Жұмыс күші жеткіліксіз

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Жұмыс күші жеткіліксіз 29.07.2021

Жұмыс күші жеткіліксіз

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірлік «Заманауи мектеп» бағдарламасы аясында жаңғыртылып жатқан мектептерді аралады. Құрылыс, жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан мердігерлерден 1 қыркүйекке дейін барлық шаруаны аяқтауды талап етті.

заманауи 1.jpg

Айтып өтейік, білім беру мекемелерін заманға сай өзгертуге бағыт-талған «Заманауи мектеп» бағдарламасы өткен жылы іске қосылды. Түпкі мақсаты – мектепті балалар үшін жайлы және тартымды орынға айналдыру. Биыл Павлодар қаласындағы №7 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл мекемеде 500-ден астам бала оқиды. Мердігерлер оқу орнының аума-ғын абаттандыру бойынша да жұмыстар жүргізуде. Ғимараттың қасбеттік бөлігін өзгертуде және ішкі бөлігін жаңартуда. Алайда, мектеп басшылығы құрылыстың баяу жүріп жатқанына наразылық білдірді. Жұмыс күші жеткіліксіз.

- Бұл нысан 1 қыркүйекке дейін 100 пайыз дайын болуы керек. Оқу жылы дәстүрлі түрде басталады. Егер мектептің дайындығы қамтамасыз етілмесе, балаларға оқитын жер болмайды. Бұған жол берілмеуі тиіс, - деді құрылысшыларға қарата айтқан сөзінде Әбілқайыр Сқақов. Аймақ басшысы мектеп аумағында орналасқан футбол алаңын да зерделеп, онда төселген жасанды жабынның сапасына күмән келтірді. Депутаттық комиссияның өкілдері жабынның расында көңілден шықпайтынын жеткізді. Дегенмен оның сапасына қатысты соңғы шешімді арнайы сараптама береді. Әкім құрылыс жұмыстарын қабылдауға мектептің қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар қауымдастығын тартуды тапсырды. Әбілқайыр Сқақов №1 мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеудің аралық қорытындысын бағалады. Мұнда да ішкі бөлмелер толығымен жаңғыртылып, жаңа спорт алаңдары орнатылуда. Бұл мекемеде де құрылысшылардың жетіспеушілік мәселесі көтерілді.

Заманауи 2.jpg

- Құрылыс, қала құры-лысын бақылау, білім беру және техникалық қадағалау басқармалары өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құру қажет. Олар күн сайын мердігерлердің жұмысын бақылайтын болады. Күн сайын мектеп ішінде және оқу орнының аумағында қанша адам жұмыс істейтіні туралы есеп жасаңыздар және оны маған ұсынып отырыңыздар, -
деп тапсырды аймақ басшысы. Облыс әкімі Павлодардың өзге де құрылыс учаскелерінде болды. «Сарыарқа» шағын ауданында 650 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Мердігерлер жобаны мерзімінен бұрын тапсыруға ниетті. Алайда жұмыс қарқынына жақын жерде орналасқан, қамыстан салынған ескі екі үй әсер етуі мүмкін. Құрылысшылар мектепке жаңа жылу торабын тартуда ескі баспаналар кедергі келтіріп тұрғанын жеткізді. Бұл мәселені қалалық әкімдік шешетін болады. Бүгінде Щедрин көшесінде Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің оқушылары үшін 200 орындық жатақхана құрылысы басталды. Жатақхана оқу орнынан бірнеше шақырым жерде орналасады. Себебі жаңа құрылысқа қолайлы учаскені табу мүмкін болмаған. Әбілқайыр Сқақов колледж жаңа жатақханаға көп жылдан бері мұқтаж екенін, сондықтан оның салыну сапасы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 


Количество показов: 154

Возврат к списку