Жаяу Мұса

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Жаяу Мұса                  29.07.2021

Жаяу Мұса

«Толғау»

 

Жаяу Мұса өмірінің қым-қиғаш тартысты кезеңінің бір куәсі - осы ән. Ата қонысынан айырылып, Мұса, Мұстафа Шормановтардың қысастығы істі қылып, қуғын көріп, түрмеге түсіп, айдауда жүріп шығар күн, атар таңы тұтылғандай болып, сергелдең тағдыр әбден титықтатқанда шер-шеменге толы налалы жүрегінен сыздап шыққан күрсіністі ән:

Қиналды шыбын жаным,

ой дүние-ай,

Жалғызбын әрі кедей,

Шорманов бай.

Арам мал саған, сірә опа бермес,

Артыңа бір қарашы үңіліп-ай.

Залымдар маған мықтап

салды құрық,

Қорлыққа қалай төзем тірі жүріп?

Шығар күн, атар таңдар

бар шығар-ау,

Тұрады жақсылыққа ішім жылып.

Бұл әннің дақпыртын Баянаула жағынын білікті, зейінді кісілерінен анда-санда бір естіп қалып жүрдім. Алматыда атақты әнші Кәукен Кенжетаев осы ән жөнінде білетінін талай рет айтса да, бірақ сөзін ұмытқан. Радионың музыка редакциясында бас редактор кезім, қарамағымызда істейтін әнші Суат Әбусейітовпен ескілікті әндерді жаңғыртып, ұмытылғандарын қайта жаздыртып эфирде насихаттауды ақылға салып, кеңесіп отырғанда әңгімеміздің үстіне Рашид Мұсабаев келді. Рашидті көрген сәтте Суат: – Айтылмай жатқан бір ғажап ән бар, – деп ойлана тоқтады.

– Ол қандай ән? – дедім елең етіп.

– Ол - тек қана Рашидтің дауысына келетін ән, – деді Суат.

– Конкретно айтшы, Суат! – деп Рашид дүңк ете түсті.

– Жаяу Мұсаның әні... «Толғау» деп аталады. Сөзін білемін, мен сияқты тенор дауысқа келе бермейді. Күрсіністі, ауыр ән... Жаяу Мұсаның айдауда қиналып жүрген кезі, – деп Суат ақырын ғана әндетті. Рашид ойлана түйіліп: – Да, это моя песня, – деді тебірене қозғалақтап. Ән табиғатын бірден түсінгені. Суат оған күлімсіреп қарады да отырды. Сөздері бір-біріне жарасымды елге белгілі екі тамаша дуэттің әңгімелері кейде осылай болып үйлесіп жатады. Рашид - орысқолдылау азамат. Бірақ мейілінше адал, аңғал жан. Сәл мақтап қойса болды, соған мәз. Арада біраз күн өтті. Бұл екі әншімен тағы бір кеңесіп отырған сәтте Суат Рашидке ым қақты. Рашид мырс етті де: – Кабинетіңіз тап-тар. Мына пианиноңыздың үні де әлсіздік етеді, уақытыңыз болса астына... иә концерттік студияға түсейік. Залы кең, рояль бар, мен тапқан Жаяу Мұсаның әнін сол жерде тыңдасақ, – деді өмірі «сіз» деп сызылмайтын тік мінезді жан. Суат жымың-жымың етеді, мен аң-таң болып: – Ол қандай ән, – дедім елеңдеген күйі.

– Ана жолы сөз еткен ән - «Толғау», – деді Суат жайбарақат қана.

Жүрегім лүп ете түсті. Әп-сәтте студияға келдік. Рояль жанында пианистка Наталья Атаева отыр екен. Сәлемдестік. Өте ізетті жан Наталья Борисовна Рашидке жымия қарап, тұңғиық үнмен күңіренген ауыр аккордтарды тұнжырата басқанда Рашидтің кең тынысты, зілді дауысы:

Қиналды шыбын жаным,

ой дүние-ай,

Жалғызбын әрі кедей,

Шорманов бай.

Арам мал саған, сірә опа бермес,

Артыңа бір қарашы үңіліп-ай,

деп ә дегеннен тұла бойымды қалтыратып жіберді. Денем құсеттеніп, түршігіп кетті. Суат көзін жұмып, ойға батқан. Рашидтің алпамсадай мол денесі күркіреген әннің әуенімен зорайып, кеудесі кең ашылып, екі көзі алысқа... тым алысқа қадалып, көкіректі қарс айырған налалы сөз жүрек сыздатты. Өзінің «Ақсисасы», «Хаулаумен» қыннан шыққан алмас қылыштай жарқылдаған Жаяу Мұса емес, әбден қажыған шерлі мұңлық. Жо-жоқ, әннің қасіретті зары езілген еңсені қайта түзеп, айбат шегетіндей сұрапыл күштің лебін сездіргендей бола ма, о, тәңір?! «Толғау» орындалып біткенде көкірек кере дем алған Рашид: – Бұл әнді мен Борис Григорьевич Ерзаковичтен алдым, – деді жай ғана. «Толғау» сол күннен бастап Жаяу Мұса әндерінің қатарында эфирден орындала бастады. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне көнбеген, мойыса да майыспай, қайта осындай қуатты әнмен еш нәрсеге дес бермеген Жаяу Мұса тағы да табындырды бізді.

