Вирусты тек вакцина жеңеді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Вирусты тек вакцина жеңеді 14.09.2021

Вирусты тек вакцина жеңеді

Адамдардың көпшілігі қазір екпені мәжбүрлі түрде салдырып жатыр деп түсінеді. Халықты толғандырған бұл мәселе вакцинаға деген сенімнің жоқтығынан бастау алғаны рас. Оның тиімділігіне толық көз жеткізбеген соң, ел ішінде екпе жайлы қауесет көп. Өткен жылдан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселеге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында да тоқталған болатын. Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі жалған ақпарат халықты адастырып, індетті ушықтырып отырғанын басып айтты.

- Біз уақыт ұттырмай індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Қазақстан – коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Біздің вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазір QazVac-қа өзге мемлекеттер сұраныс білдіруде. Елімізде вакцина қоры жеткілікті, азаматтарымызда таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр. Елімізде жаппай екпе салу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде. Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуі тиіс. Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент алдағы уақытта әлемде КВИ-дің жаңа штамдары шығуы мүмкін екенін айтты. Вакцина ғана дертке тоқтам бола алады.

Иә, аймағымызда да КВИ-ге қарсы екпе алғысы келетін адамдарға барлық жағдай жасалуда. Медициналық мекемелерде екпе егу кабинеттері, жылжымалы екпе егу кешендері, ірі сауда орындарында да арнайы бөлімшелер жұмыс істеуде. Тұрғындарға сенбі-жексенбі күндері де қызмет көрсетеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтің сөзінше, күз мезгілінде өңір тұрғындарының кем дегенде 60 пайызы екпе алып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруы керек. Өкінішке қарай, қыркүйек айы басталса да, көрсеткіш 30 пайызды ғана құрап отыр.

- Коронавирус басталған уақытта күн сайын 300-ден астам адам КВИ-мен ауырған емес. Өткен тамыз айында КВИ жұқтырушылардың саны жағынан рекордтық көрсеткішке жеттік. Оған дельта штамының пайда болуы себеп. Ауырып жатқандардың дені – вакцина алмағандар. Тіпті, бір науқас екпе алғаны жөнінде жалған құжат жасатып, індеттен қаза болғанын білесіздер. Өкінішке қарай, жан сақтау бөліміндегі төсек-орындардың жүктемесі артып отыр. Себебі қазіргі КВИ-дің белгілері өте ауыр. Адамның жағдайы нашарлап, бірден жансақтау бөліміне түсуде. Ал екпе алғандар індеттің жеңіл түрімен ауыруда. Осыдан-ақ, вакцинаның маңыздылығын түсінуге болады, - дейді А.Сейітқазинов.

Айдар Кенжетайұлы жыл соңына дейін өңірге америкалық Pfizer-BioNTech вакцинасы келетінін айтты. Қазір келіссөздер жүргізілуде. Аталған екпе түрі балалар мен жүкті әйлдерге салынады.

- Президент Жолдауда атап өткендей, тұрғындарға екпені таңдау мүмкіндігі берілген. Қазіргі уақытта облыс тұрғындары вакцинаның 3 түрін салдыра алады. Ресейлік «Спутник V», қытайлық «VeroCell» вакцинасымен қатар, жақында отандық QazVac екпесінің 30 мың дозасы түсті. Күніне орта есеппен 1900 адам екпе қабылдауда. Шілде айында бұл көрсеткіш 4000-ға дейін жеткен еді. Бұл ретте кәсіпкерлер тарапынан түрлі ұтыс шаралары да ұйымдастырылып жатқанын атап өткім келеді. Жергілікті билік тарапынан барлық жұмыс жүргізілуде, - дейді А.Сейітқазинов.

Жуырда Тереңкөл ауданының Құрметті азаматы, Трофимовка ауылының тұрғыны, тыл ардагері Ерғалым Қапкенов «Спутник V» екпесін алып, көпке үлгі көрсетті. 93 жастағы қария мұндай шешімді өз еркімен қабылдған.

- Тұрғындарды аты жаман індеттен вакцина ғана қорғайды. Мұны Президентіміз де айтып отыр. Үйде балаларым, немерелерім бар. Олардың денсаулығы мен үшін маңызды. Коронавирус жасы үлкен адамдарға тез жұғатынын естіп, індеттен өзімді және туғандарымды қорғау үшін екпе алдым. Тұрғындарды қорықпай, табанды шешім қабылдауға шақырамын, - дейді ақсақал.

Инновациялық Еуразия универ-ситетінің профессоры, вирусолог Евгений Никитин қалыпты өмірге оралу үшін әр адам екпе салдыруға міндетті екенін айтады.

- Пандемиямен арпалысып жүргенімізге бір жарым жыл болды. Медицина саласы дамып жатса да, әлемде ешбір мемлекет індетке қарсы тұра алмауда. Дертті жеңудің жалғыз жолы – вакцина. Осыны ұғатын уақыт жеткен сияқты. Вирусолог маман ретінде тұрғындардың 80 пайызы екпе алмай, пандемия аяқталмайтынын айтқым келеді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін 60 пайыз тым аз.

Адам өмірге келген бойда оның ағзасында көптеген екпе салынады. Тіпті, қызылшаға қарсы екпені де аламыз. Тұмауға қарсы вакцинаны да бәрі салдырады. Қалыпты өмірге оралу үшін сала маманы ретінде адамдардан коронавирусқа қарсы екпе қабылдауды сұраймын. Жұртшылық арасында коронавирусқа қарсы екпе алғандардың індет жұқтыруы күмән тудырып отырған болар. Бірақ ешбір екпе аурудан 100 пайыз қорғамайды. Вакцина алған адамның ағзасында КВИ-ге қарсы иммунитет қалыптасады. Бұл арқылы адам аурудың асқынған түріне қарсы тұра алады. Президент атап көрсеткендей, жалған пікірден аулақ болып, денсаулығымызды бірге сақтайық, - дейді вирусолог.

 

Айдана ҚУАНЫШЕВА


Количество показов: 354

Возврат к списку