Талап өзгермей,талпыныс болмайды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

26.01.2021

Талап өзгермей,талпыныс болмайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «Қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі деңгейіне жеткізетін уақыт келді» деген еді. Енді соған сай әрекет етіп, қазақ тілін жаппай меңгеру үрдісін жолға қою қажет. Бұл – балабақшада басталып, мектепте қалыптасатын мәселе. Соңғы уақытта бұл тақырыпқа үкімет назар аударуда. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі, орта және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту ісіне басымдық беруді тапсырды.  Сонымен қатар, министр осы жылы тіл төңірегінде бірқатар маңызды шешім қабылданатынын да баса айтты.  Соның бірі – мектепте, балабақшада қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
- Орыс тілінде оқитын балалар бар. Олар қазақ тілін 11 жыл оқып шыққанымен, қазақ тілін меңгеру деңгейін көріп отырмыз. Сағат саны бойынша қарайтын болсақ, қазақ тілінде және орыс тілінде қазақ тілі пәнін оқыту сағаттары тең. Бірақ сапа бойынша сұрақтар бар. Оны жасыруға болмайды. Сондықтан тиісті жұмысты атқармасақ болмайды. Жалпы Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту – бәріміздің парызымыз. Ол, сөзсіз, түсінікті мәселе деп ойлаймын. Елбасының Мемлекеттік тілді дамыту саясатына сәйкес, білім саласында біраз жақсы өзгерістерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Мемлекеттік тілді білім беру саласында дамыту бойынша бізге тапсырма берген болатын. Әрине, білім саласында тиісті өзгерістер болмаса, қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыру қиынға айналады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Орыс сыныптарына қазақ тілін оқыту мәселесінің оңбай тұрғанын мұғалімдер де мойындайды. Ал бұлай дәрменсіздік танытып, шарасыз күйге түсу мұғалімнің оқушыдан «жеңілгенін» білдірмей ме? Сондықтан, ұстаздар қолдарындағы бар құзыретті пайдаланып, оқушыларды тіл үйренуге баулуы керек. Ол үшін орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытудың жаңаша әдістемесін құрастырып, тиімді де ыңғайлы жүйе қалыптастыру - бүгінгі күннің басты талабы. Бұл әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына да байланысты. Яғни, тіл үйретудің барлық мүмкіндігін пайдалана отырып, оқушылардың мектеп қабырғасынан тым болмағанда ауызекі сөйлеп шығуына күш салу қажет. Мұғалімге жүктелетін басты міндет те, көрсеткіш те осы болуы керек. 
Павлодар қаласындағы №40 орта мектептің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қожакелді Аманкелдіұлының сөзінше, бастауыш сыныптарының пәнді оқу белсенділігі, қазақ тілін үйренуге деген құлшыныстары жоғары. Бар мәселе үлкен сынып оқушыларында екенін айтады.
Жоғарғы сыныптарда қазақ тілін үйрену, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқуға деген қызығушылық төмен. Мұны мойындау керек. Ал бастауыш сыныптардың талпынысы жақсы. Тіпті, өзге ұлт өкілдерінің балаларының өзі қазақтың төл дыбыстарын анық айта алады. Енді, оқушылардың осы қарқынын жоғалтпай, ары қарай дамыта беру керек. Бұл ретте тиімді бағдарлама және сапалы да қызықты оқулық керек. Яғни, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқулығы мен әдістемесі жетілдіруді талап етіп тұр. Себебі, біздің қазіргі қолданыстағы бағдарлама тым тартымсыз, кітаптары да жүйелі құрастырылмаған. Бұрын тіл біліміне көңіл бөлінетін. Қазір оған қызығушылық төмендеді. Негізінен, жазылым, оқылым, тыңдалым, айтылым дағдыларына қарай бағытталып жазылған. Тапсырмалары да қызықсыз. Көлемді, күрделі шығармалардан үзінді беріледі. Мұны қазақ тілімен енді танысып жатқан балалар қалай оқып, қалай түсінеді? Бізге керегі – қысқа да нұсқа әрі жеңіл оқылатын әңгімелер. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқулығының тағы бір кемшін тұсы – 
