Жақсылық күткен жыл келді!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнерімен танымал
26.01.2021

Кемшіліктер бар
26.01.2021

Заманауи кешенге айналады
26.01.2021

Талап өзгермей,талпыныс болмайды
26.01.2021

Салық сомасы қайтарыла ма?
26.01.2021

«Еңбек» биыл межесіне жетеді
26.01.2021

Жеке куәлік - телефонда
26.01.2021

Шектеуді елемеген
26.01.2021

Өтініш қабылдау басталды
26.01.2021

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

05.01.2021

Жақсылық күткен жыл келді!

Зейнетақы өседі
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жыл ішінде зейнетақыны индексациялауға 3 трлн. теңгеден астам қаржы жұмсалатынын айтқан болатын. Қарттар игіліктің басын биылдан бастап көреді. Зейнетке шыққан қарияларымыздың ай сайынғы 
алары 7 пайызға өсетін болды. Яғни, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері  1 689 теңгеге артып, 18 524 теңгеге жетеді. Зейнетақының ең төменгі мөлшері 4,6 мың теңгеге ұлғайып, 43 272 теңгені құрайды. Демек, биыл зейнетақы шамамен 7 мың теңгеге көбейеді. 
Зейнетақы демекші, қаңтар айынан бастап зейнетақы жинақтау шоттарындағы қаржының бір бөлігін мерзімінен бұрын шешіп алуға мүмкіндік беріледі. Бұл - былтыр қоғамда қызу талқыланған тақы-рыптардың бірі. Әр жасқа сәйкес белгіленген жеткілікті деңгейі бар 700 мың қазақстандық зейнетақы шоттарындағы жинақ ақшасын баспана алу, ипотекалық қарызды жабу, емделу үшін пайдалана алады. Мұндай мүмкіндік біраз уақыт бойы қордаланып келе жатқан мәселелердің оң шешім табуына әсер етуі тиіс. 

Жәрдемақы көлемі ұлғаяды 

Биыл жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді, айып-пұлдарды, салықтарды есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) көлемі көбейді. Былтыр 1 сәуірден бастап бір айлық есептік көрсеткіш 2 778 теңге болса, осы жылы 2917 теңгені құрады. Сәйкесінше мемлекеттік қазынадан берілетін әлеуметтік төлемдердің, оның ішінде жәрдемақының көлемі артады. 
Айталық, көпбалалы аналарға ай сайын берілетін жәрдемақы өседі. Енді төрт бала тәрбиелеп отырған ата-аналар 46,7 мың теңге, бес баласы барлар 58,4 мың теңге, алты балалы отбасылар 70,1 мың теңге, жеті бала үшін 81,8 мың теңге, сегіз баланың ата-анасы 93,3 мың теңге, тоғыз баланы бағып-қағып отырғандар 105 мың теңге, он және одан да көп баласы бар батыр аналар 116,6 мың теңге алады. Осылайша, жәрдемақы көлемі шамамен 4-5 мың теңгеге көбейеді. 
Бірінші, екінші және үшінші баланың дүниеге келуі үшін берілетін бірреттік төлем де 105,5 мың теңгеден 110,8 мың теңгеге дейін, төртінші және одан көп балаға арналған жәрдемақы 175 мың теңгеден 183,7 мың теңгеге дейін артады. 

Күнкөріс деңгейі көтеріледі

Былтыр базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңге болған еді. Биыл бұл көрсеткіш 34 302 теңге болып белгіленді. Соған сәйкес, мүгедектікке байланысты берілетін төлемдердің сомасы өзгерді. 
І топтағы мүгедектер 1,92 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 62 723 теңге алса, енді 65 860 теңге алу мүмкіндігі бар. Ересек жастағы II мүгедек тобындағы адамға төленетін ақы 49 983 теңгеден 52 483 теңгеге өседі. III топтағы ересек мүгедек адамға 1,04 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Былтыр ол 33 975 теңге болса, биыл 35 675 теңге болады. 

Электрондық әмияннан алады

Осы жылдан бастап ел тұрғын-дарына атаулы әлеуметтік көмек электронды әмиян арқылы беріледі. Бұл дегеніңіз - ай сайын алатын тиісті сома әлеуметтік электрондық әмиянға түседі деген сөз. Яғни, банкке барып, шот ашудың қажеті жоқ. Табысы төмен отбасылар осы әмияндағы қаржыны азық-түлік, киім-кешек алуда еш қиындықсыз пайдалана алады. Жылдың соңына қарай мемлекеттік жәрдемақы алатын өзге де әлеуметтік топтарға қаржы аударарда осы жаңа тәсіл қолданылмақ. Мұндай жаңашылдық соңғы уақытта тұрғындардың басым бөлігі қолма-қол ақшамен төлеу жасауды азайтқандықтан енгізіліп отыр.  Сарапшылардың пайымынша, атаулы әлеуметтік көмекті электронды әмиян арқылы беру қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, онлайн түрде төлемдерді жасау мүмкіндігін арттырады. 

