Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай? 25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?

Облыста тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсартып, жұмыссыздар санын азайту мақсатында атқарылған істер аз емес. Мәселен, өткен жылы аймағымызда 22 697 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 10956-сы мемлекеттік бағдарлама аясында ашылған болса, 11741-і - жеке бастама-шылардың көмегі негізінде іске асқан. Ал нәтижелі жұмыс-пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 2020 жылы 111 мыңнан астам адам қатысқан. 

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ


Меморандумдар жасалды

Аймағымызда жыл өткен сайын жұмыс-сыздар саны азайып келеді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Гүлнәр Камалова айтты.
- Еліміздегі пандемия жағдайына қара-мастан аймағымыздың еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Мәселен, өткен жылдың 3-тоқсанының соңында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Ал нақты аймағымызда 5,8 мың адам жұмыссыздар қатарында тіркеуде тұр. Дей тұрғанмен, былтыр 22 697 жаңа жұмыс орны құрылды. Оның 10439-ы тұрақты. Жалпы, аймағымызда жұмысшылардың босатылуын болдырмау, жұмыс орындарын сақтау мақсатында әкімдіктер, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында 2 655 меморандум жасалды, - дейді Г.Камалова.
Қазіргі таңда өңірде 3 ірі кәсіпорын 119 қызметкерге жалақының 50 пайызын ғана төлей отырып, уақытша жұмысын тоқтатқан. Ал «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-нің 264 қызметкері ақысыз еңбек демалысына шыққан. Сонымен қатар, 36 кәсіпорында штат санының қысқаруына байланысты 126 адам жұмыстан босатылса, оның 73-і қайта жұмыспен қамтылған.

«Еңбекке» жүгінгендер аз емес

Павлодар облысында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мем-
лекеттік бағдарламасына былтыр 111,4 мың адам қатысқан. Олардың 56 пайызы - жұмыссыздар, 19 пайызы - өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, 18 пайызы жеке тұлғалар болса, 5 пайызын басқа санаттағы яғни студенттер мен зейнеткерлер құраған.
- 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың 12 мыңнан астамын әйелдер құраса, 7 мыңға жуығы - жастар. Ал 2 мыңнан астамы АӘК алушылар болды. Бұдан бөлек, 500-ге жуық адам еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, қысқа мерзімді оқу курстарына жіберілді. Олардың 447-сі курсты аяқтап, 415-і тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау мақсатында 600 адам білімін шыңдады, - деді Г.Камалова.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, «Бастау Бизнес» жобасы Ертіс-Баян өңірінде де үлкен сұранысқа ие болған. Мәселен, аталмыш жоба аясында 1750 адам онлайн оқуға жолдама алса, оның 550-і шағын несие мен гранттарға ие болған. Мұндағы берілген жалпы сома - 248 млн. теңге. Бұдан бөлек, 514 шағын несие берілсе, оның 289-ы - Start-up жобалар. Жалпы қаржыландыру қоры 2,5 млрд. теңгені құраған. 
- Былтыр 1971 адам бизнес-идеяларын дамытуға арналған гранттарға ие болды. Олардың 422-сі технологиялық жабдықтар алуға берілсе, 357-сі тауарлық-материалдарға, құрал-саймандар алуға жұмсалды. Ал 1191-і мал шаруашылығын дамытуға, 1-і үй жалдауға бағытталды. Аталмыш бағдарламаның үшінші бағыты бойынша субсидияланған жұмыс орындарына 8100 адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде – әлеуметтік жұмысқа 1281 адам, қоғамдық жұмысқа – 5863, жастар тәжірибесіне 938 адам жұмылдырылған, - деді ол.
Сонымен қатар, электронды еңбек биржасы арқылы 16 877 адам бос жұмыс орындары арқылы еңбекпен қамтылса, аймақтық квотаға 2101 адам кірген. Олардың 555-і қандастар болса, 1546-сы - еліміздің өзге өңірлерінен қоныс аударушылар. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 533 млн. теңге бөлінген. Оның 200 млн. теңгесі көшуге және 333 млн. теңгесі қоныс аударушылар мен қандастарға арналған тұрғын үй жалдауға арналған. Еліміздің өзге өңірінен қоныс аударушыларға былтыр 307 пәтер 2506 млн. теңгеге сатып алынған.

