Өзекті өртеген өрт

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

25.02.2021

Өзекті өртеген өрт

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында орын алған қайғылы жағдай елді есеңгіретті. Бейкүнә 5 баланың өмірін жалмаған жантүршігерлік оқиғаға бейжай қарауға болмайды. Қабырғаны қайыстырған жағдайдан өрт қауіпсіздігін сақтамау, ата-ана жауапкершілігінің төмендігі сынды мәселелердің әлі де өзекті күйде қалып отырғанын көреміз.

Осыдан 2 жыл бұрын дәл осылай, Нұр-Сұлтан қаласында өрт салдарынан тағы бір үйдің 5 баласы өмірімен қоштасқан еді. Бұл оқиғадан кейін Баянауыл ауданында бір отбасы ысты газдан уланып, қайтыс болды. Осы оқиғалардың өзінен-ақ адамдардың өрт қауіпсіздігі ережесі дұрыс сақтамайтынын анық байқадық. 
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртті бақылау басқармасының басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймарденовтің айтуынша, өткен жылы облыста тұрғын үй секторында 668 өрт тіркелген. Өкініштісі, 21 адамды күйік шалған. Тілсіз жаудың салдарынан 24 адам қаза тапқан. Биыл өңірдегі тұрғын үй секторында 82 өрт орын алған. Салдарынан 4 адам зардап шегіп, тағы 4 адам бақиға аттанған. 

Пәтерлердің қызыл жалынға орануына не себеп? Қайрат Шаймарденов адамдар отты дұрыс пайдаланбайтынын айтады. 
- Балалар да оттың өмірге қауіпті екенін білмейді. Электр құрылғыларын орнату кезінде де қауіпсіздік ережесі дұрыс сақталмайды. Әсіресе, пешті жағуда көп қателік орын алады. Өңірде тіркелген өрт фактілеріне негізінен ересектер кінәлі. Көпшілігі ішімдік тұтынып, темекі шегеді. Кейін ұйықтап қалып, өзінің ғана емес, өзге адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Бұдан бөлек, тамақ пісіру кезінде электр пешін жағулы күйде қалдырып кететіндер көп. Үлкендер тарапынан кеткен немқұрайдылық қайғылы жағдайлардың орын алуына себеп болуда, - дейді Қ.Шаймарденов. 

Аймағымызда жыл сайын өрт қауіпсіздігі айлығы ұйымдастырылады. Мамандар үйлерді аралап, пештегі ақауларды, электр құрылғыларының дұрыс орналасуын тексе-реді. Өрттің шығуынан хабар беретін арнайы датчиктерді де тегін орнатады. Сонымен қатар, «Көлігіңді өртенуден сақта», «Әр үйге қауіпсіздік» акциялары да өткізіледі. 
- Бұл мәселе департамент тарапынан қатаң бақылауда болса да, өңірде өрт фактілері жиі тіркеледі. Мамандар жұртшылықты қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырса да, салғырттық танытатындар көп. Жаңатас қаласында орын алған қайғылы жағдай баршамызға ауыр тигені рас. Барша жұртшылықты отқа, электр құрылғыларын пайдалануда абай болуға шақырамын, - дейді Қ.Шаймарденов.

Павлодар облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі ювеналды полицияның басшысы Бибігүл Қамзина ата-ана баланы көзден таса қылмауы керектігін айтады. 
- Тұрғын үйдегі өрт мәселесінде ересектердің жауапкершілігін күшейту қажет. Әсіресе, баланы жалғыз қалдыруға болмайды. Ойын баласы қолды-аяққа тұмайтынын есте ұстаған жөн. Тұтанған өрт тез таралады. Бала түгілі үлкендердің өзі қызыл жалынды көргенде шошып қалады. Ата-аналар ешқашан балаларын үйде қалдырмауы тиіс. Бақылаусыз қалған сәбилер ыстық суға күйіп қалып немесе терезеден де құлауы мүмкін. Ойнап жүріп, денесін жарақаттап алуы ғажап емес. Сондықтан әке-шелердің жауапкершілігін арттырған жөн, - дейді Б.Қамзина.

Күнделікті өмірде қауіпсіздік шараларын дұрыс орындамаудың соңы жоғарыдағыдай қайғылы оқиғалар мен қаралы хабарды естумен аяқталуда. Сала мамандарының ескертпелеріне құлақ асып, өзіміздің және өзгенің өміріне де қауіп төндірмеген дұрыс. Ол үшін әр ісімізге абай болып, өрттен сақтану ережесіне мұқият болған жөн.

Айдана ҚУАНЫШЕВА


Количество показов: 72

Возврат к списку