Жаңа жобалар түйінді тарқатады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Жаңа жобалар  түйінді тарқатады 09.09.2021

Жаңа жобалар түйінді тарқатады

Соңғы уақытта ел көлемінде азық-түлік бағасының аспандап кеткені жасырын емес. Әсіресе, маусымаралық кезеңде картоп, сәбіз, басқа да көкөніс түрлері бағасының күрт қымбаттауы сатып алушылар тарапынан наразылық тудырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты биылғы Жолдауында баға реттеу мәселесін сынға алып, нақты тапсырмалар берген болатын. Облыста бұл мәселе қалай шешіледі? Осы және өзге де өзекті мәселелер туралы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төқағалығымен өткен идеологиялық кеңесте талқыланды.

Баға саясатына - жаңа көзқарас

Өкінішке қарай, тұрақтандыру қоры мен әлеуметтік дүкендер бұл мәселені толығымен шеше алмайды. Осы орайда біздің өңірде тұрғындарды сапасы жоғары, бағасы төмен азық-түлікпен қамту мақсатында бірқатар жоба қолға алынбақ.

Әбілқайыр Бақтыбайұлы тамақ өнімдері бағасын реттеу және мониторингтен өткізу жүйесін қалыптастырудың маңыздылығын айтты.

- Қазіргі уақытта аталмыш қызметті тұрақтандыру қоры атқарып отыр. Дегенмен, оның нарыққа деген әсері шектеулі. Сондықтан облыс көлемінде екі көтерме сауда-тарату орталығы мен фермерлік базар салу жоспарда бар. Сол арқылы шаруалар өз өнімдерін делдалсыз сата алады. Бірақ бұл жүйе де мәселені жартылай ғана шешуі мүмкін. Әлеуметтік маңызы бар тек 19 азық-түліктің бағасын реттеуге мүмкіндік береді. Ал басқа тауар түрлерінің бағасы реттелмей қалады. Осыны ескеріп, «AITU Sauda» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталады. Соның негізінде өнімдерді төмен үстемақы арқылы арнайы дүкендерге жеткізу қызметі оң жолға қойылады, - деді Ә.Сқақов.

Бұл ретте шаруаларға жүктелер міндет арта түспек. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті - елімізді негізгі азық-түлік өнімімен толық қамтамасыз ету екенін айтқан еді. Бұл тұрғыдан алғанда облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуеті зор. Мәселен, биыл жалпы өнім көлемін 335 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге көп. Егіс алқаптарын әртараптандыру, еңбек өнімділігін арттыру, заманауи технологияларды енгізу бағытында әлі де атқаратын жұмыс жетерлік.

- Өкінішке қарай, кейбір шаруашылықтар соңғы үлгідегі агротехнологиялық құралдарды пайдаланбай отыр. Мал азығын дайындау, жем-шөп көлемін көбейту бағытында нақты істерді қолға алу қажет. Өңірде жайылымдық жерлерге қатысты күрмеулі мәселелер бар. Сондықтан, мал шаруашылығы кенже қалып отырған елді мекендерді анықтап, тиімді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын, - деді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы экономиканы әрта-раптандыруға да көңіл бөлді. Индустрияландыру жылдары өнімнің жаңа 70 түрін шығаратын кәсіпорын іске қосылды. Оның 25-і тауарларды экспортқа жөнелтеді.
Жалпы, облыста дайындалған өнімдер әлемнің 90-нан астам еліне таралады.

- «Проммашкомплект» зауытының қуат-тылықты 300 мың теміржол дөңгелектеріне дейін арттыруы, құрсау темір бұйымдарын, ферроқорытпаны, техникалық кремнийді шығару кәсіпорындарының іске қосылуы есебінен өңдеу өнеркәсібінің көлемі 1,6 есеге, өндіріс экспорты 1,4 есеге артады, - деп атап өтті облыс әкімі.

