Жаңа маусымнан жағымды жаңалық күтеміз!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Жаңа маусымнан жағымды жаңалық күтеміз! 09.09.2021

Жаңа маусымнан жағымды жаңалық күтеміз!

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі басталды. Мұнда облыс намысын «Ertis» командасы қорғайтыны белгілі. Жергілікті жас ойыншыларға сенім артқан павлодарлық ұжымның болашағы зор. Әзірге тәжірибе жинақтауды мақсат еткен жерлестеріміз алдағы уақытта үздік үштікке де таласады деген сенім мол.

Иә, қазіргідей құраммен чемпиондық былай тұрсын, үздік алтылыққа іліну мүмкін емес. Оны клуб басшылығы да жасырмайды. Кеше ғана жасөспірімдер арасындағы турнирлерде өнер көрсетіп жүрген жігіттер мықтылар топтасқан жоғары лигаға топ ете түсті. Хоккей нағыз еркектердің ойыны екені белгілі. Бұл жерде жас екен деп ешкім басыңнан сипамайды. Алып денелі тәжірибелі қарсыласыңмен иық теңестіріп көр. Қысқасы, қазір павлодарлық жас хоккейшілерді бір жағынан үрей буса, екінші жағынан сенімді ақтау миссиясы тұр. Жауапкершілік жүгі ауыр. Жас екенбіз деп ұпай тарата беру де абырой емес. Жалындаған жастар аз уақыттың ішінде тәжірибе жинақтап, оң нәтиже көрсетеді деген үміттеміз.

IMG_20210906_190019.jpg

Өткен маусымның соңына қарай қаржылық қиындықтардың салдарынан павлодарлық ұжыммен көптеген ойыншылар қош айтысқаны белгілі. Қомақты жалақы алып келген легоинерлер өзге бай командалардың есігін сығалап кетті. Қуантарлығы, кейбір павлодарлық ойыншылар жалақы мөлшері маңызды емес екенін айтып, туған қаласының намысын қорғауға келісті. Олардың қатарында Данияр Білімбаев та бар. Биыл команда капитаны болып Рүстем Айдаш тағайындалды. Дидар Түспеков, Диас Атаханов, Азиз Сейтанов, Таир Мұхтаров, Бертан Демирделен сияқты қазақ жігіттері де қатарда. Қазақ жастарын жеке бөліп тізбелеп жатқанымыз тегін емес. Жасыратыны жоқ, хоккейдің басы-қасында жүрген кейбір мамандардың арасында қазақ жігіттері хоккей ойнай алмайды деген пікір қалыптасқан. Көптеген жанкүйерлер де миығынан күлетіні бар. Жоғарыда есімдері аталған ойыншылар бұл жағымсыз пікірді жоққа шығарады деген сенімдеміз.

Олардан бөлек, команда қатарында қақпашылар Артем Микушин, Валерий Штукерт, қорғаушылар Иван Шкленник, Егор Сагайдак, Илья Нестеров, Илья Пульников, Владимир Шлычков, шабуылшылар Никита Белашов, Илья Камбулов, Александр Смирнов, Сергей Бабичев, Максим Карпов, Дмитрий Репин, Никита Ляпунов, Александр Своеволин, Адам Евлоев, Семен Герасимов сияқты жас ойыншылар бар. Биыл команданың бас бапкері болып Владимир Оленченко тағайындалды. Әрине, бұған дейін балалар хоккейін өрге сүйрелеп келген маман үшін бұл – үлкен абырой әрі жауапкершілігі зор қызмет. Ал клубтың қаржылық жағдайынан хабардар тәжірибелі жаттықтырушылар «Ertis» десе үркитінін жасырып қайтеміз.

«Жығылғанға - жұдырық» демекші, команданың құрамы уақытылы жасақ-талды деп қуанған сәтте жаттығу жиындарын өткізу проблемасы алдан шықты. Облыс орталығындағы мұз сарайына мұз кеш құйылып, салдарынан онда жаттығу мүмкіндік болмады. Павлодарлық команда амалсыздан Екібастұз қаласына барды. Оның өзінде мұз үстінде емес, тек физикалық дайындықты пысықтауға мүмкіндік алды. «Ertis» ел біріншілігіне осылай аяқ басты.

