«Тап мені» жүйесі тиімді бола ма?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алдымен экономика, содан кейін саясат»: қиындықтарды жеңу
03.08.2021

Қола - қалтада
03.08.2021

Өрт азайған
03.08.2021

QazVac жеткізілді
03.08.2021

Кезең-кезеңмен шешіледі
03.08.2021

Шарапаты мол
03.08.2021

Алғабастың жолы жөнделе ме?
03.08.2021

Сарыарқа самалы, 3 тамыз, сейсенбі
03.08.2021

Энергоблок жаңаруда
31.07.2021

«Тапсырам домбырамды Шолпаныма»
31.07.2021

Тағы да жапондықтар жайлы
31.07.2021

Жақсылыққа шақырады
31.07.2021

Күміспен күптелді
31.07.2021

«Қазақ поэзиясына құштармын»
31.07.2021

Ауызсу тарифі неге әртүрлі?
31.07.2021

Той-томалақ тыйылмай тұр
31.07.2021

Індет қайта өршіді
31.07.2021

Ертеңін ойлаған екпе алады
31.07.2021

Ұтымды ұқсату керек
31.07.2021

Ауылдың ажары артты
31.07.2021

Сарыарқа самалы, 31 шілде, сенбі
31.07.2021

Тартысқа толы Токио
29.07.2021

«Sary qyz»
29.07.2021

Жаяу Мұса
29.07.2021

Антиденені тексеру неге тиімсіз?
29.07.2021

Әдемі мектеп – әдепті оқушыға
29.07.2021

Вакциналаудың қарқыны төмен
29.07.2021

«Достықтың» мәселесі шешілуде
29.07.2021

Жұмыс күші жеткіліксіз
29.07.2021

Тәжірибе шаруаны ширатады
29.07.2021

Түгендесек, төбедегі келеді...
29.07.2021

Ауылдардың берекесін қалай арттырамыз?
29.07.2021

Сарыарқа самалы, 29 шілде, бейсенбі
29.07.2021

Қоржында – қос қола
27.07.2021

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН
27.07.2021

Ел үміті ақталса игі
27.07.2021

Белгісіз батыр
27.07.2021

Молдовадан табылды
27.07.2021

Әкім бол, халқыңа жақын бол
27.07.2021

«Сырлы аяқтың сыны кетпес»
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 27 шілде, сейсенбі
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 24 шілде, сенбі
24.07.2021

Сербтердің мысын басты
24.07.2021

Мерейі үстем Мыңбаевтар
24.07.2021

Циклахена - ғаламдық проблема
24.07.2021

Инновациялық панельден салынады
24.07.2021

Ауылда да маркет бар
24.07.2021

Білімді мыңды жығады
24.07.2021

Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
24.07.2021

Арнайы жоспар қажет
24.07.2021

Түркістанға әуе кемесі қатынайды
24.07.2021

Қордаланған мәселе көп
24.07.2021

Кешенді жұмыс – келешектің қамы
24.07.2021

Штаб құрылды
24.07.2021

Құрылыс қалдықтары көп
24.07.2021

Күнбағыс кәсіпорны ашылады
22.07.2021

«Қайта құрудың» зардабы аз болмады
22.07.2021

Стамбул сұлулығы
22.07.2021

Кескіндеме өнерінің көсемі...
22.07.2021

Абызбай атыңа сай ең...
22.07.2021

18.02.2021

«Тап мені» жүйесі тиімді бола ма?

Құқық қорғау саласына енгізіліп жатқан цифрландыру жүйесі бала іздеуде де қолданылмақ. ҚР Ішкі істер министрлігі жасөспірімдердің қайда жүргенін бақылайтын жаңа тәсіл енгізуді қолға алуда. «Тап мені» деп аталатын жүйе ұялы байланыс телефоны арқылы басқарылады.  Оның көмегімен балалардың әр басқан қадамын көруге болады. Жаңа жүйенің тиімділігі неде? Жоғалған балаларды іздеуге қаншалықты көмектеседі? Осы мәселені «Алаңның» талқысына салып көрдік.


