Заманауи кешенге айналады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

26.01.2021

Заманауи кешенге айналады

Екі жоба да «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында іске асырылды. Медициналық мекемелердің жаңа бөлімшелерін аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов аралап шықты. 
Қалалық аурухананың жаңа корпусы шұғыл және жоспарлы ем қабылдайтын науқастарды қабылдауға, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындалып жатыр. 
- Бұл бөлімшенің негізгі міндеті – науқастарды қабылдау, диагностика жасау және шұғыл көмек көрсету. Өткен жылы шұғыл көмек алу бойынша біздің ауруханаға 62 мың адам түсті, оның 16,5 мыңы ауруханаға жатқы-зылды, ал қалғандары амбу-латорлық ем қабылдауға жібе-рілді. Науқастар жағдайына байланысты сұрыптауды қажет етеді. Бұл ретте олар «қызыл», «сары» және «жасыл» санатқа бөлінеді. Емделушілердің қай топқа жататындығы бірнеше минуттың ішінде анықталып, тиісті бағыт бойынша емдеуге жіберіледі, - деді №1 қалалық аурухана басшысы Нұрлан Жұмажанов. 
Бөлімшедегі операциялық бөлмелер эндоскопиялық және мобильді диагностикалық құралдармен жабдықталған. Мұнда реанимациялық зал, операциялық блок, таза бөлмелер кешені де бар. Реаниматологтың жұмыс станциясы онлайн режимде бірден 16 науқастың денсаулығын көрсетіп, олардың жағдайын қадағалауға мүмкіндік береді. Қарқынды терапия бөлмесі өкпені жасанды желдету аппараттары, дефибрилляторлар, мониторлар және жылжымалы бақылау аппараттарымен жабдықталған. Тағы бір жаңа жабдық – қуаттылығы сағатына 60 тест жасай алатын иммуногематологиялық анализатор. 
- Шұғыл көмек көрсетуді қажет етпейтін «жасыл» топтағы науқастар үшін жеке кіру есігі қарастырылған. Біздің қызметкерлер жаңа жабдықтармен жұмыс істеуге толық дайын және базалық реанимация, кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы, жарақат кезінде ауруханаға дейінгі медициналық көмек көрсету курстарынан өтті, - деді Нұрлан Жұмажанов. 
Павлодар облысының әкімі науқастарды қабылдау және оларға көмек көрсету мерзім-дерін қатаң реттеу қажеттігін атап өтті. 
- Осы регламенттердің орындалуына үнемі мониторинг жүргізу қажет, сонда ғана біз медициналық инфрақұрылымға салынған инвестициялардан нәтиже аламыз. Ең бастысы, ауруханаға түскен науқас барлық қажетті медициналық көмекті осында алуы тиіс, – деді Әбілқайыр Сқақов. 
Ал облыстық кардиоло-гиялық орталық жанындағы инсульт орталығы рентген-эндоваскулярлық хирургия зертханасын және стерильдеу бөлімшесін қайта жоспарлау нәтижесінде құрылды. Мұнда операциядан кейінгі және ауыр жағдайдағы науқастар үшін қарқынды терапия бөлімі, сондай-ақ компьютерлік томография кабинеті және рентген-операциялық бөлмесі қарастырылған. Олардың барлығы жедел және бір жерде көмек көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен қамтылған. 
- Жыл сайын өңірде инсультке шалдығатын науқас-тардың көбеюіне байланысты осы орталыққа деген қажеттілік туындады. Тек өткен жылы 2,5 мыңға жуық адам инсульт алған. Енді жаңа ашылған бөлім алғашқы диагностиканы 7 минутта анықтауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті кардиоорталықтың басшысы Әділжан Әлбазаров. 
Енді кардиологиялық орталықты толыққанды клиникалық-диагностикалық кешенге айналдыру жоспарланып отыр. Бұл операция жасауды қажет ететін қантамыр аурулары бар науқастар санын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде орталықта жүрекке  жылына 600-ге жуық ашық операция жасалып келсе, болашақта бұл көрсеткішті 1000-ға дейін жеткізу көзделген. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.


Количество показов: 78

Возврат к списку