Теміржол кластері жандана бастады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрметті жерлестер! Аса қадірлі ардагерлер!
08.05.2021

Сарыарқа самалы, 8 мамыр, сенбі
08.05.2021

«Анажан, сізді сағындым»
08.05.2021

Ақ батаның қасиеті
08.05.2021

Әке ерлігі ұмытылмайды
08.05.2021

Батыр Қанаш ескерткіші алдында
08.05.2021

Әскер - Отан қорғаны
08.05.2021

Алғашқы сынақ
08.05.2021

Даңқты майдангер
08.05.2021

Түсіндіру жұмысын күшейту қажет
08.05.2021

«Еңбек» ұлттық жобаға айналмақ
08.05.2021

Жоңышқа – экспорттық жоба
08.05.2021

Сапалы тұқым - қолжетімді
08.05.2021

Ауылдың мұңы – ауызсу
08.05.2021

Ердің даңқы – елге мақтан
08.05.2021

Дербиде кім мықты?
06.05.2021

Қымыз баптайтын неміс қызы
06.05.2021

«Тәртіпке бағынайық!»
06.05.2021

Рухани жаңғыру өзегі
06.05.2021

Шыбын-шіркейге тосқауыл қандай?
06.05.2021

Елдік пен ерлік рухы
06.05.2021

«Сақалды» құрылыстан құтыламыз ба?
06.05.2021

МИБ: Қолыңды мезгілінен кеш сермеме!
06.05.2021

Бағаланбай қалған батырлар
06.05.2021

Тату елге бақ қонады
06.05.2021

Құрметті жерлестер! Құрметті Отан қорғаушылар!
06.05.2021

«Қара және ақ»
06.05.2021

Шындық пен өтірік
06.05.2021

Арманына асыққан Асығат
06.05.2021

Шекара шебін күзетіп...
06.05.2021

Әскерден хат
06.05.2021

Жүректілік - жігіттің қасиеті
06.05.2021

Біздің Нұртөре аға
06.05.2021

Вакциналау қарқын алды
06.05.2021

Сапалы жұмыс – мердігерге абырой
06.05.2021

Мереке күндері есігі ашық
06.05.2021

Ерлік – елге мұра...
06.05.2021

Сарыарқа самалы, 6 мамыр, бейсенбі
06.05.2021

Басшы ауысты
01.05.2021

Қадірлі жерлестер!
01.05.2021

Ұлы Абайды өз тілінде ұғынсам деймін...
01.05.2021

Тіліміз қазақша шықты
01.05.2021

Жақсылық жасау ұлтқа бөлінбейді
01.05.2021

Ерлік даңқы - мәңгілік
01.05.2021

Бір тағдыр. Бір мүдде
01.05.2021

«ASHYQ»: бизнеске жол ашып тұр
01.05.2021

Бес жылдан күтер белес көп
01.05.2021

Карантин күшейеді
01.05.2021

Кешендер саны артуда
01.05.2021

Арнайы трамвай жолға шықты
01.05.2021

Сарыарқа самалы, 1 мамыр, сенбі
01.05.2021

Төте сауал қойыңыз!
29.04.2021

Туған елдің сәлемі
29.04.2021

Ерболат ерледі
29.04.2021

Төл спортымыз төрге озды
29.04.2021

«Шәмшінің әндері жаныма жақын»
29.04.2021

Тәуелсіздік көшелері
29.04.2021

Ауылға бет бұрды
29.04.2021

Бизнеске нарықты талдап береміз
29.04.2021

Қоныс аударушыларға берілді
29.04.2021

Теміржол кластері жандана бастады 18.02.2021

Теміржол кластері жандана бастады

Соңғы жылдары тапсырыстар болмай, жұмысы тұралап қалған екібастұздық бірнеше кәсіпорын теміржолға қажет өнімдерді шығаруға қайта кірісті. Тіпті, кейбір компаниялар бұрын-соңды болмаған өнім түрлерінің өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұздағы теміржол кластерінің бірнеше өндіріс орнында болды. Алдымен аймақ басшысы 2,5 жылға жуық уақыт бойы тұралап тұрған «Қазақстан вагон жасау компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Бұған дейін кәсіпорынның ісінде іркілістер болып, ұжымды таратуға тура келген еді. Ал бүгінде «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамы 1000 ашық вагонға тапсырыс беріп, соның нәтижесінде жұмыс қайта жанданды. Вагон жасау компаниясы қызметкерлерді қайта жұмысқа тартып, жергілікті кәсіптік-техникалық оқу орындарында бағдарлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 
Бұл ретте кәсіпорын басшысы Дәурен Жүнісов түйіні тарқамаған мәселелердің әлі де бар екенін бүгіп қалмады. 