Педагогтардың айлығы артады

Өткен жылы мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға көбейген болатын. Биыл да дәл осындай көлемде үстемеақы қосылады. 
Айта кетерлік жайт - бұл тек мектеп мұғалімдеріне емес, бала-бақша тәрбиешілері, қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлері, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына да қатысты. Олардың жалақысы 25 пайызға көбейеді. 
Сонымен қатар, мұғалім өз ісінің шебері болса, ай сайын еңбекақысына қоса 50 пайыз төлем алады. Дәптер тексергені, сынып жетекшілігі, магистрлық дәрежесі - барлығы ескеріліп, қосымша ақы да төленеді. 
Биылдан бастап білім беру саласын басқару жүйесі де өзгереді. Бұдан былай аудандық және қалалық білім бөлімдері облыстық басқармалардың тікелей бақылауында болады. Аудан-қалалардағы білім бөлімдерін басқару мен қаржыландыру да облыстық деңгейге өтеді. 

Ақ желеңділер де ұмыт қалмайды

Пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрген ақ желеңділердің еңбегі ерен екеніне ешкім шүбә келтірмес. Елеулі еңбек лайықты деңгейде бағалануы тиіс. Ел билігі осылай пайымдайды. Сондықтан былтыр коронавирустық инфекцияға төтеп беру үшін тер төккен медицина саласының қызметкерлеріне өтемақылар берілген болатын. Айлығы да айтарлықтай өсті. Мәселен, дәрігерлердің еңбекақысы 246 мың теңгеге, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 144 мың теңгеге жетті. Алдағы үш жыл аралығында 250 мыңға жуық ақ желеңдінің айлығы кезең-кезеңмен өсіп, 2023 жылы орташа еңбекақы көлемінен екі есеге асып түсуі тиіс. Жыл сайын дәрігерлердің 
жалақысы 30 пайызға, мейірбикелердікі 20 пайызға көбейеді. Биыл бұл мақсатқа қазынадан 222,3 млрд. теңге қарастырылып отыр. Сонымен қатар, осы жылы санитарлық-эпидемиологиялық сала қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға 6,6 млрд. теңге жұмсалады. 

 Полицейлердің жағдайы жақсарады 

Тәртіп сақшылары да медицина қызметкерлерімен қатар қауіпті індеттің таралуының алдын алып жүр. Қоғам қауіпсіздігін сақтау, қылмыстық әрекеттердің бетін тез арада шешу сынды жауапкершіліктің ауыр жүгі тағы бар. Қысқасы, жұмыстары қиын, алар ақшасы - аз. Сондықтан былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерінің айлығын алдағы үш жылда 30 пайызға арттыру қажеттігін айтқан еді. Бұл бағыттағы жұмыс биылдан басталады. Яғни, осы жылдан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жала-қысы өседі. 
Сонымен қатар, олардың әлеуметтік жағдайына баса мән беріледі. Бұған дейін жыл сайын тәртіп сақшыларына тұрғын үй өтемақысын беру үшін бюджеттен 15 млрд. теңге бөлінетін. Биыл қосымша 10 млрд. теңге қарастырылады. Сөйтіп, кезекші, қарауыл бөлімдері, мамандан-дырылған күзет ұйымдары, ведомстволық оқу орындары мен қылмыстық-атқару жүйесі өкілдерінің баспана мәселесін шешуі үшін барлығы 25 млрд. теңге бағытталады. 

Әлеуметтік сала да ескеріледі

Соңғы жылдары қарттар үйлері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталықтары, тұрақты мекенжайы жоқ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болған адамдарды бейімдеу орындарында еңбек ететін қазақстандықтардың еңбек-ақысы төмен екені жиі көтерілді. 
Жалғызбасты қариялардың үйлеріне барып, бар жағдайын жасайтын әлеуметтік қызметкерлердің айлығы да мардымсыз еді. Қарттардың көңілін аулап, денсаулығын бақылап, «ерекше» адамдардың аяқтан нық тұруы үшін күні-түні тынбай еңбек ету әсте оңай емес. Сондықтан бұл сала өкілдерінің талай жылдан бергі тілегі де ескерілді. Биыл әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 1,5 есеге өсетін болды. Нәтижесінде осы салада жұмыс істейтін 38,5 мың қызметкердің қалтасына түсер қаржы көбейеді. 
Осы жылы жәрдемақы, әлеуметтік төлем, жалақы көлемін арттыру бағытында осындай оң өзгерістер орын алмақ. Сол арқылы тұрғындар-
дың табысы көбейіп, әлеуметтің әл-ауқаты жақсара түсуі тиіс. Әлбетте, ай сайын алар қаржының көлемі көңіл көншітер болғаны жақсы-ақ. Десе де, басты байлық - денсаулыққа баса назар аударуды ұмыт қалдырмаңыздар! Жаңа жыл әрқайсыңызға жақсылық, молшылық, бақыт пен береке әкелсін! 

2021 жылғы өзгерістер: 
Бір айлық есептік көрсеткіш - 2 917 теңге 
Ең төменгі жалақы   - 42 500 теңге 
Ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы - 18 524 теңге 
Ең төменгі зейнетақы көлемі  - 43 272 теңге 
Ең төменгі күнкөріс деңгейі  - 34 302 теңге



Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА



Количество показов: 58

Возврат к списку

Раздел не найден.