Нұрділдә  ОРАЗ,  
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:
(пікір әлеуметтік парақшадан алынды)
- Биыл баланың қайда жүргенін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы жоба іске қосылады. «Тап мені» қауіпсіздік жүйесі арқылы жасөспірімдердің жоғалуына тосқауыл қоя аламыз. Мобильді қосымша құрылғыдағы Bluetooth-дың көмегімен жұмыс істейді. Бұл ретте баланың киіміне немесе сөмкесіне арнайы трекер орнатылатын болады. Ата-ана смартфон арқылы бақылайды. Заманауи жүйе жедел басқару орталығына қосылғанын атап өткен жөн. Егер баламен байланыс үзілсе, ата-аналар іздеу режиміне басатын болады. Баланы іздеу туралы дабыл автоматты түрде полицияға беріледі. Бұл арқылы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Тіпті, жасөспірімнің телефоны сөніп қалса да, әке-шешесі бұл туралы хабар ала алады. Сондықтан бұл жүйе ата-аналар үшін  тиімді болады деген ойдамыз. Баласын тікелей өзі үйде немесе жұмыста отырып бақылай алатындықтан, алаңдаушылық танытпайды. Ұл-қызын кез келген орында телефон арқылы қадағалай алатындықтан уақытты да үнемдейтіні сөзсіз. 

Асхат  ҚҰСДӘУЛЕТОВ, 
«Мейірімділер клубының» жетекшісі:
- Әлеуметтік желі арқылы бұл жоба жайында естіп, қуандым. Өйткені қазір жоғалған адамды табу оңай емес. Өткен жылы «Мейірімділер клубы» полицейлермен бірлесіп, 40-қа жуық адамды іздеп, табуға көмектесті. Қазір қоғам цифрландыру жүйесіне бейімделуде. Бұл – өте дұрыс. «Тап мені» қосымшасы арқылы баланы тек мектепке ғана емес, көшеде, дүкенге шыққанда, аулада ойнап жүрген кезінде де бақылауға болады. Бастысы, жасөспірімнің қайда жүргенін көруге мүмкіндік береді. Тек бұл бастама кешенді бақылауға айналмаса болғаны. Балалардың жеке ақпаратына қол сұғуға жол берілмеуі тиіс. Жалпы, бұл жүйені қарияларға, есте сақтау қабілеті бұзылған адамдарға да қолдануға болады деп ойлаймын. 
Цифрландыру жүйесі жоғалған адамдардың санын азайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Егер жоба іске асырылса, балаларымның қайда жүргенін білу үшін еш қарсылықсыз орнататын боламын.

Ләззат  БЕКТҰРСЫНҚЫЗЫ,
Ақсу қаласының тұрғыны, ата-ана:
- Құқық қорғау саласында мұндай тың әдістің қолға алынып жатқаны дұрыс. Қазір бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жоғалып кеткен балалар туралы түрлі жағдайларды естіп жүрміз. Десе де, бұл жүйе іс жүзінде енгізілген кезде барлық ата-анаға міндеттелмесе екен деймін. Өйткені смартфон арқылы бақыланатын болғандықтан, балаларға да арнайы құрылғы алу керек.                                                            Көпбалалы отбасылардың барлығында бағалы ұялы телефон бола бермейді. Әркім өз жағдайына, қалауына қарай аталмыш жүйені қолданса дұрыс болатын шығар.
Өз басым зейнетке шыққан адаммын. 2 немеремді күн сайын мектепке апарып, оқулары аяқталған уақытта үйге алып келемін. Үйде бос отырғандықтан, оларды қадағалай аламын. Демалыста әке-шешесі қарайды. Көзден таса қылмаймыз. Яғни, жаңа жүйеге тәуелді емеспіз. Жұмыстан қолы босамайтын ата-аналар үшін тиімді болатын шығар. Заманауи телефонның тілін түсінбейтін ата-әжелер де бар. Осы жағдай да ескерілсе екен.
«Алаңды» үйлестірген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 137

Возврат к списку