негізінен оңтүстік өңірлердегі қазақы ортаға бағытталып жазылған. Біздің балалар мен ол жақтың балаларын салыстыруға болмайды. Осы назарға алынса. Сонымен қатар, мұғалімдерде де кемшілік бар. Берілген сағатымды өтесем болды деп селқос қарайтын мамандар жоқ емес, бар. Сабақ кезінде әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданып, жан-жақты әрекет етсе, алмайтын қамал болмайды. Мысалы, қысқаметражды фильмдер көрсету, қызықты әңгімелерді оқытып, сөздіктер жаттату, әр баламен диалог орнату және қазақ театрларына апарып, қойылымдар көрсету. Осы сынды жұмыстарды ұйымдастыру қажет, - дейді Қожагелді Амангелдіұлы.
Қазіргі күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Дәуенов қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумын ұйымдастырып, орыс мектептеріне сабақ беретін мамандардың азаматтық позициясын қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізген абзал деп санайды. Себебі, бұған осы пәннен сабақ беретін мұғалімдер де тікелей жауапты. Егер, олар қолдарындағы құзыретті тиімді пайдаланып, оқушыдан тиісті деңгейде талап етсе және соны орындата білсе, мұндай мәселе туындамас па еді?! Екіншіден, мектеп оқушыларының мемлекеттік тілді меңгеруіне бір пәннің жетекшісі ғана емес, бүкіл педагогикалық ұжым жауапты болуы тиіс. Мысалы, сол мектептің әкімшілігі, психологы және басқа пән мұғалімдері қандай үлес қосуда? Қандай педагогикалық кеңесте қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту сапасы қарастырылды? Белгіленген көрсеткішке жеткізе алмаған мұғалімнен сұрау болды ма? Міне, осы секілді сұрақтарға ешбір мектептің басшылығы жауап бере алмайтын сыңайлы.
- Мұғалімдердің қолында білім беру стандартына негізделген барлық механизмдер бар. Олар оны орындауға міндетті. Міне, сол механизмдерді іске қосу арқылы баладан талап ете алады. Сабақты түсіндірудің барлық тиімді әдіс-тәсілін пайдалану арқылы нәтижеге жетуге тырысу керек. Мектепте оқушының емес, мұғалімнің қалауы орындалуы тиіс. Бұл жерде маманның білімі мен біліктілігі ғана ешнәрсе шешпейді. Сонымен қатар, өз ісіне деген жанашырлығы мен «қалай да орындатамын» деген азаматтық позициясы болуы керек. Оқушының үйренуге құлқы жоқ дегенді мойындаған мұғалім өзінің біліксіздігін мойындап тұр деген сөз, - дейді Ернұр Нұрланұлы.
Айман ЗЕЙНУЛЛИНА, 
филология ғылымдарының докторы, Торайғыров университетінің «Үш тұғырлы тіл» кафедрасының меңгерушісі:
- Орта мектеп қабырғасындағы ең өзекті мәселелердің бірі – осы. Бұл өзге ұлт өкілдеріне ғана емес, орыс тілді қазақ балаларына да қатысты деп ойлаймын. Ендеше, осыған кері әсер етіп тұрған бірнеше факторды атайын. Бірінші, ата-анасы баласына қазақ тілінің қоғамдағы қажеттілігін түсіндірсін. Бұрын орыс тілін үйренбесеңдер, нан тауып жей алмайсыңдар дейтін. Бізге қазір де осындай идеология керек. Екінші орында мұғалімнің білімі мен біліктілігі тұр. Қазақ тілін ағылшын немесе неміс тілдері секілді оқытуға болмайды.  Мұғалімдер екі бағытта жұмыс істеуі керек. Бірінші еркін сөйлеуге тәрбиелеу, екінші грамматиканы меңгерту. Міне, осы екі бағыт біртұтас болса, жұмыс нәтижелі болмақ. Сонымен қатар, мұғалім талапшыл болуы қажет. 

Сөз соңында айтарымыз, талап болмаса, талпыныс болмайды. Мемлекеттік тілді жас ұрпақ мектепте жаппай меңгеруі үшін сапаға мән беретін мезгіл жетті. Бұл ретте педагогика саласында бірізді бағдарламалар мен жаңашылдықтар іске қосылады деп үміттенеміз.

Тілеуберді САХАБА


Сурет газет мұрағатынан алынды.


Количество показов: 75

Возврат к списку