Тартысқа толы Токио

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Тартысқа толы Токио 29.07.2021

Тартысқа толы Токио

Қазір Токио Олимпиадасының нағыз қызған шағы. Сәт сайын жүлдегерлердің есімі тарихқа еніп, жалпыкомандалық есеп жиі өзгеріске ұшырауда. Көш басында Қытай, Жапония және АҚШ. Қазақстандықтардың қоржынында әзірге 3 қола бар.

Алтынға пара-пар

 

Үшінші қолаға 55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған ауыр атлетші Зульфия Чиншанло қол жеткізді. Ол жұлқа көтеруде 90 келіні еңсерді. Серпе көтеруде 123 келіні бағындырды. Қос әдістің нәтижесінде 213 келіні көтеріп, 3-орынға тұрақтады. Бұл сында филиппиндік Хидилин Диас чемпион атанды (224 кг). Қытайлық атлет Ляо Цюн күміспен күптелді (223 кг). Филиппиндік спортшы өз еліне тарихи Олимпиада алтынын сыйлады. Бұл ел бұған дейін бірде-бір алтын алмаған. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында чемпион атанған Чиншанло допинг дауына байланысты алтынсыз қалғаны баршаға аян. Кейін Рио Олимпиадасына дайындалып жүріп, спорттан шеттетілгені бар. Осындай қиындықтарға қарамастан, сағы сынбай, араға 8 жыл салып Олимпиаданың жүлдегері атанып отыр. Бұл қола жүлде оған алтынмен пара-пар. Зульфия жарыстан кейін әсерімен бөлісті.

- 2016 жылғы жағдай өте қиын болды. Көңіл-күйім қатты түсіп кетті. Бәрін тастағым келген. Кейін ойландым. Ол кезде 23 жаста едім, өзіме «әлі жассың, соңына дейін шыда» дедім. Токиода қола медаль алғаныма ризамын. Себебі мен қартайдым, - деп әзілдеді спортшы. Қазақстандық тілшілердің дәстүрлі «жеңісіңізді кімге арнайсыз?» деген сауалына «бапкеріме, күйеуіме рақмет айтамын» деді.

 

Ұшты, ұшты Левит ұшты...

 

Күн санап қазақстандық боксшылардың қатары азайып келеді. Өкінішке қарай, 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшы Джонсон Делантеге есе жіберді. Тартысты кездесуде төрешілер 1:4 есебімен жеңісті АҚШ құрамасының өкіліне берді. Осылайша, «қазақ салмағы» саналатын 69 келіде бұл жолы жүлдесіз қалдық. Естеріңізге салсақ, Сиднейде Ермахан Ыбырайымов 71 келіде чемпион атанды. Кейін бұл салмақ 69 келіге ауыстырылып, Афины Олимпиадасында Бақтияр Артаев, Бейжің Олимпиадасында Бақыт Сәрсекбаев, Лондон Олимпиадасында Серік Сәпиев, Рио ойындарында Данияр Елеусінов дәл осы салмақта топ жарған болатын. 91 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Василий Левит алғашқы кездесуінде нокаутқа түсіп, отандық жанкүйерлерді жерге қаратты. Жарысты екінші айналымнан бастаған Левит испаниялық Эммануэль Рейеспен кездесті. Жекпе-жектің бірінші раунды 3:2 есебімен испаниялық боксшының пайдасына шешілсе, екінші раундта қарсыластың ауыр соққысын өткізіп алған Левит нокаутқа түсті. Осылайша, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері жарыс жолынан шығып қалды. Төрт жылғы төккен тердің «нәтижесі» осы болды. Левит Токиоға фаворит болып келген. Бүкіл халықаралық сарапшылар, соның ішінде спорт статистикасын жүргізетін америкалық Gracenote компаниясы Левитті Токиода алтын алады деп болжаған. Не болғанын бапкерлер һәм Левиттің өзі анықтай жатар. Бірақ Токиоға алтын үшін келген боксшының карьерасыныңөз мансабын нокаутпен аяқтағаны өкінішті. 33 жастағы боксшы Парижге бара ма? Қиын, жас өз дегенін алады екен. Левит қана емес, соңғы кезде ала-құла болып жүрген қазақ боксы да нокаут алды... Кеше жерлесіміз Серік Теміржанов та екінші кездесуінде сүрінді. Ол америкалық Дюк Рэганан ұтылды. Бес төрешінің барлығы да АҚШ спортшысы басым түсті деп шешім шығарды. 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевқа жол берді. «Алтын алады-ау» деп сенім артылғандардың бірі осы Бекзад еді. Өкінішті-ақ...

