«Жақсы адамдармен дос болдым»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

«Жақсы адамдармен  дос болдым» 07.09.2021

«Жақсы адамдармен дос болдым»

Жасынан еліне еңбек етіп, айналасына адалдықтың үлгісін көрсеткен және сол арқылы өмірден өз орнын тапқан жандардың жүрген жолы - кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Сондай биік парасатты да ұлағатты адамдардың бірі – Павлодар облысының Құрметті азаматы, «Халықтар достығы» орденінің иегері Идият Әбдіхалықов. Өмірінің 50 жылға жуық уақытын әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік қыметке арнаған ағамыз биыл мерейлі 70 жасқа келіп, тағы бір биік белесті бағындырып отыр.

Тілеуберді САХАБА

Идият Бекболатұлы 1951 жылы 8 қыркүйекте бұрынғы Краснокутск ауданы Харьковка ауылында қарапайым жұмыскерлер отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1968 жылы Семей зооветеринарлық институтына түсіп, оны 1973 жылы бітірді. Сол жылы Краснокутск ауданы «Спартак» совхозы бөлімшесінің зоотехнигі болып, еңбек жолын бастады. Міне, Идият Бекболатұлының қызмет жолындағы үлкен жетістіктері мен өміріндегі маңызды баспалдақтар осы қадамнан басталды. Яғни, кішкентай ғана бөлімшенің зоотехнигі қызметінен.

- Менің өміріме ылғи жақсы адамдар жолығып отырды. Мысалы, Уақап Сыздықов, Мұрат Таниев және Зекеш Қажыкенов деген азаматтардан мол тәлім алып, олардың еңбек жолдарын үлгі тұттым. Яғни, осы үш адамды өзімнің өмірлік ұстаздарым деп санаймын. Олар менің еңбек жолымда белгілі бір жетістікке жетуіме зор ықпал етті. Жалпы, өзім жасымнан еңбекті сүйіп өстім және өзіме өте қатаң талап қойып үйрендім. Соның арқасында қолыма алған істі шамам келгенше соңына дейін жеткізбей тынбайтын едім. Сонымен қатар, жоғарыдағы ағаларымның артқан сенімін ақтау үшін де барлық күш-қайратымды жұмсай білдім. Кейінгі ұрпаққа да осындай ақыл-кеңес берер едім. Яғни, еңбексіз адам өспейді және жанжақты дамымайды. Қазір қарап отырсаңыз, талмай еңбек еткен адамның табысқа жетпей қалғанын көрмейміз. Бүгін болмаса да, ертең өз орнын табады. Бұл – өмірдің шындығы. Ата-бабаларымыз: «Еңбек еткеннің екі бүйірі шығады» дегенді бекер айтпаған ғой. Абай атамыздың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген нақылы да ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Әлі де талай буын ұрпақтың өміріне ұран болары хақ. Менің тағы бір ұстанымым – сабырлық сақтау. Адам өмірде әртүрлі кедергілермен кездесіп, небір келеңсіз оқиғаға тап болады екен. Сол кезде сүрініп кетпес үшін алдымен айналаға жақсылап қарап алып, кейін әрекетке көшкен жөн. Яғни, қандай шешім қабылдасаң да, ойланып жасаған адам ешқашан өкінбейтініне көзім жетті, - дейді Идият Бекболатұлы.

Идият ағаның өмір жолы Май ауданымен тығыз байланысты. 1975-1979 жылдар аралығында Павлодар облыстық комсомол комитеті аппаратында, кейін Май аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін ойдағыдай атқарды. 1979 жылғы қыркүйекте ол Май ауданы Қазан совхозы партия комитетінің хатшысы болып сайланды. Ал 1981-1992 жылдары аралығында Май аудандық партия комитетінің хатшысы, содан кейін бірінші хатшысы, аудандық халық депутаттары кеңесінің төрағасы қызметтерін үлкен абыроймен атқарды. Ол 34 жасында Май ауданын басқарып, сол кезде еліміздің ең жас басшыларының бірі болды.

Білетіндердің айтуынша, Идият ағамыз 25 мың халқы бар ауданды жеті жыл басқарған уақытында әрбір кеңшардағы қарапайым жұмыскерлердің, яғни, малшылар мен механиза-торлардың есімдерін есіне сақтап, олардың қалай жұмыс істейтініне дейін біліп отырады екен.

