Циклахена - ғаламдық проблема

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Циклахена - ғаламдық проблема 24.07.2021

Циклахена - ғаламдық проблема

Соңғы жылдары павлодарлық экологтар аймағымызда жаппай тарала бастаған циклахенаның зияндылығын дәлелдеп, дабыл қағумен келеді. Алайда өңірде әлі күнге дейін нақты күрес шаралары қабылданбаған. Улы өсімдік бар жерде ешқандай шөп өспейді, тіпті, оны құстар да, жәндіктер де жемейді. Егер циклахена құрғақ шөппен жанасса, төрт түлікке де уын шашып, мал арам қатуы мүмкін.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өсімдіктің «құжаты»

Мамандардың айтуынша, осыдан 10-15 жыл бұрын біздің өңірде циклахена мүлдем кездеспеген. Өсімдіктің отаны – Солтүстік Америка. Бұл өсімдік Павлодар аймағына импортталған көкөніс-жемістер арқылы «қоныс тебуі» мүмкін. Елімізде циклахена жайлы алғашқы ақпараттар А.Куприянов, А.Горбунов сияқты авторлардың кітаптарында кездеседі. Онда 1985 жылы Қарағанды қаласында өсімдіктің пайда болғаны туралы жазылған. Циклахенаның ерекшелігі – тұқымдық өнімділігі мол. Атап айтсақ, бір түп өсімдіктің өзі 140-300 мың тұқым береді екен. Десе де, тұқым 6-8 жыл ішінде ғана жетілетін көрінеді. Жайсыз ауа райы кезеңінде биіктігі 15 сантиметрге дейін, ал қалыпты жағдайда 3 метрге дейін өседі. Өсімдік тамыз айында гүлдейді.

Ұлттық паркке де қауіп төнді

«Берегиня–Био» қоғамдық қорының биологы Татьяна Пономареваның айтуынша, уақыт өткен сайын ауыл шаруашылығы, экология салаларына зор қауіп төнуде.

- Циклахенаның қауіпті екені аймағымызда 2008 жылдан бері айтылып келеді. Жыл сайын өсімдік тамыр жайып, Ертіс өзені алқабында, көлік жолдары бойында, тіпті қала көшелерінде таралуда. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен табылғанда жағамызды ұстадық. Торайғыр ауылында тұқым шашқан улы өсімдік ондағы әлемде сирек кездесетін қандыағаштың өсуіне зиян тигізуі әбден мүмкін. Бұл – үлкен проблема! – дейді Татьяна Пономарева.

Аллергия әлегі

Циклахенаның аллергиялық қоздырғыш «қасиеті» бар екенін дәрігерлер соңғы 2-3 жылда ғана көз жеткізіп отыр. Бұған дейін тамыз айындағы аллергиялық ахуалдың себебін жусанмен байланыстырып келгеніміз белгілі. Шын мәнінде, «кінәні» циклахенадан іздеу керек, дейді мамандар. Бүгінде аталған өсімдік «қара тізімге» енгізілгенімен, карантиндік сипатқа ие екені расталған жоқ. Сол себепті, фитосанитария саласындағы мамандар циклохенаны жоюға қаражаттың бөлінбегенін алға тартады. Бүгінде экологтарды алаңдатып отырған басты мәселе -
қауіпті өсімдікпен күресу үшін республика көлемінде заң-ережелер қабылданбауы. Айтпақшы, аймағымызда аллерголог мамандар тапшы. Негізі, әр 50 мың адамға 1 аллерголог қызмет көрсетуі керек болса, өңірімізде бар-жоғы 3 маман ғана тіркелген. Циклахенамен күресу үшін аллергологтардың қажет екені айтпаса да түсінікті.

Қалай күресеміз?

- Бір жылдық циклахенамен гүлдемей тұрып күресу қажет. Химиялық және механикалық әдістерді үйлестіргеннің өзінде түпкілікті жою үшін 6-8 жыл уақыт керек. Өсімдіктің гүлшоғыры, жапырағы, тұқымы айналасындағы өсімдіктерге қауіп төндіреді. Яғни, ол бар жерде ешқандай өсімдік өспейді. Циклахена егін алқабын шабуылдаса, өңірдің экономикасына үлкен шығын әкелетіні анық. Улы өсімдік өсіп тұрған жерде 71-99 пайыз үстемдік құрып, бар нәрді тартып алады. Тұқымының өнімділігі жоғары болғандықтан, айналаға тез таралады. Сондықтан да қазірден бастап күрес шараларын мықтап қолға алу керек, - дейді Т.Пономарева. Экологтар улы өсімдікпен күресудің кешенді жоспарын әзірлеп үлгерген. Онда химиялық, биологиялық, агротехнологиялық шаралар қамтылыпты. Десе де, жергілікті экология мен өсімдік шаруашылығына жауапты мемлекеттік органдар циклахенаның қауіпті екенін әлі түсіне қоймағаны алаңдатады. «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» дегеннің кебін кимеу үшін қазірден бастап жүйелі шараларды қолға алған абзал.

 


Количество показов: 285

Возврат к списку