- Біз биыл ашық вагондардың қажетті көлемін шығаруға дайынбыз. Десе де, келесі жылы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен оның еншілес компанияларынан тапсырыстар болмауы мүмкін. Бұл өндіріске қайтадан кері әсерін тигізуі ықтимал. Сонымен қатар, салық пен несие бойынша қарызымыз бар. Тығырықтан шығу үшін салықты бөліп төлеу мүмкіндігі берілсе жақсы болатын еді. Қазіргі уақытта кәсіпорынға инвестиция салуға дайын инвестор да, даму жоспары да бар, - деді Д.Жүнісов. 
Әбілқайыр Сқақов вагон жасау компаниясына қолдау көрсетуге уәде беріп, өндірісте қазақстандық құрамды арттыруға назар аудару керектігін айтты. Өз кезегінде Екібастұз қаласының әкімдігі жергілікті кәсіпорындар мен облыстағы, елдегі тапсырыс берушілер арасында байланыстың дамуына ықпал етуі тиіс. 
Бұл ретте «Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өнімді жеткізуге қатысты жұмыс оң жолға қойылған. Соңғы 1,5 жылдан астам уақыт аралығында  мұнда 215 мыңға жуық дөңгелек шығарылып, отандық және шетелдік компанияларға жөнелтілді. Ал өнім дайындауға қажет шикізаттарды Ресей мен Украинадан сатып алады. 
Теміржол осьтері мен дөңгелек жұптарын өндіретін «RWS Wheelset» ЖШС де өз жұмысын жалғастырып жатыр. Биыл кәсіпорын Петропавлдағы «ЗИКСТО» АҚ үшін 10 мың дөңгелек жұбы мен «Қазақстан вагон жасау компаниясына» 4 мың дөңгелек дайындап береді. 
Бағыттамалы бұрмаларға арналған керілген білек шығаратын «RWS Concrete» ЖШС-нің жұмысы былтыр тұралап қалған-ды. Есесіне осы жылы «Қазақстан теміржолы» АҚ-нан тапсырыс алып, өндіріс қайта іске қосылды.
өңір 02.jpg
Сонымен қатар, осы көктемде компания шпал шығара бастауға ниетті. Ол үшін кәсіпорында Италиядан алынған жаңа автоматтандырылған желі жұмыс істейтін болады. 
Ал «Ферро Транс Трейд» ЖШС осы жылдың екінші жартысында серпімді клемма шығаруды жоспарлап отыр. Теміржол рельстерін бекітуге қажет бұл бөлшек елімізде әзірше шығарылмайды. Жаңа өндірісте 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. 
Ә.Сқақов жұмыс сапары барысында кеншілер шаһарындағы басқа да кәсіпорындарға арнайы барды. «Екібастұз электр машиналары зауыты» ЖШС басшылығы отандық ірі компания-лармен ынтымақтастық барысындағы келісімшарттарды төлеу проблемасы туралы айтты. Жабдықты баптаумен айналысатын кәсіпорын жөнделген тауардың жөнелтілгеніне 45 күн өткен соң ғана ақы алады. Әбілқайыр Бақтыбайұлы бұл мәселені зерделеуді тапсырды.
- Мұндай зауыттар машина жасайтын кәсіпорындар үшін қосалқы бөлшектерді өндіруге қатыса алады. Мәселен, «Қазақстан вагон жасау компаниясын» өніммен қамтуға қауқарлы. Сондықтан екі тарап арасында тапсырыс беруші өзінің техникалық талаптарын қойып, қажетті бөлшекке тапсырыс бере алатындай өзара іс-қимыл орнату керек, - деді Ә.Сқақов.
«Транс-Бетон 12» кәсіпорнында бір ауысымда 700 тоннаға дейін бетон, еден плиталары мен фундаменттік блок шығарылады. Бүгінде құрылыс материалдары қоймада сақтаулы. Өндіріс орнының өнімдерінің барлығы дерлік өз өңірімізде пайдаланылады. 
«Лейла» шаруа қожалығының диірмен кешенінде пісірілетін нан-тоқаш та жергі-лікті сауда орындарына жеткізіледі. 
Әбілқайыр Сқақов жұмыс сапары аясында әлеуметтік нысандарды да аралады. Аймақ басшысы №13 балабақшадағы жөндеу жұмыстарының сапасын тексеріп, облыстық тұрақтандыру қорынан азық-түлік сатып алатын әлеуметтік дүкендердің бірінде болды. Бұл дүкеннің жеке наубайханасы бар, соның есебінен нанды төмен бағаға сатуға мүмкіндік болып отыр.      

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Количество показов: 141

Возврат к списку