы сұрап, бақ сынағысы келді. Өзі қызыққан соң, қатысуына келісім бердім. Қазір 6-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында талабын шыңдауда. Қазір өзінің жас шамасына қарай, осы байқау аясында 50х50 көлемдегі екі жастықты тігуде. Оны жасаудың да тәсілі бар. Балам жастыққа салынатын ою-өрнекті  өзі таңдады, - дейді Г.Қадыр.

Жас қолөнер шеберімен тілдескенімізде, өскенде дизайнер болатынын айтты. 
- Менің ойымша, өмірдегі ең қажетті мамандық – дизайнер. Бұл туралы көп ойландым. Өйткені дизайнер болмаса, адамдар дұрыс киінуді білмейді. Өскенде қолдан ерекше дүниелерді жасағым келеді, - дейді Мәриям.
DSC_1848.JPG
Он саусағынан өнер тамған шебер, ұстаз Дәуірбек Жақсылық Мәриямның өзге балалардан ерекшелігі - төзімділігінде дейді. Берген тапсырманы мұқият орындайды. Баласының қабілетін байқай білген ата-анасына ризашылығын білдіреді. 
Бүгінде Мәриям - дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның 2-сынып оқушысы. Оқу үлгерімі жақсы. 
Ине сабақтап, кесте тігіп, кешегі өткен алтынқол әжелеріміздің жолын жалғап жүрген жас шебер Мәриямның болашағы жарқын болсын деп тілейміз!


Количество показов: 71

Возврат к списку