Біріншіліктің алғашқы екі турындағы қарсыласымыз «Алматы» командасы болатын. Аталған ұжымды мықты деп айта алмаспыз. Бірақ, деңгейі павлодарлықтардан бір бас жоғары екенін атап өткен жөн. Қос команда арасындағы алғашқы кездесу жуырда ғана өмірден озған танымал фототілші Владимир Бугаевты бір минут еске алумен басталды. Оның мұрағатында «Ertis» командасының жарқын сәттері бейнеленген суреттер аз емес-тін. Өңірдің хоккей спортының дамуына бір кісідей атсалысқан журналистке осылайша құрмет көрсетілді.

Кездесудің алғашқы минуттарында қос команда бір деңгейде өнер көрсетті. Кейін павлодарлық ойыншылар жиі тәртіп бұза бастады. Артық құрам мүмкіндігін мүлт жібермеген алматылықтар есепті ашты. Былтыр «Ertis» командасының намысын қорғаған Сергей Машинец мергендігімен танылды. Осылайша, алғашқы кезең қонақ команданың пайдасына шешілді. Екінші кезең бастала сала павлодарлықтар есепті теңестіріп кетті. Шайба авторы - Никита Ляпунов. Бұдан кейін алматылықтар ашуына мініп, қарсыластарының қақпасына 4 шайба тоғытты. Алматылық ойыншылар тәжірибенің арқасында кездесудің тағдырын шешті десек болады. Шайба авторлары: Чигленцев, Ищенко, Ипатов, Баженов. Сөйтіп, «Алматы» командасы 1:5 есебімен жеңіске жетіп, маңызды 3 ұпайға қол жеткізді.

Келесі күні қос команда арасындағы екінші кездесу өтті. Алғашқы ойында бір-бірінің аяқ алысын жіті зерделеп алған командалар бірден шабуылға лап қойды. Бұл жолы қос бапкер де қақпашыларды ауыстыруға шешім қабылдапты. «Ertis»-тің қақпасын Валерий Штукерт қорғаса, алматылықтар жас қақпашы Әлішер Шалмановқа сенім артыпты. Бұл кездесуде де қонақ команда алғашқы болып есеп ашты. Ипатов тағы шеберлігін паш етті. Бұл алғашқы кезеңде соғылған жалғыз шайба еді. Екінші кезеңде алматылықтардың сапынан Панков шайба соғып, есепті еселей түсті. Бар қызық соңғы кезеңде орын алды. Алматылықтар кезекті 3 ұпайды қоржынға салдық деп бөркін аспанға атқаны сол-ақ еді, небары 2 минуттың ішінде павлодарлықтар екі шайба соғып, есепті теңестіріп кетті. Шайба авторлары: Герасимов, Атаханов. Әрине, кездесудің осылай жалғасатынын ешкім күткен жоқ. Тіпті, павлодарлық команданың өзі де таңқалғанын жүздерінен аңғардық. Бірақ, тәжірибенің аты тәжірибе ғой. Алматылықтар кездесу аяқталуға 1 минут 38 секунд қалғанда үшінші шайбаны соғып (Леванов), павлодарлықтардың үмітін күл қылды. Тәуекелге бел буған жерлестеріміз соңғы минуттарда қақпашының орнына шабуылшыны шығарған. Өкінішке қарай, шайба соғудың орнына өздері бос тұрған қақпаға төртінші шайбаны өткізіп алды. Ипатов бұл кездесудегі екінші шайбасын соқты. Кездесу 2:4 есебімен аяқталып, алматылықтар қос ойынның қорытындысы бойынша 6 ұпай еншіледі.

Қос ойынға қарап, павлодарлық жастардың ұмтылысын жоғары бағалауға болады. Әсіресе, қақпашы Валерий Штукерттің жанкештілігін атап өткен жөн. Жерлестеріміз осы қарқыннан таймай, алдағы кездесулерде тәуір нәтиже көрсетеді деген сенімдеміз. Келесі қарсыласымыз – «Снежные барсы» (Нұр-Сұлтан). Кездесу 10 және 11 қыркүйекте Павлодар қаласында өтеді.

Валерий ШТУКЕРТ,

«Ertis» командасының қақпашысы:

- Екінші кездесуде павлодарлық хоккейшілер мінез танытты. 0:2 есебімен жеңіліп жатып, есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Мұның өзі - ерлік. Өкінішке қарай, соңғы сәтте қуаныш сезімге беріліп, тең есепті уысымыздан шығарып алдық. Енді алдағы кездесулерге тыңғылықты дайындалатын боламыз. Жеңісті күндер алыс емес екеніне сенеміз!

 

Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 561

Возврат к списку