Тең түсті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Тең түсті 09.09.2021

Тең түсті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының «соңғы минут синдромы» қарсыластарына жұққан сияқты. Кездесудің соңғы минуттарында қақпасына гол өткізіп ала беретін отандастарымыз соңғы сәтте өздері доп соға бастады. Өткенде кездесу аяқталар уақытта Украинаға гол салса, бұл жолы Босниямен болған ойында ақырғы сәтте есепті теңестіріп кетті.

Оралхан ҚОЖАНОВ

2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Зеница қаласындағы «Билино Поле» стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Ойынның 53-минутында Қазақстан құрамасы бұрыштама добын орындауға мүмкіндік алды. Асхат Тағыбергеннің асырған пасы Исламбек Қуаттың аяғына дөп түсті. Ал «Астана» футболшысы ашық қақпаны көздеуде еш қателеспеді. 74-минутта Миральем Пьянич пенальтиден гол соқты. 86-минутта дәл осы футболшы бұрыштамадан пас асырған еді, Лука Менало қақпаға баспен соққы жасап, командасын алға шығарды. Бірақ 95-минутта Бахтиер Зайнутдинов айып добын тамаша орындап, Қазақстан құрамасына бір ұпай сыйлады.

photo_166640.jpg

Матч аяқталған соң Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері матчқа қатысты өз ойын айтты. «Егер біз осылай дайындалып, жігіттерді ынталандыратын болсақ, ойында бәрі өз орнына келеді. Мен бұл туралы кеше де, бүгін де айттым. Біздің топтағы барлық қарсыластарымыз жоғары деңгейлі. Бірақ соған қарамастан, біз тең дәрежеде ойнай аламыз. Кейде олардан бір саты жоғары тұра аламыз», - деді Талғат Байсуфинов.

Сонымен қатар Босния және Герцеговина құрамасының бас бапкері Ивайло Петев 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Қазақстанмен болған тең ойынға (2:2) қатысты пікір білдірді. «Ойынның соңы нашар болды. Сондықтан біздің жігіттердің ойынына көңілім толмады. Бірінші таймды жақсы өткіздік. Бірақ гол соқпағанымыз өкінішті. Матчты жүз пайыз бақылауда ұстадық. Біз бірінші және екінші голды жіберіп алғанымыз маған ұнамады. Алайда бұл нәтижені өзгерте алмаймыз. Талдау жүргізіп, қателермен жұмыс жасап, әрі қарай алға жүруіміз керек. Матч 2:2 есебімен аяқталды. Егер біз өз қателігімізді түзететін болсақ, онда, әрине, алдағы ойындарда жеңіске жетеміз», - деді И.Петев.

Бес ойын өткізген Талғат Байсуфинов шәкірттері D тобында 3 ұпаймен соңғы орында қала берді. Ал Босния құрамасы бір саты жоғары тұр (3 ұпай).


Количество показов: 526

Возврат к списку