Токиоға кімдер барады?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

26.01.2021

Токиоға кімдер барады?

Естеріңізге салсақ, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24-шілде мен 9-тамыз аралығында Жапонияда өтуі тиіс еді. Алайда пандемияға байланысты 2021 жылға ауыстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы өтетін төртжылдықтың басты додасы бұрын-соңды болмаған инновациалық Олимпиада болмақ. Онда 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Токио Олимпиадасына жаңадан бес спорт түрі енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг. 206 мемлекеттен 11090 спортшы қатысады деп жоспарланған. 
Қазақстандықтардың енші-сінде әзірге 42 жолдама бар. Бұл  - карантинге дейін іріктеу жарыстарында иеленген лицензиялар. Іріктеу турнирлері биыл жалғасын табатын болады. Яғни, спортшылар қарбалас сәтте кез-келген олимпиадалық іріктеу сынағына қатысып үлгеруге тырысады. Айтпақшы, Қазақстан ұлттық құрамасы жеңіп алған лицензиялардың саны өзгеріске ұшырауы мүмкін. Себебі, ұйымдастырушылар ескек есу спортына берілетін жолдаманы қысқартып отыр. 
Жолдама алған спортшыларға тоқталсақ. Жеңіл атлетика: Георгий Шейко, Айман Ратова, Ольга Рыпакова; Жүзу: Дмитрий Баландин (екі жолдама: брасс әдісімен 100 және 200 метрге жүзу); Ашық суда жүзу: Виталий Худяков; Каратэ: Дархан Асаділов; Спорттық құзға өрмелеу: Ришат Хайбуллин; Әртістік жүзу: Александра мен Екатерина Немич; - Бокс: 9 лицензия (сегізі ерлер, біреуі әйелдер). Токиоға  баратын спортшылардың тізімінде Қамшыбек Қоңқабаев, Василий Левит, Бекзад Нұрдәулетов, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Зәкір Сафиуллин, Серік Теміржанов, Сәкен Бибосынов, Надежда Рябец бар. Сондай-ақ, ұлттық құраманың басқа боксшылары алдағы уақытта квотаны әлемдік іріктеуде жеңіп ала алады. Велоспорт: 7 лицензия. Олардың екеуін трекшілер - Артем Захаров пен Сергей Пономарев жеңіп алды. Пономарев спринтке де қатыса алады. Қалған төртеуі тас жолдағы велоспортқа тиесілі. Токиоға аттанатын велошабандоздардың есімдері кейінірек белгілі болады. Қазіргі бессайыс: Павел Ильяшенко, Елена Потапенко; Көркем гимнастика: Милад Карими; Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Денис Ганкин, Санжар Мұсаев (үшеуі командалық жолдамамен бірге барады); Стенд ату: Сәрсенкүл Рысбекова; Нысана көздеу: Юрий Юрков; Күрес: 8 лицензия. Еркін, грек-рим және әйелдер күресінің өкілдері бұл жолдамаларды Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында жеңіп алды. Биыл 9-11 сәуірде Алматыда азиялық іріктеу өтеді. Онда олимпиадалық лицензиялар ойнатылады. Қазақстанның қалған квоталарды алуға толық мүмкіндігі бар. Сондықтан финалға  дейін шығу өте маңызды. 
Ескек есу мен каноэде ескек есу спортының өкілдері биыл алғашқылардың бірі болып Олимпиадаға баруға тырысады. Наурызда олар Таиландта өтетін Азия іріктеуіне жолдамалар үшін сынға түседі. Бұдан бөлек, көптеген спорт түрлерінен Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатынын атап өткен жөн.

О.ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 74

Возврат к списку