Жаңа кодекстен не күтеміз?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

29.12.2020

Жаңа кодекстен не күтеміз?

Жаңа Экологиялық кодексті дайындау үшін былтыр қауым-дастықтың, өнеркәсіптік компания-лардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылған болатын. Жақында құжат Парламент қарауына енгізілді. Аталған кодексті дайындау барысында халықаралық экологиялық келісімдер ескерілгенін атап өткен жөн. Ережеге сай, заңнама бір жыл көлемінде талқыға түсіп, 2021 жылдан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр. Жаңа кодекс бойынша заңнаманы бұзғандар үшін әкімшілік айыппұлдың көлемі де артпақ.
Белгілі болғандай, елімізде 2000-ға жуық бірінші санаттағы ірі кәсіпорындар тіркелген. Яғни, әр облыста қоршаған ортаға белгілі бір мөлшерде қауіп төндіретін зауыттар жұмыс істеп тұр. Бұл жөнінде әңгіме қозғалса, Павлодар облысы тілге тиек етілетіні жасырын емес. Сандарды сөйлетсек, былтыр облыс аумағында 
717 мың тонна зиянды қалдық шығарылған. Бұл – еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Қала берді, ірі кәсіпорындар аумағын абаттандыру көрсеткіші небары 
10 пайызды құрап отыр. Жаңа кодекстің енгізілуі зауыт басшыларына маңызды міндеттер жүктеп, аймағымыздағы экологиялық ахуал жақса-рады деген сенім мол.
Жаңа кодекс бір бөлек, өңірімізде экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында арнайы жол картасы қолға алынғаны белгілі. Бұған сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында облыстың орман қоры 50 миллионнан астам қарағаймен толығуы тиіс. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, жыл сайын 110 гектар орман алқабына ағаш отырғызу жоспарланған. Ағаш отырғызу ісіне ірі кәсіпорындар да белсенді атсалысуға ниетті. 
Осы жылдың 9 айында жергі-лікті кәсіпорындардан 511 мың тонна зиянды қалдық заттар шығарылған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аз. Көрсеткішті төмендету мақса-
тында зауыт басшылары инвест-бағдарламаларды қолға алған. Мәселен, Қазақстан алюминий зауытында құны 5 миллион долларды құрайтын ірі жоба жүзеге асуда. Оған сәйкес, соңғы үлгідегі сүзгіш қондырғысы орнатылып, зиянды заттардың сыртқа шығуына тосқауыл болмақ.
Жалпы, қоршаған ортаны қорғау мақсатында былтыр аймақтың ірі кәсіпорындары 14,1 миллиард 
теңге қаражат жұмсаған. Бір ғана «Қазақстан алюминийі» АҚ 3 жыл ішінде 1,4 млрд. теңгеге табиғат қорғау іс-шараларын іске асыруда. Бұл ретте, жергілікті кәсіпорындардағы жағдайды бақылау үшін 147 тексеріс жүргізіліп, 119 айыппұл салыныпты (9 млн. 
теңге). Көбіне мемлекеттік эколо-гиялық сараптаманың және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болмауы, зиянды қалдықтардың шектен тыс ауаға таралуы сияқты заңбұзушылықтар анықталған.
Бүгінде әр кәсіпорынның табиғатты қорғау жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспары бар. Мәселен, Екібастұз қаласында орналасқан «Богатырь Көмір» кәсіпорны жыл сайын қоршаған ортаны қорғау шараларын жүйелі жүзеге асырып келеді. Мәселен, биыл бұл бағытқа 3 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған. Алдағы жылдары қаржы көлемі көбеймесе, азаймайды, деп сендіруде серіктестік басшылығы.
- Қоршаған ортаға байланысты мәселе туындаса, жедел шешімін табатынын атап өткен жөн. Бұл мақсатқа қомақты қаражаттың бөлінуі көп нәрсені аңғартады. Мысалы, биыл әу баста 961,5 млн. 
теңге қаржы бөлінеді деп күтілген-ді. Десе де, жоспарланған шаралар ауқымы кеңейіп, 3,3 мил-
лиард теңге қаражат жұмсалды. Нәтижесінде биыл қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтардың көлемі 40,4 миллион тоннаға кеміді, - 
дейді «Богатырь Көмір» ЖШС-нің техникалық басшысының орынбасары Наталья Шулаева.
Павлодар мұнай-химия зауыты басшылығы да қоршаған ортаны қорғау шараларына атүсті қарап отырмаған көрінеді. Аталған кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы Сергей Петруктың мәліметінше, биыл 
9 айда табиғатты қорғау мақсатында 805,8 миллион теңге қаражат бөлініпті.
- Мониторингтік көрсеткіштерге сәйкес, осы жылдың 9 айында ауаға 16510 тонна зиянды зат шығарыппыз. Бұл – өткен жылдармен салыстырғанда аз көрсеткіш. Яғни, жыл сайын зиянды заттардың мөлшерін азайту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Жалпы, қоршаған ортаны қорғау жоспарының ауқымы кең. Мәселен, алдағы уақытта кәріз сорғы станциясының құрылысын қолға алу, мұнай шламдарын залалсыздандыру сияқты көптеген шаруа-
лар тындырылмақ. Нәтижесінде құрамында мұнай бар қалдықтарды көмудің алдын алу көзделуде, - дейді С.Петрук.
Бұдан бөлек, ПМХЗ санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыруға баса мән беріліп, 2020-2025 жылдар аралығында 64 гектар аумаққа 17 мың түп ағаш отырғызылмақ.
Экологиялық кодекстің негізгі қағидасы - «ластаушы өзі төлейді және түзетеді». Осылайша, 2025 жылдан бастап бірінші санаттағы 
ірі нысандарға кешенді эколо-
гиялық рұқсаттар қолданылады 
және қоршаған ортаға шығарын-дыларды азайтуға бағытталған ең жақсы қолжетімді техно-логиялардың (ЕҚТ) тетігі енгі-зілетін болады. ЕҚТ-ға өткен компаниялар эмиссиялар үшін төлемнен босатылады, ал қалған-дарына қалдықтар үшін төлем мөлшерлемесі 2028 жылдан бастап 
әр үш жыл сайын 2, 4, 8 есеге дейін біртіндеп өспек.
Айтпақшы, жаңадан қосылған кәсіпорындар үшін кешенді эколо-гиялық рұқсаттар алу міндетті болып саналады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғау шараларын 100% көлемінде түсетін экологиялық төлемдер есебінен қаржыландыруға міндетті. Кодекс 
жобасында ірі ластаушы кәсіпо-рындардың қоршаған ортаға шығаратын зиянды заттар көлеміне мониторинг жасаудың автоматтандырылған жүйесін құру қарастырылған.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Количество показов: 73

Возврат к списку

Раздел не найден.