Идият Бекболатұлы халықтың қоғамдық өміріне де етене араласып, талай маңызды мәселелерде бой көрсетіп, үн қосып келді. Атап айтқанда, екі рет облыстық халық депутаттары кеңесінің депутаты, екі рет облыстық мәслихаттың депутаты және Май аудандық халық депутаттары кеңесінің төрт шақырылымының депутаты болып сайланды. Сонымен қатар, облыстық мәслихат аппаратын құруға қатысты.

Идият ағамыздың іскерлігі аймағымыздағы көші-қон саласының дамуына да зор ықпал етті. 1999-2007 жылдары аралығында облыстық көші-қон және демография басқармасын басқарды. Елдің экономикалық әлеуетінің төмендігіне қарамастан, шет мемлекеттен келген қандастарымызды қабылдауды бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Сол жылдары Атамекенге Моңғолия, Өзбекстан және Ресей сынды көршілес елдерден 19 мың қандасымыз көшіп келіп, азаматтық алды. Осы бағытта атқарылған нәтижелі жұмыстың арқасында облыстың көші-қон саласы үкімет тапсырмасын орындау, көші-қон саясатын жүзеге асыру, бөлінген қаражатты толығымен игеру рейтингі бойынша елімізде алдыңғы үштіктен төмен түспеген еді.

- Мен көші-қон саласында жетекшілік етіп жүрген уақытта Моңғолия, Ресей және Өзбекстан елдерінен 19 мың қандасымыз көшіп келіп, Қазақстан азаматтығын алды. Бір сөзбен айтқанда, бір ауданның халқы келіп, қосылды. Біз олардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істеп, баспаналы болуына және жұмыс тауып еңбек етуіне жағдай жасадық. Сол кезде көшіп келген қандастарымызға жеңіл жолмен үй алып беретін өте тиімді арнайы бағдарлама болды. Мысалы, бір отбасы Ақсуға орналасты делік. Ол өзіне ұнаған үйді таңдап, бізге ұсынады. Біз үй иесімен сату-сатып алу шартын жасап, ақшасын аударамыз. Содан кейін үй көші-қон басқармасының меншігіне өтеді. Ал көшіп келген қандасымыз азаматтық алған күні әлгі үйді атына аударып береміз. Осылай, 19 мың қандасымыздың төрттен бір бөлігіне үй алып бердік. Жалпы, сол кезде қандастардың көшіп келуіне билік тарапы жақсы қолдау көрсетті, - дейді Идият
Бекболатұлы.

2008-2011 жылдары аралығында Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болды. Осы жылдары тағы бір үлкен міндетті мойнына алып, оны абыроймен атқарып шықты. Атап айтар болсақ, бүгінде «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі орналасқан «Достық үйі» ғимаратының құрылысы басталғаннан соңына дейін басы-қасында болды. Ал оның ашылу салтанатына ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, «Достық үйінің» символикалық кілтін Идият Әбдіхалықовтың қолына табыстаған болатын.

- Бұл өте үлкен жауапкершілігі зор жұмыс болатын. Ғимараттың құрылысын 2008 жылы 3 қаңтарда бастап, сол жылдың 30 қыркүйегінде аштық. Сол күннен бастап Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі және сол кезде 19 этномәдени бірлестіктер өз жұмыстарын жандандырды. Сонымен қатар, әртүрлі спорттық сауықтыру орындары мен тігін цехтары және басқа да үйірмелер болды. Жалпы, құрылыс жұмысын жүргізу және ішін жабдықтау барысында әртүрлі кедергілер мен қиындықтар кездесті. Дегенмен, барлық тосқауылдардан сүрінбей өттік. Мысалы, ғимараттың ішіне қоятын жиһаздарды Чехословакия елінен алдырған едік. Сонда жеткізіп берушілер келісімшартты біраз кешіктіріп орындады. Бірақ, құрылысты жоспарлаған уақыттан кешіктірмей аяқтап, тапсырдық, - дейді ағамыз.

Одан кейін «Павлодартелерадио» КМК директоры қызметін атқарып, 2016 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың депутаты ретінде құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері жөніндегі тұрақты комиссияны басқарды. Ал қазіргі уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы қызметін
атқарады.

Көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Халықтар достығы» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасының тоғыз бірдей мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Сондай-ақ «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері. Бүгінде Павлодар облысының, Май және Ақтоғай аудандарының Құрметті азаматы. Осындай мерекелі шақта мерейжас иесіне зор денсаулық, отбасына құт-береке және қоғамдық жұмыстарында баянды табыс тілемекпіз.


Количество показов: 354

Возврат к списку