Тісіңізді тегін емдетіңіз!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!

Ай сайын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жалақының 1 пайызын аударғандар денсаулығын сақтандырған болып есептеледі. Жұмыс ісемейтіндер қорға өздігінен жарна аударады. Қаржы аудармай-ақ, медициналық көмекті тегін алатын санаттар бар. Өкінішке қарай, көпшілік МӘМС аясында ақысыз негізде ұсынылатын қызмет түрлерін толық білмейді. Соның бірі – қалтаға салмақ салатын тіс емдеу шарасы. 
- Нұрлан Қаукенұлы, МӘМС жүйесі арқылы тегін стомато-логиялық көмек кімдерге көрсетіледі?
- Алдымен қызмет көрсету түрін нақтылап алу керек. Мәселен, жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа толмаған балаларға және жүкті әйелдерге көрсетіледі. Олар мәртебесіне қарамастан бұл көмекті тегін алады. Ал шұғыл стоматологиялық көмек осы екі санатпен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 1,2 және 3-топтағы мүгедектерге, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, атаулы әлеуметтік көмекті алушылар, зейнеткерлер, әлеуметтік мәні бар сырқатқа шалдыққандарға, мүгедек баланың күтімімен айналысатындарға, жұмыс істемейтін адамдарға көрсетіледі. Ал ортодонт қызметін жақ сүйек-бет аймағында туа біткен патологиясы бар 18 жасқа толмаған балалар ала алады. 
- Жоғарыдағы санатқа аз қамтылған отбасылар кірмей ме?
- МӘМС аясында әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға, яғни атаулы әлеуметтік көмекті алатындардың ұл-қызына тегін көмек қарастырылған. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар түрлі жақ сүйек-бет аймағының ауытқулары кезінде ортодонт көмегіне тегін жүгіне алады. 
- Шұғыл стоматологиялық көмекке нені жатқызамыз?
- Тіс жұлу, ескі пломбаны алып тастау, пломбалау, стоматитті емдеу тәсілдері жатады. Сонымен қатар, науқастар стоматолог-терапевт, стоматолог-хирург, ортодонт, жақ рентгені сынды қызметтерді алады. Шұғыл тіс емдеу көмегін мемлекеттік емханадағы стоматология мен жекеменшік стоматология да көрсетеді. 
- Бұрын жұмыс істемегені үшін сақтандыру қорына ақша аудармай келген әйел жүкті кезінде тісін тегін емдете ала ма?
- Иә, жүкті әйел бұған дейін сақтандырылмағанына қарамастан автоматты түрде сақтандырылған болып саналады. Бастысы, тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға есепке тұрса болғаны. Оған жоспарлы және шұғыл тіс емдеу көмегі тегін көрсетіледі. 
- Сақтандыру қорымен шартқа отырған тіс емханасының тізімін қайдан көруге болады?
- Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында тегін көмек көрсететін стоматологиялардың тізімі fms.kz сайтында орналасқан. Ақысыз тіс емдей алатындардың санатына жататындар осы сайтқа кіріп, қажетті стоматологияны таңдай алады. 2021 жылы 39 тіс емханасымен шарт жасалды. Оның 18-і-жекеменшік стоматология. 
- Шұғыл стоматологиялық көмекті алу үшін дәрігердің жолдамасын алу қажет пе?
- Шұғыл және жоспарлы стома-тологиялық көмекті таңдау науқастың өз еркінде. Ол үшін дәрігердің жолдамасын алу қажет емес. Бала мен ата-ана  қалауы бойынша емханаға немесе стоматологиялық клиникаға жүгіне алады. Тек қордың сайтынан МӘМС жүйесімен келісімшартқа отырған тіс емдеу мекемелерін таңдау керек. Тізімде жоқ клиникалар ақысыз негізде қызмет көрсетпейді. 
- Тұрғындардың барлығы МӘМС аясында көрсетілетін тегін көмек тізімін толық біледі деп айта алмаймыз. Егер дәрігер тегін тіс емдеу қызметі жоқ десе, кімге хабарласу керек? 
- Біз жүйедегі барлық мүмкіндікті жариялап, айтып та келеміз. Бірақ халық дұрыс оқып, түсінбейді. Тегін көмекке сенбейтіндер де бар. Барлық ақпарат пен жеңілдіктер fms.kz сайтында жазылған.  Ал дәрігерлердің тегін қызметті жасыруға құқы жоқ. Егер ондай әрекетке жол берсе, әр адам 1406 байланыс телефонына хабарласып, шағымдана алады. Сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс істейтін Qoldau мобильді қосымшасы арқылы шағым түсіру керек. ҚосымшаPlay Market  және App Storeарқылы жүктеледі. 
- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан - 
Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 90

Возврат к списку