Өзгерістер жолы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алдымен экономика, содан кейін саясат»: қиындықтарды жеңу
03.08.2021

Қола - қалтада
03.08.2021

Өрт азайған
03.08.2021

QazVac жеткізілді
03.08.2021

Кезең-кезеңмен шешіледі
03.08.2021

Шарапаты мол
03.08.2021

Алғабастың жолы жөнделе ме?
03.08.2021

Сарыарқа самалы, 3 тамыз, сейсенбі
03.08.2021

Энергоблок жаңаруда
31.07.2021

«Тапсырам домбырамды Шолпаныма»
31.07.2021

Тағы да жапондықтар жайлы
31.07.2021

Жақсылыққа шақырады
31.07.2021

Күміспен күптелді
31.07.2021

«Қазақ поэзиясына құштармын»
31.07.2021

Ауызсу тарифі неге әртүрлі?
31.07.2021

Той-томалақ тыйылмай тұр
31.07.2021

Індет қайта өршіді
31.07.2021

Ертеңін ойлаған екпе алады
31.07.2021

Ұтымды ұқсату керек
31.07.2021

Ауылдың ажары артты
31.07.2021

Сарыарқа самалы, 31 шілде, сенбі
31.07.2021

Тартысқа толы Токио
29.07.2021

«Sary qyz»
29.07.2021

Жаяу Мұса
29.07.2021

Антиденені тексеру неге тиімсіз?
29.07.2021

Әдемі мектеп – әдепті оқушыға
29.07.2021

Вакциналаудың қарқыны төмен
29.07.2021

«Достықтың» мәселесі шешілуде
29.07.2021

Жұмыс күші жеткіліксіз
29.07.2021

Тәжірибе шаруаны ширатады
29.07.2021

Түгендесек, төбедегі келеді...
29.07.2021

Ауылдардың берекесін қалай арттырамыз?
29.07.2021

Сарыарқа самалы, 29 шілде, бейсенбі
29.07.2021

Қоржында – қос қола
27.07.2021

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН
27.07.2021

Ел үміті ақталса игі
27.07.2021

Белгісіз батыр
27.07.2021

Молдовадан табылды
27.07.2021

Әкім бол, халқыңа жақын бол
27.07.2021

«Сырлы аяқтың сыны кетпес»
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 27 шілде, сейсенбі
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 24 шілде, сенбі
24.07.2021

Сербтердің мысын басты
24.07.2021

Мерейі үстем Мыңбаевтар
24.07.2021

Циклахена - ғаламдық проблема
24.07.2021

Инновациялық панельден салынады
24.07.2021

Ауылда да маркет бар
24.07.2021

Білімді мыңды жығады
24.07.2021

Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
24.07.2021

Арнайы жоспар қажет
24.07.2021

Түркістанға әуе кемесі қатынайды
24.07.2021

Қордаланған мәселе көп
24.07.2021

Кешенді жұмыс – келешектің қамы
24.07.2021

Штаб құрылды
24.07.2021

Құрылыс қалдықтары көп
24.07.2021

Күнбағыс кәсіпорны ашылады
22.07.2021

«Қайта құрудың» зардабы аз болмады
22.07.2021

Стамбул сұлулығы
22.07.2021

Кескіндеме өнерінің көсемі...
22.07.2021

Абызбай атыңа сай ең...
22.07.2021

18.02.2021

Өзгерістер жолы

Алдағы бес жыл аралығында облыста бірнеше балабақша, мектеп, емхана, спорт нысандары мен кәсіпорындар салынып, инженерлік желілер мен жолдар жөнделмек. Сондай-ақ, аймақтағы ауылдардың барлығы бірдей таза ауызсумен қамтылады. 

Бұл – «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында атқарылатын ауқымды істер.
Бұрнағы күні облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен бейнеконференция режимінде партияның депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиын барысында сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша дайындалған жол картасы талқыланды. 
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төра-ғасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың айтуынша, жол картасында жеті басым бағыт белгіленіп, 131 шара қамтылды. Оларды орындау мақсатында 1,3 трлн. теңге қарастырылып отыр. 
- 2025 жылға дейін жүзеге асуы тиіс ірі инвестициялық жобалардың қатарында ферроқорытпа, техникалық кремний, шыны, қант, крахмал шығаратын зауыттар бар. Алдағы бес жылда «Сарыарқа», «Достық» пен «Затон» шағын аудандарында құрылыс қарқынды жүруі тиіс. Осы уақыт аралығында облыста барлығы 12 мың пәтер болатын 360 тұрғын үй тапсырылады. «Достыққа» апаратын трамвай жолы, 
5 мектеп, 10 балабақша, инфекциялық бөлімнің жаңа корпусы, 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Ақсуда мұз айдыны, Павлодарда күрес орталығы, басқа да маңызды әлеуметтік нысандар салынады. 2024 жылға қарай елді мекендердің 100 пайызында сапалы ауызсуға қолжетімділік болуы қажет. Партия – билік пен бұқараны байланыстыратын буын. Олай болса, біз сайлауалды жұмыстар кезінде берілген уәдемізде тұрып, жоғарыда аталған жоспарлардың іске асуына жауаптымыз, - деді И.Теренченко. 
Сонымен қатар, 1,6 мың шақырым жол, 63,8 шақырым жылу, 350 шақырым электр және 61,2 шақырым су желісін жүргізу жоспарда бар. 
Облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Әйткенов жобалардың барысын бақылау үшін депутаттық топтар құрылғанын айтты. Арнайы интерактивті карта да жасалды. 
- Мәселен, Гүлнар Қайдарова, Илья Теренченко және Аурика Дяк «Достық» шағын ауданындағы бес жобаның – тұрғын үйлер мен трамвай жолының құрылысы, аулаларды абаттандыру мен жарықтандыру мәселелеріне жауап береді. Пропорционалдық жүйе бойынша алғаш рет сайланған облыстық мәслихаттың VII шақырылымының депутаттарының барлығы – тәжірибесі мол азаматтар. Сондықтан жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарады деп сенемін, - деп атап өтті Е.Әйткенов. 
Өз кезегінде аймақ басшысы, партияның облыстық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақов жол картасының барлық саланы қамтып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын тілге тиек етті. 
- Өткен жылы депутаттық бақылауды енгізудің нәтижесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының жобалары уақытылы әрі сапалы жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмысты биыл да жалғастыру керек. Бұл ретте атап өтер маңызды жайт – атқарылған істерді, жаңашылдықтар мен өзгерістерді көпшілікке қарапайым тілмен жеткізуде кемшін кетіп жатқан тұстар бар. Сондықтан бұқарамен байланыстың форматын өзгерту қажет деп есептеймін. Депутаттың қателігі партияның беделіне кері әсер тигізуі мүмкін екенін де ескеру керек, - деді облыс әкімі. 
Жиын барысында депутаттық фракция төраға-сының орынбасары болып Гүлмира Нұрханова сайланды. Сонымен қатар, президиум мүшелері таңдалды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Количество показов: 151

Возврат к списку