Учаскелер дайын!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Токиоға кімдер барады?
26.01.2021

Өнерімен танымал
26.01.2021

Кемшіліктер бар
26.01.2021

Заманауи кешенге айналады
26.01.2021

Талап өзгермей,талпыныс болмайды
26.01.2021

Салық сомасы қайтарыла ма?
26.01.2021

«Еңбек» биыл межесіне жетеді
26.01.2021

Жеке куәлік - телефонда
26.01.2021

Шектеуді елемеген
26.01.2021

Өтініш қабылдау басталды
26.01.2021

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

08.01.2021

Учаскелер дайын!

Облыстағы сайлау учаскелерінің жұмысы өткен жылдың 20 желтоқ-санында басталды. Алдымен сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері арнайы курстардан өтіп, сайлауға қатысты білімін толықтырды. Сайлау туралы Заң бойынша жинаған білімі тест түрінде тексерілді. Кейін оларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар берілді. 
Павлодар қаласындағы №16 лицей-мектебінің базасында ашылған №8 сайлау учаскесінің барлық мүшесі де арнайы оқу курстарына қатысты. Комиссия төрағасы Татьяна Мигунованың айтуынша, қазіргі кезде жұмыс қызу. Комиссия өкілдері сайлаушылардың тізімін жасақтау, олардан келіп түскен өтініш-терді қарастыру, тұрғындарды сайлауға келуге шақыру сынды жұмыстармен айналысуда. Айта кетелік, №8 сайлау учаскесінде Торайғыров көшесі, 6 мекенжайында орналасқан және Айманов көшесіндегі үйлерде тіркелген дауыс берушілер өз таңдауын жасайды. 
- Эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық ережелердің барлығы қолға алынды. Сайлаушылар бір есіктен кірсе, екіншісінен шығады. Еріктілер әр дауыс берушіге сайлау учаскесіне кіреберісте бірреттік медициналық бетперде мен қолғап береді. Медициналық қызметкерлер тұрғындардың дене қызуын өлшейді. Сайлау комиссиясының өкілдері де жеке қорғаныс құралдарымен қамтылды. Әр екі сағат сайын өңдеу жұмыстарын жүргізуге қажет дезинфекциялық құралдар жеткізілді. Бұрындары дауыс беру кабиналары шымылдықпен жабылатын-ды. Биыл шектеу шараларына байланысты шымылдық болмайды. Санитарлық талаптарды сақтау мақсатында әр сайлаушының өз қаламымен келгені дұрыс, - дейді Т.Мигунова. 
Сондай-ақ, осы жылы бұрын-соңды қолданылмаған жаңа қызмет - дауыс берушілерді онлайн-сервис арқылы тексеру іске қосылады. Егер сайлау учаскесіне келген тұрғынның аты-жөні алдын ала жасақталған тізімде болмаса, сайлау комиссиясының төрағасы арнайы сервиске электронды-цифрлық қолтаңбаның көмегімен кіріп, дауыс беруге келген азаматтың мәліметтерін тексере алады. Сайлау процесінің белгіленген ережелері аясында өтуін бақылаушылар қадағалайды. Олардың әрқайсысына да жеке орындар бар. 
Бұл ретте учаскеге келген мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісті жағдайлар жасалады. Айталық, көзі нашар көретін адамдар үшін Брайль шрифті, партиялардың бағдарламасы туралы баяндалған аудиожазбалар ұсынылады. Ал сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтардың үйлеріне комиссия мүшелері барады. 
- Ол үшін дауыс беруші 10 қаңтар күнгі сағат 12.00-ге дейін сайлау учаскесіне хабарласып, үй жағдайында дауыс беруді қалайтынын хабарлауы керек. Кейін сайлау комиссиясының екі мүшесі бірреттік медициналық халаттарды киіп, аталған мекенжайға барады. Сайлаушыларға жету үшін көлік те қарастырылған. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты комиссия мүше-леріне дауыс берушілердің пәтеріне кіруге болмайды. Медициналық бетперде, қолғап және үш бюллетень салынған пакетті тұрғынға беріп, бюллетеньдерді толтыруын күтеді. Біздің учаскеде мүмкіндігі шектеулі 
12 адам бар. Бірақ әзірше олардан үй жағдайында дауыс беруге қатысты өтініш түскен жоқ, - дейді сайлау комиссиясының төрағасы. 
Қауіпті індеттің таралуының алдын алу үшін бақылаушылар мен сайлау комиссия мүшелерінің барлығы ПТР-тесті тегін түрде тапсыратынын атап өту керек. 5 қаңтарда сайлау учаскелері қызметкерлерінің барлы-ғынан коронавирустық инфекцияның бар-жоғын анықтайтын талдамалар алынды. 
Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Маржықбаевтың айтуынша, 10 қаңтар күні облыс орталығында 138 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың 
барлығы саяси науқанды өткізуге дайын. Дауыс берушілерді сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін күтеді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 73

Возврат к списку

Раздел не найден.