 

Жас чемпиондар

 

Олимпиада тарихында алғаш рет скейтбординтен жарыс өткізілді. Сайыс нәтижесінде 13 жастағы Нишия Момиджи әлемнің ең жас Олимпиада чемпионы атанды. Алтын медаль иегері Нишия Момиджи Олимпиада тарихында 15, 26 нәтижесімен өз атын қалдырды. Оның соңғы үш жүгірісі (4.15, 4.66 және 3.43) жеңіс тұғырынан бірінші орын алу үшін жеткілікті болды. Екінші орынға бразилиялық Райсса Леал жайғасты. Оның да жасы 13-те. Сондай-ақ 16 жастағы Накаяму Фуну үздік үштікке енді. Таэквондодан 68 келіде 19 жастағы Өзбекстан спортшысы Улугбек Рашидов Олимпиада чемпионы атанды. Ол Токио олимпиадасына дейін көбіне жасөспірімдер арасындағы жарыстарда жүлде алған еді. Рашидов Токио татамиінде олимпиада фавориті оңтүстік кореялық Ли Дэ Хунды (2012 жылғы олимпиаданың күміс, 2016 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері), 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мирхашем Хоссеиниді (Иран) жеңді. Ал финалда 2019 жылғы әлем чемпионы Брэдли Синденмен кездесіп, 26:28 есебімен жеңіліп жатқан. Жекпе-жектің аяқталуына 8 секунд қалғанда ол екі рет соққы жасап, 32:28 есебімен жеңіп кетті. Осылайша 19 жастағы Ришадов Өзбекстанға Токио олимпиадасының алғашқы алтынын алып берді.

 

Ерте қуанба

 

Нидерландиялық велоспортшы Аннемик ван Флейтен топтық жарыста мәре сызығын кесіп өткенде Олимпиада чемпионы болдым деп қатты қуанған. Қуанышында шек жоқ еді. Бірақ шаттығы су сепкендей басылды. Ұйымдастырушылар оған алтын емес, күміс алғанын хабарлаған. Бір қызығы, ол жол ортада өзін басып озған австриялық қарсыласы Анна Кисенхоферді көрмей қалыпты. Айтпақшы, 30 жастағы Анна велоспортқа 2014 жылы ғана келген. Ол бұған дейін триатлонмен айналысып жүріп, жарақаттанып қалады. Триатлонда жүгіру қиын болғандықтан, Кизенхофер велоспортқа ауысқан. 2017 жылдан бері ол ешқандай кәсіби велокоманда құрамында болмаған еді. Әуесқой жарыстарға ғана қатысып жүрген. 2019 жылы Австрия чемпионы атанып, Олимпиадаға келді. Кизенхофер велоспортпен айналыса жүріп, математикадан PhD ғылыми дәрежесін де қорғап алған. Ол Венадағы техникалық университеттің бакалаврын, Лондондағы Кембридж университетінің магистратурасын, Калатонияда докторантураны тәмамдаған. Қазір Кизенхофер Швейцарияның Лозанна университетінде ғылыммен айналысады және сабақ береді. Ауыр атлетикадан колумбиялық Лозана Маскуера 67 келіде серпе көтеруде 180 келіні көтеріп, алтын алдым деп сенімді болған. Бірақ қытай атлеті Лижин Чен 175 келіні, одан соң 187 келіні еңсеріп, чемпион боп кетті. Колумбиялық атлет қытай Чен бірден 12 келі артық салмақты көтере алмайды деп ойласа керек...

