Талай үздіктерді түлеткен

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен

Биыл облыс орталығындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 50 жылдығын қарсы алуда. Осынау жылдары республикалық жарыстар былай тұрсын, көптеген халықаралық турнирдің жеңімпаздарын тәрбиелеп шығарған ұжымның аймақтың спорт саласына қосқан үлесі зор.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Тарихқа көз жүгіртсек, спорт мектебінің алғашқы директоры болып Владислав Юрченко тағайындалған. Сол уақытта ниет білдіруші шәкірттер спорттың 11 түрінен (велоспорт, оқ ату спорты, еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, шахмат, коньки спорты, шаңғы спорты, хоккей, семсерлесу және бокс) қабылдана бастаған.

Спорт мектебінің жетістіктерін екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы – 1971-1991 жылдар аралығындағы, екіншісі – Тәуелсіздік жылдарындағы көрсеткіштер. Алғашқы кезеңде спорт мектебінен 10 КСРО-ның спорт шебері түлеп ұшқан. Бірқатар спортшы КСРО құрамы сапында өнер көрсеткенін атап өткен жөн. Олардың қатарында Татьяна Малышева, Валерий Самокиш, Хайдар Карпиков, Елена Петрова, Павел Королев, Дарья Рудовская, Сергей Ичинский, Людмила Ревикатова сияқты танымал спортшылар бар. 

Олимпиадалық ойындарда, қала берді халықаралық жарыстарда жарқын жетістікке жеткен спортшылардың көшін Александр Шишигин (оқ ату спорты), Андрей Невзоров (шаңғы спорты), Евгений Егоров (шахмат) және Юля Бондарева (оқ ату спорты) бастап тұр.
Әрине, спортшыларды биікке жетелеген жаттықтырушылардың еңбегі зор. Бұл ретте, 1977 жылы В.Абрамов (еркін күрес) пен В.Ивановаға (оқ ату спорты) Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтыру-шысы атағы берілген.

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан кейін халықаралық аренаға жиі шыға бастады. Әр елде турнирлер де көп ұйымдастырылатын. Бұл – спорт мектебінің шәкірттеріне жігер сыйлап, жеңіске ұмтылуына оң әсерін тигізді. Сайыстарда жиі төбе көрсеткен спортшылар мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды.
1990 жылдардан бері қарай спорт мектебінің жаңа буыны қалыптасты. Көптеген спортшылар әлем біріншіліктерінде жүлдеге іліге бастады. Олардың қатарында Александр Скатов, Павел Приказчиков (екеуі де шорт-трек), Александр Шартнер (грек-рим күресі), Сергей Мыльников (велоспорт), Андрей Головко (шаңғы спорты), Асхат Нукин (шахмат) сияқты мықтылар бар.

2000 жылдың басында мектеп басшылығы «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» атағына жету мақсатын қойды.  Ол үшін жоғары нәтижелерге қол жеткізу керектігі түсінікті. Бұл ретте, жаттықтырушылар құрамы тынбай еңбек етіп, 2004 жылы алғашқы сең қозғалды. Велоспорт, оқ ату спорты және үстел теннисі бөлімдері еліміздің спорт министрлігі тарапынан жоғарыда аталған мәртебелі атақты иемденді. Бұған, әрине, В.Гладуш, А.Ильясов, Д.Абрамкин, К.Бонда-ренко, А.Мищук, Н.Лушников, Е.Попова, И.Поляков сияқты жаттық-тырушылардың еңбегі орасан. 

Олардың шәкірттері барлық деңгейдегі турнирлерде оза шапты. Мәселен, велоспорттан Юрий Юда екі дүркін Азия чемпионы (2001, 2003 жж.), Әлем кубогының күміс жүлдегері (2000 ж.), 2004 жылы Афины қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарының 11-орын иегері атанды. Тағы бір велоспорт өкілі Андрей Зейц 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында 8-орыннан көрінді.
2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін де жаңа буын қалыптасып үлгерді. Бұл ретте, мектепте жаңа спорт бөлімдері ашылды. Атап айтсақ, паралимпиадалық спорт түрлерінен үстел теннисі, пауэрлифтинг, таеквондо, футбол, жеңіл атлетика, суға жүзу, Олимпиадалық емес спорт түрлерінен шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері мектеп қарамағына өтті.

Соңғы жылдардағы жетістіктерге тоқталсақ, тоғызқұмалақшылар Аружан Әбдіханова, Диана Абай, Аяжан Егінбай, садақ атушылар Дарья Шабанова, Игорь Герасимов, шахматшылар Нұрсұлу Оразалина, Владислав Малыгин, Асанәлі Жанабаев, дойбыдан Аружан Ахмет, коньки спортының өкілдері Андрей Зуев, Арина Ильященко, шаңғы спортының үздіктері Мария Польдяева, Людмила Голенкова, фристайл-акробатшы Дарья Демченко, биатлоншы Никита Мильников, шайбалы хоккейден «Ертіс 2003» командасы, велоспортшы Егор Карасев, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы суға жүзуден Иван Щепов, оқ ату спортынан Никита Ханов, Руслан Загитов, пауэрлифтинг шеберлері Дмитрий Кабылдинов, Клим Островский, Диана Малыхина, Вадим Плахотников сияқты мықтылардың аяқ алысы қуантады.
2019 жылдың өзінде-ақ спорт мектебінде Халықаралық дәрежедегі 3 спорт шебері, 15 ҚР спорт шебері дайындалып, 151 адам спорт шеберлігіне үміткер атағын қорғады.

Бүгінде спорт мектебінде 80 жаттықтырушы тіркелген. Әрқайсысының спорттық дәрежелері бар. 27 спорт түрінен 2063 тәрбиеленуші шеберліктерін шыңдауда. Жыл сайын спорттық база жаңғыр-тылып, сәйкесінше жергілікті спортшылардың тынысы ашыла түскендей. Елу жылдық тарихы бар спорт мектебі жеңісті жолын жалғастыра беретініне сенім мол.

Количество показов: 79

Возврат к списку