Тасқын суды тойтаруға дайын

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

13.02.2021

Тасқын суды тойтаруға дайын

Департамент басшысы Ернұр Өтегеновтің айтуынша, өңір су тасқыны кезеңіне тас-түйін дайын. Бұл ретте өткен жылы су өткізу құбырлары толығымен тазартылған. Мамандар көктемдегі тасыған суды кедергісіз ағызу үшін аталмыш су құбырларын жауып қойған. Мұндай жұмыс аудандық, облыстық және республикалық маңыздағы жолдарда жүргізілген. 
- Күн жылып, қар жылдам ери бастаған кезде жабылған су өткізу құбырларын ашамыз. «Қазгидрометтің» мәліметінше, қардың қалыңдығы өткен жылдан аз болады. Нормадан аспайды. Сонымен қатар, су басу қаупі бар елді мекендерде орнатылған бөгеттердің беріктігі де назарға алынған. Бірақ қар жылдам еріген кезде жердің ылғалды қабылдау жағдайы мен бөгеттердің қатуын алдын ала болжау мүмкін емес, - дейді Е.Өтегенов. 
Ернұр Сапарұлының айтуынша, биыл да қауіпті аймақта Баянауыл ауданы қалып отыр. 2019 жылы республикалық маңызы бар Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск автомобиль жолының 101-ші шақырымын еріген қар суы шайып кеткен болатын. Өткен жылдан бері аталмыш аумақта көпір орнатылуда. Бүгінде 101 және 105 шақырымдарда екі көпірдің құрылысы жүргізілуде. 105-ші шақырымдағы көпір келесі жылы аяқталады. 101-ші шақырымдағы жұмыс көктемде бітпек. Бұл көпірлер еріген қар суына қауқарлы болмақ. Бұдан бөлек, Ақтоғай ауданы да қауіпті аймақ тізіміне енеді. Мұнда Жалаулы, Шұға, Шолақсор ауылдары жылда су астында қалады.  
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бас маманы Асқар Бүркітбаев қазір су басу қаупі бар 972 үй бақылауға алынғанын жеткізді. Онда 3672 адам тұрады. Сонымен қатар, 
4 автомобиль жолы ерекше назарға алынған. Яғни, жоғарыда айтылған Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск бағытындағы жолдың 101 және 105 шақырымы және Баянауыл ауданына қарасты Көкдомбақ, Жаңатілек және Жаңажол ауылдары бақылауда тұр. 
- Ең бастысы, қар уақытылы шығарылуы керек. Бұл жұмыс жүйелі жүргізілгенде ғана су тасқынынан қауіп болмайды. Бүгінде облыста 432,006 мың текше метр қар шығарылды. Әкімдіктер жалпы саны 41 мың 536 құм толтырылған қап әзірледі. Инертті материалдардың көлемі 39 мың 248 тоннаны құрайды. Жанар-жағармай мөлшері 125,3 тоннаға тең. 
27 қаңтар-5 ақпан аралығында 15 елді мекенді араладық. Оның ішінде Баянауыл ауданында 8 ауыл, Ақтоғай ауданында 3 ауыл, Екібастұз қаласына қарасты 3 ауыл, Ақсу қаласы бойынша 1 ауыл қауіпті елді мекен қатарына жатады. Барлығын аралап, тексеріп шықтық, - дейді А.Бүркітбаев.
Маманның айтуынша, су тасқынының алдын алу мақсатында арнайы Жол картасы әзірленген. Оның аясында 2021-2023 жылдар аралығында 7 шара жүзеге асырылуы керек. Биыл 2 жоба қолға алынған. Оның бірі - Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск бағытындағы жолдың 101 және 105 шақырымында көпір орнату. Екіншісі - Ақтоғай ауданына қарасты Сілеті өзенінің арнасын тазартып, тереңдету қажет. Бұл бағытқа 7 млн. теңге бөлінген. Ауқымды жұмыс биыл тамыз айында аяқталмақ. Осылайша, мамандар су  тасқынын тойтаруға ерте қамдануда.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 69

Возврат к списку