 

Қапырық ауа райы әбігерге салуда

 

Токиода қазір күн ыстық әрі қапырық болып тұр. Ыстық ауа райы спортшыларға, әсіресе ашық кортта ойнайтын теннисшілерге қиындық туғызып жатыр. Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Ярослава Шведова ыстық ауа райынан кейін матчтарын аяқтай алмай, жарыстан бас тартты. Шведова матч кезінде ыстықтан қиналып, ойын ортасында тыныс алуы қиындап отыра кетті. Қарсыласы Айла Томлянович (Австралия) оған орамалға оралған мұз апарып беріп, көмек көрсетті. «Матч жақсы басталған, бірақ бірінші сеттің соңында ыстыққа шыдамадым. Ауа райы қатты әсер етті. Бірнеше гейм ойнауға тырысып едім, жағдайым нашарлай берді. Аяғым ұйып қалды, демалу қиындады. Әрі қарай ойнай алмайтынымды түсіндім», деді Шведова матчтан кейін Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне. Теннисшілер матч кезінде орамалға оралған мұзды мойынға, басқа қойып, салқындауға мәжбүр. Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович (Сербия) та кортта ойнау «өте қиын болғанын» айтып, теннис ойындарын кешкі бестен кейін бастауды сұраған. Бірақ жарыс ұйымдастырушылары жарыс кестесін өзгерте алмайтынын айтып, бұл ұсынысты қолдамады.

 

Сыйақы қанша?

 

Елімізде Олимпиадада жеңіске жеткен спортшылар мен олардың бапкерлеріне арналған сыйақы беру туралы ережелер қабылданғаны белгілі. Аталған құжат бойынша бірінші орын алған спортшы мен бапкерге 250 мың доллардан сыйақы беріледі. Бапкерге тағайындалған сыйақының 10 пайызы спортшыны ең бірінші жаттықтырған бапкерге, 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге, қалған 10 пайызы осы спорт түрінің бас бапкеріне беріледі. Дәл осындай ережемен екінші орынға – 150 мың доллар, үшінші орынға 75 мың доллар сыйақы тағайындалады. Бұрынғы КСРО елдерінің арасында Қазақстан сыйақы мөлшері жағынан тек Грузиядан қалып тұр. Олимпиада алтынын алған грузин спортшылары 322 мың доллар шамасында сыйақы алады. Әзербайжан елі де спортшыларының жетістігі үшін қомақты қаржы бөлген. Қазақстан секілді Әзербайжан үкіметі Олимпиада чемпионына 248 мың доллар шамасында сыйақы тағайындаған. Өзбек спортшылары алтын алса қалтасын 200 мың долларға қалыңдатады. Алғашқы бестікті түйіндеп тұрған Молдова елінде Олимпиада чемпиондарына 166 мың доллар ақша береді екен. ТМД елдері мен КСРО құрамында болған елдер арасында Олимпиада чемпиондарына ең көп сыйақы беретіндер: Грузия – $322 мың; Қазақстан – $250 мың; Әзербайжан – $248 мың; Өзбекстан – $200 мың; Молдова – $166 мың; Литва – $136 мың; Беларусь – $129 мың; Украина – $125 мың; Қырғызстан – $119 мың; Ресей – $54 мың; Биыл Сингапур елі Олимпиада чемпионына берілетін сыйақы мөлшері жағынан әлемнің алдына шықты. Бұл елде алтын медаль иегерлері 1 миллион доллар сыйақы алады. Күміске 500 мың, ал қолаға 250 мың доллар беріледі. Сыйақы мөлшері жағынан екінші орында - Индонезия тұр. Олимпиада чемпионы қалтасына 745 мың долларды басады. Бірақ бір ескеретін жайт, аталған елдерде сыйақы бірден берілмейді. Бүкіл сома алдағы 10-20 жылда бөлініп төленеді екен. Еуропа елдері арасында 166 мың доллар сыйақы беретін Италия алда тұр. Венгрия 40 мың долларға кем тағайындаған. Африкада ең бай ел саналатын Оңтүстік Африка Республикасы Олимпиада чемпионы атанғандарға 40 мың доллар шамасында сыйақы белгілеген.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Дерек пен дәйек

• Токио олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылардың үлкені – 45 жастағы Наталья Сергеева (каноэ мен байдарка есу), ал ең жасы – көркем гимнастикадан сынға түсетін 19 жастағы Алина Әділханова. Н.Сергеева 2004, 2012 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан.

• Қазақстан 1996 жылдан бері жазғы Олимпиададан алтынсыз қайтпаған. Алтын бойынша ең төменгі нәтиже 2004 жылы Афины Олимпиадасында болған еді. Грекиядағы ойындарда Қазақстаннан тек боксшы Бақтияр Артаев чемпион атанған. Қазақстанның ең үздік нәтижесі Лондон Олимпиадасында болды – 7 алтын, 1 күміс, 5 қола.


Количество показов: 256

Возврат к списку