Әлеуметтік нысандар бой көтереді

жолдау2.jpg

Әлеуметтік сала - Жолдаудың басым бағыттарының бірі. Әсіресе, пандемия жағдайында денсаулық сақтауға баса назар аударылмақ. Облыс әкімі Ә.Сқақов бүгінде өңірдің 280 мың тұрғыны вакцинаның бірінші, 220 мың тұрғыны екі компонентін қабылдағанын айтты. Ұжымдық иммунитетті қалыптас-тыру үшін, яғни екпе алған азаматтар санын 60 пайызға дейін жеткізу мақсатында тағы да 170 мың жерлесіміз вакцина салуы керек.

Медицина саласы коронавирустық инфекцияға қарсы күреспен шектеліп қалмайды. Тұрғындарды мазалайтын одан басқа да сырқат түрлері аз емес. Осы орайда азаматтарға қызмет көрсету сапасын жасқарту бағытында таяу уақытта «Достық» шағын ауданында 500 орындық заманауи емхананың құрылысы басталып, №1 Павлодар қалалық ауруханасы мен кардиохирургиялық орталық ғимараттары кеңейеді.

Сол сияқты 2025 жылға дейін аймақта 13 мектеп пен оқу орындарына 9 қосымша ғимарат салынады. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында «Достық» шағын ауданында 2000 орындық білім ордасы да бой көтермек. Әбілқайыр Бақтыбайұлы құрылыс жұмыстарын дайын типтік жобалар негізінде бастау қажеттігіне ерекше мән берді. Мұндай қадам жаңа жоба жасаудан анғұрлым тез әрі арзан болады. Бұл ретте білім беру саласын қаржыландыру көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 69 пайызға артқанын атап өткен жөн.

Биыл бұқаралық және балалар спортын дамыту мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізілді. Соның нәтижесінде бұрын-соңды спорт түрлерімен мүлде айналыспаған 2 мыңға жуық жеткіншек секцияларға тегін бара бастады. Келесі жылы 4 мың, 2023 жылы тағы 13 мың баланы бұқаралық спортқа тарту көзделіп отыр.

Қоғамнан қолдау бар

Жиын барысында түрлі сала өкілдері сөз алып, Жолдау аясындағы басым бағыттарға тоқталды. «Нефтехим LTD» ЖШС бас директоры Олег Тимошов «Өндірістік саясат туралы» Заңды дайындауға қолдау білдірді.

- Біздің компания Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде өткен жылы зауыт қуаттылығы 30 мың тоннадан 64 мың тонна пропиленге дейін жетті. Отандық жаңа индустрияны әрі қарай дамыту үшін құқықтық база қажет. Өндірістік саланы қолдауға қатысты мәселелер әр түрлі заңнамаларда ғана қамтылған. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы Заң әзірлеу туралы тапсырмасы орынды. Бұл бастама барлық реттеу, қолдау шараларын бір арнаға топтастырып, тиімділігін арттырады деген сенімдемін, - деді зауыт басшысы.

Ал Ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Серік Жартыбаев аталмыш оқу орны мықты IT-ортаны қалыптастыруға әзір екенін айтты.  

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ІТ-саласы, цифрландыруға қатысты жобаларға баса назар аударды. Біз қазірдің өзінде IT-hub құру бойынша жұмыстарды аяқтадық. «Жас маман» бағдарламасы аясында 4 зертхананың жаңаруы мол мүмкіндіктер аясын ашып берді. Оған қоса, облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Мұның барлығы ІТ-ортаны дамытып, бизнес-инкубатор, құзіреттілік орталығы, оқу-өндірістік комбинатты құруда оң ықпал етері сөзсіз, - деді С.Жартыбаев.

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қобланбек Қожин Мемлекет басшысының «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын ұзартуға қатысты пәрмені кәсіпкерлерге, ал елдегі ең төменгі жалақы көлемін 60 мың теңгеге дейін арттыру бойынша тапсырмасы 1 млн тұрғынға тиімді болатынын алға тартты.

Жиын соңында аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов 15 қыркүйек - халықты идеологиялық тұрғыдан ақпараттандыру күні болып белгіленгенін атап өтті. Бұл күні облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының жаңа құрамы аудан-қалаларда тұрғындармен кездесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру барысымен таныстырады. Кейін бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілмек.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.


Количество показов: 312

Возврат к списку