«Тапсырам домбырамды Шолпаныма»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

«Тапсырам домбырамды  Шолпаныма» 31.07.2021

«Тапсырам домбырамды Шолпаныма»

Есімі естен кетпес, халық аузында жатталып қалатын тума таланттар өмірде көп. Әр дәуірдің осындай жарқырап туған жұлдыздары қазақ өнерінің кең аспанын жайната түсетіні бар. Міне, сондай ұмытылмас тұлғалардың бірі әрі бірегейі - әнші-домбырашы, композитор Байғабыл Жылқыбаев.

4.jpeg

Ертіс-Баян өңірінің серісі, сегіз қырлы бір сырлы арқалы әншісі Байғабыл Жылқыбаев өмір мектебінде тәрбиеленіп, сахна төрінде шыңдалған, алаш аспанын әнмен өрнектеген аяулы да дарынды әнші еді. Қазақ сазгерлерінің жаңа шығарған әндері ертеде нотаға жазылмағандықтан ауыл-ауылға тек әнші өнерпаздар арқылы тарап отырғандықтан олардың үлгілері (варианттары) көп болған. Өкініштісі, соңғы кезде мұндай көп үлгілердің бірталайы сақталмай жойылып кетті. «Өнер тозбайды», - демекші, Байғабыл әншінің шығармашылығының бір құндылығы – ертеде өткен әнші-композиторлардың саф алтындай әндерінің қаймағын бұзбай, бояуын оңдырмай, мөлдір күйінде кейінгі ұрпаққа жеткізгендердің бір тамаша өкілі, ән көпірі. Мәселен, ерекше орындаған әндерінің бірі - Біржанның «Теміртасы» болса, «Телқоңыр» әнінің басқаша үлгісін бертінге дейін ешкім білмеген. Сондай–ақ, әншінің өзі ұстаз тұтқан Майра Уәлиқызынан үйренген алғашқы әні «Толқыманы» еш мәнісін бұзбай, қаз-қалпында жеткізуі арқылы бізге жетіп отыр. Байғабыл халық әндерімен қоса татар әндерін де шырқаған. Ақан сері, Біржан сал, Жарылғапберді, Естай, Шашубай, Ғазиз бен Майра әндерін шебер орындаған. Байғабыл Жылқыбаев 1896 жылы Ақсу қаласының Құркөл ауылында туған. Байғабыл – әкесі Жылқыбайдың отбасындағы сегіз баланың сүт кенжесі. Ес білгелі ән десе елеңдеп тұратын Байғабылға Майраның әнін тыңдау бір ғанибет еді. Ұстазы өз үйінен табылған жас әнші, Майраға еліктеп сырнай да тартып көреді. Бірақ, көбіне домбыраға қосылып ән айтқанды ұнатқан. Әншінің тұңғыш ел таныған әнші ретінде тұсаукесері Баянауылда өткен бір жәрмеңкеде болса керек. Мұнда Естай, Майра, Темірболат, Қараөткелден келген Қосымжан да ән салған. Табиғат берген талантының арқасында әртүрлі жұмыс атқарғанымен, 1936 жылдары Бесқарағай аудандық халық театрының ашылуына септігін тигізіп, режиссер болып тағайындалады. Шағын сахнада Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» сынды пьесаларын сахналаған. Осы қызметте жүріп, сұрапыл соғыс жылдары елдің еңсесін көтеру мақсатында көп жерде концерт қойды. Осы театр сахнасында ұлы Еренғайып екеуі ондаған рольдердің сахналық бейнесін сомдаған. «Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек» дегендей, әншінің тағы бір қыры – жауырыны жерге тимеген палуан болғаны. Жерлес қарт адамдардың айтуынша, Байғабыл Қоянды жәрмеңкесінде өнер көрсетуімен бірге атақты күш алыбы Қажымұқанның тобына қатысып, құрамында болған. Қазақстанның 30 жылдық тойында астанада болып, республикалық палуандар күресінен екінші орынға ие болғанын әншінің өзі айтқан екен. Композиторлығына келетін болсақ, әнші өз жанынан бірер ауыз ән шығарған. Ол өзінің асыл қасиетін жалғыз қызы Шолпанға өсиет етіп қалдырған. Ол туралы жазылған «Домбырам» әні бар. Әншінің шығарған басқа да әндерінің болғанын, бірақ еш жерде сақталмағанын Шолпан Байғабылқызы да айтқан болатын. «Орнында бар оңалар» демекші, әке шыққан өнер биігінен қызы Шолпан көріне білді. Отбасындағы алты ұлдың ортасындағы бір бәйшешек, әкенің қанымен келген өнерді өмірінің мәніне айналдырды. Шолпан Байғабылқызы әкесінің айтқан бір сөзін есіне алып:

6.jpeg

- «Асықпаңдар, менің қызым әлі менің атымды шығарады», - деп әкем мақтанып отырғанда, «Ойбай, қалай шығарамын?» -
деп таң-тамаша қалушы едім. Сөйтсем, әкем көрегендікпен айтып кеткен екен-ау, - деген болатын. Шолпан Байғабылқызы Мәскеудегі Щепкин атындағы жоғары театр училищесін бітіріп, Торғай, Қызылорда, Павлодар театрларында және Мұхтар Әуезов атындағы Мемлекеттік Академиялық драма театрында көп жыл актриса болып еңбек етті. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанды. Қазақ радиосында дикторлық қызметте де болды. «Шын жүйрік өрге шапса өршеленер» демекші, Шолпанға кез келген рольде ойнау қиындық тудырмайды. Театр сахнасынан алған мол тәжірибенің арқасында қазақ ертегілерін оқығанда тіптен түрлендіріп жібереді. Саф алтындай таза өнерді мөлдіретіп ұрпағына жеткізген арқалы әнші Байғабылдың өнер мұрагері, Шолпанына арнаған «Домбырам» әнінің сөзін ұсынамыз:

 

«Домбырам»

 

Байғабыл домбырасын қолына алсын,

Азырақ қоңырлатып әнге салсын.

Талантты жастар болса айтып жүрер,

Үлгі боп кейінгіге артта қалсын.

 

Домбырам - көңіл ашар ән менен күй,

Табылар өнерліге құрмет пен сый.

Әрқашан өнерліге орын дайын,

Қиянат, бұзықтықтан бойыңды жи.

 

Домбырам, еріккенде қолға алатын,

Жұмсайтын керек етсем қолқанатым.

Бір күні мен кетермін, сен қаларсың,

Күн болар хош айтысып, айрылатын.

 

Дауа жоқ кәрілік пен ақ өлімге,

Қаратпас кезі келсе кезегіне.

Тірлікте көрген қызық бәрі орынды,

Қызықсыз жинаған дүние керегі не?

 

Таусылмас айта берем қызықтарым,

Қызықтап жетпіс бес жыл                                              

                                               сені ұстадым.

Тапсырам домбырамды Шолпаныма,

Қадірлеп өзімдей ғып сол ұстасын – деп жырлаған әншінің бүктемелі домбырасы қазіргі таңда Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде сақталуда.

 

Маржан ШАЙХИМОВА, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері.


Количество показов: 348

Возврат к списку