Жаңа міндеттер күтуде

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Жаңа міндеттер күтуде 01.04.2021

Жаңа міндеттер күтуде

Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі қоғамдық институттың тұғырына айналды. Ынтымақтың туын желбіретіп, ұлт пен ұлыстарды ұйыстырған ұйым Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге кеңінен атсалыспақ. Жуырде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының 29 сессиясын шақыру туралы» Қаулыға қол қойды. 28 сәуірге жоспарланған жиыннан не күтеміз?

Ассамблея мүшелері мен осы салада қызмет етіп жүрген әр адам үшін бұл сессияның маңызы зор. Мұнда елдегі тұрақтылықтан бастап, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына дейін сөз болатыны белгілі. Жыл сайын белгілі бір атауға ие болып, өзге ұлт өкілдері арасында кеңінен қолдауға ие болатын маңызды жиынның биылғы тақырыбы да ауқымды. Ақорда жариялаған құжатта «Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын», - делінген. Осы орайда облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаеваны әңгімеге тарттық.

- Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін ғана емес, еліміз үшін де бұл жиынның маңызы жоғары. Алғаш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылы «Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін» деген атаумен өткен жиын міне, жыл сайын қанатын кеңге жайып, ауқымын кеңейтіп келеді. Биылғы сессияның тақырыбы мен негізгі бағыты белгілі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналатын ауқымы кең шарадан күтеріміз мол. Әсіресе, ел Тәуелсіздігінің нығайып, әлемге татулық пен бірліктің үлгісін көрсете білген Ассамблея үшін биылғы жылдың маңызы жоғары. Сондықтан сессияға барынша тыңғылықты әзірленіп, өзіміз де алдымызға жаңа жоспарлар құрудамыз, - деді А.Сәрсенбаева. Ал ағымдағы жылдың басында Ассамблеяның 28-сессиясы өткені мәлім. Онда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея барлық адамдарды бірлік пен төзімділікке шақыратын бірегей орган екенін атап өткен болатын. 

- Осындай бірліктің, бір-бірімізге деген сенімділіктің арқасында біз елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтаймыз, соның арқасында ел дамиды. Сол себепті біз осы жылдар ішінде мемлекеттің іргесі мен негізін қаладық. Біз пандемияға байланысты қиын жағдайларға тап болдық, алайда бұл Қазақстан бастан кешіріп отырған алғашқы дағдарыс емес. Менің ойымша, біз мұны да сіздермен бірге жеңеміз, - деген еді Елбасы. Жалпы, өңірдегі ҚХА хатшылығы пандемия басталған тұста елмен бірге екендіерін танытып, игі істердің бастамашысы болғаны есімізде. Дәл сол шаралар легі аталмыш сессиядан кейін де дамытыла түсуде.

- Ассамблея мүшелері қайырым-дылық шараларын мықтап қолға алды. Әсіресе, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елімізде бастау алған «Қайырымды істер марафоны» аясында бірқатар істер атқарылды. Тіпті, бізге көмек сұрап келетін тұрғындардың саны артты. Бәріне бірдей көмек бере алмасақ та, қолымыздан келгенше жәрдемдесуге тырысып келеміз. Бұл шара әлі де өз жалғасын табатын болады. Алдағы уақытта 29-сессияда айтылатын жаңа тапсырмалар да тиісінше аймағымызда іске асатынына сенімдімін, - деді А.Сәрсенбаева. Қазіргі таңда аталмыш маңызды жиынға дайындығын пысықтап жатқан жергілікті Ассамблея мүшелері бұл сессияның маңызды болатынына сенімді. Айта кетелік, Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылдың 1 наурызында құрылған консультативті-кеңесші орган. Ассамблеяны құру идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Тұңғыш Президент өмір бойы Қазақстан халқы Ассамблеясына төрағалық ету құқығына ие.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.


Количество показов: 115

Возврат к списку