Аз қамтылған отбасылар - назарда

Былтыр өңір тұрғындары арасында аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында да атқарылған істер жетерлік. Мәселен, 5350 аз қамтылған жанұяға 1,8 млрд. теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалған. АӘК алатын отбасылар бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі 5531 балаға тамақ жиынтығы мен гигиеналық құралдардан тұратын кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілсе, 2278 аз қамтылған отбасына 31 млн. теңгенің тұрғын үй көмегі берілді.
- Әлемді әбігерге салған пандемияның салдары бізді де айналып өтпеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы төтенше және карантин кезеңінде дағдарысқа қарсы бірқатар шаралар іске асырылды. Мәселен, осы аралықта кірістерін жоғалтқан адамдарға 42 500 теңге мөлшерінде төлем тағайындалды. Өңірде бұл төлемді 322,9 мың адам алса, оның ішінде шілде-тамыз айларында 151 мың адамға берілді. Бұдан бөлек, халықтың әлеуметтік осал санатына жататын топқа, яғни АӘК алатын отбасылар арасында 6-18 жастағы балаларға, 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасына, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерді қолдау мақсатында тамақ және үйге қажетті жиынтықтарымен қамтамасыз ету үшін 5567 теңге көлемінде төлем берілді. Былтырғы жылдың тек 5 айлық карантиндік және қатаң шектеу шараларында облыста бұл әлеуметтік көмекті 39361 адам алды. Ол мақсатта 857,2 млн. теңге жұмсалды, - деді Г.Камалова.
Бұдан өзге, халықтың 7 әлеуметтік осал санатына жататын 56 721 азаматқа коммуналдық шығындарды өтеуге жалпы сомасы 850 млн. теңге бөлінді. 

«Жол картасының» нәтижесі

Аймағымызда атқарылған ауқымды істің бірі – «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы. Аталған бағдарлама негізінде былтыр жобаларды қаржыландыруға 43,4 млрд. теңге бөлінген. Оның 42,8 млрд. теңгесі игерілді. Бағдарламаның шарттарына сәйкес, Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандар саны 6324 адамға жетті. 
- Осы бағдарлама аясында 185 көпқабатты үйлердің ауласы абаттандырылып, 112 шақырым жол жөнделді. Бұдан бөлек, 199 әлеуметтік нысандарға жөндеу жұмысы жүргізілді. Мұнда білім беру мекемелері, ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары бар. Осы ретте атап өтетін тағы бір дүние - аймағымызда 33 нысан жаңадан бой көтерді. Оның ішінде 200 орынға арналған инфекциялық аурухана бар. Осы жұмыстардың нитижесінде 294 тұрақты жұмыс орны құрылды, - дейді Г.Камалова.
Гүлнәр Әлімқызының айтуынша, 2020 жылдың соңында жоспарланған 227 жобаның 222-сі толық тапсырылған. Ал қалған 5 жоба бойынша жұмыс осы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп күтілуде. 

Мүгедектерді қолдау үзілмейді

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, аймағымызда 27,6 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар. Оның 2936-сы - балалар. 
- Мүгедектерді оңалтуға бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Өткен жылы мүгедектерді әлеуметтік оңалтуға бөлінген қаражат көлемі 1,5 миллиард теңгені құрады. Былтыр қаңтар айында әлеуметтік қызметтер порталы пилоттық жобасы іске қосылды. Осы портал арқылы 2329 оңалту құралдары сатып алынса, қалған 2547-сі мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, 2020 жылдың қараша айынан бастап портал арқылы жеке көмекші, ымдау тілі маманы, санаторий-курорттық емдеу қызметі енгізілді. Оған Ақтоғай, Баянауыл және Шарбақты аудандары белсенді қатысты, - деді Г.Әлімқызы.
2020 жылы 542 мүгедек балаға үйде оқыту шығындарының орнын толтыру үшін тоқсан сайын 25,3 млн. теңге төленген. Олардың 87-сі - мүгедек студент. Олардың алаңсыз білім алуы үшін 18,6 млн. теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген. Еліміздегі ЖОО мен орта мектептеріне, сондай-ақ жалғыз тұратын 303 мүмкіндігі шектеулі жанға ай сайын 1 АЕК мөлшерінде жалпы сомасы 9,6 миллион теңге төленген.
- Өткен жылы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасына 20 АЕК көлемінде әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында облыстық бюджеттен 116,7 млн. теңге бөлінді. Аймағымыздағы 2604 мүгедек бала аталған көмекке ие болды. Оларға жалпы сомасы 144,7 млн. теңгенің көмегі берілді. Бұл көмекті жыл сайын беру дәстүрге айналып келеді, - деді ол.
Г.Камалованың айтуынша, осы жылдан бастап мүгедектерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асатын болады. Бұл мүмкіндігі шектеулі әр адамға өз бетінше, электронды цифрлық қолтаңба арқылы жақсы өнімді немесе қызметті таңдауға мүмкіндік береді. Мұқтаж жандарды қажетті құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы республикалық бюджеттен 2021 жылға 1,5 млрд. теңгеден астам қаражат және жергілікті бюджеттен 442,7 млн. теңге бөлу жоспарланған.

Жаңа міндеттер

Биыл өңірде 20 447 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның ішінде 12 268-і тұрақты болмақ. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдауға арналған аймақтық квотаның орындалуы қадағаланады. Бұдан бөлек, мамандар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының іске асыруылуын бақылап, мониторингтер ұйымдастырмақ.
Гүлнәр Камалова биыл аймағымыздағы күнкөріс деңгейі төмен 18 800 аз қамтылған отбасына атаулы әлеуметтік көмек беру жоспарланғанын атап өтті. Мұнда әлеуметтік қызметтер порталы арқылы АӘК алатын отбасылардағы 1-ден 6 жасқа дейінгі 5000-нан астам балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсыну, тұрғын үй сертификатының мөлшерін 1,5 миллион теңгеге дейін арттыру көзделуде.


Количество показов: 79

Возврат к списку