«Шормановқа»

Жаяу Мұсаның Шорманов әулетімен бітіспес күресінің бір куәсі – осы ән. Бұл да оның жан айқайы. Баянаула жағының қилы-қилы әндерінің шежіресі дерлік Қаныш Сәтбаев қат-қабат жұмыстарының ара-арасында опера театрына келіп, «Қыз-Жібек», «Абай», «Біржан-Сара», «Ер Тарғын», «Жалбыр» спектакльдерін көріп жүреді екен. Сондай сәттерде жаратылысынан ізетті, ілтипатты, қарапайым көпшіл жан театрда талай кісілермен жүздесіп, өзіне қоғадай жапырылып келіп, сәлем берген жандарға жылы сезіммен иіліп ықылас білдіреді екен. Осы жайдың бәрін көріп-біліп жүрген әнші Кәукен Кенжетаев былай деп еске алады: «Біз, Қаныш аға бәріміз - баянауылдықпыз. Осы жақындықтың әсері ме, ол кісі Шәкен екеуімізді ерекше жақсы көріп, мысалы, спектакль көруге келгенде осы театрда жүздесе қалса, бізді ішке тартып, емін-еркін сөз қозғап, ел жағын көп сұрай беретін-ді. Кейде бір жақсы отырыстарда бас қоса қалсақ, маған ән салдыратын. Біз сол пейіліне кәдімгідей марқайып, еркінсіп, Қаныш ағаның өзінен қиылып отырып «Ақылбайдың әнін», «Бүркітбайды», Жаяу Мұсаның әбден ұмытылды деген «Башқұлбай» дейтін әндерін айтқызып, мәз болушы едік. Сөйтіп жүргенде Қаныш аға бір күні театрға келген сәтінде маған ойлана қарап: «Кәукен, Мұрат Толыбаев орындайтын әндерді радиодан тыңдап жүрмін. Ол шырқайтын «Хорлан», «Шаманың әні», «Жиырма бес», «Қараңғы түнде тау қалғып», Жаяу Мұсаның «Гауһар қыз», «Сапар» әндері өзгеше дүние екен. Оны ешбір әншімен салыстыруға болмайды. Өзінің сәуір бұлтындай күркіреген сұрапыл дауысымен туа салған бір бітім. Әріптестері Мұратты қазақтың «Шаляпині» дейді екен, ал біздің жақтағы Жетіру Шаманың дауысын сол Шаляпиннен кем санаймыз ба, тегі? Бір жолы мен осы театрдың ғана еркесі емес, әлемдік операның еркебұланы Ермек Серкебаевтан Мұраттың зор үнді дауысын сұрап ем, нағыз хас талантқа тән қасиет қой, сол Ермек Мұраттың әншілігіне таң-тамаша қалдырды. Мұрат «Айман-Шолпанда» Маман, «Қыз Жібекте» Базарбай, «Ер Тарғында» Қожақ, «Ромео мен Джульеттада» Лорен әкей, «Руслан мен Людмилада» Святозар... мен де еріксіз таңғалдым, сонау Егіндібұлақ, Қарқаралы даласында малшы, Семей, Қостанай, Петропавл ет комбинаттарына мал айдаушы, Қарағанды шахтері... Өмірдің осындай жолдарынан өтіп кеп, Жұмат Шаниндей режисер, Евгений Григорьевич Брусиловскийдей жақсы жандар оның әншілік болмысын танып-біліп, әуелі хорға қатыстырып, бірте-бірте жеке рөлдерді ойнатып, міне, осы театрдың белді әншісіне айналды. Мұратпен кездестірші мені», деді. Қаныш ағаның мына сөзі мені ойландырып тастады. Құдды бір осы Мұрат Толыбаевты зерттеп жүрген жан сияқты сөйледі. Ептеп білетінмін, Қаныш аға Жүсіпбек Елебеков пен Манарбек Ержановты ерекше қадір тұтып, араласып, дәмдес болып жүрген. Мұрат жөнінде, бәлкім, сол кісілер айтқан шығар көп жайды. Көп ұзаған жоқ, бір күні сәті түсті, уағда бойынша Қаныш аға қасында көмекшісі бар, театрға келді. Менің репетиция жасайтын бөлмемде Мұрат Толыбаевпен жүздесті. Қаныш ағаның өзіне деген жылы ілтипат-ықыласына тебірене қалған Мұрат «Әндерімді тыңдайды екенсіз, Қанеке, мен үшін ол - үлкен құрмет» деді де, аққұба жүзі сұрланып, үні дірілдеп, көңілі босады ма, іштей булығып, «ән салып берейін» деді, жай ғана. Қаныш аға күлімсіреп, бас изеді. Мұрат бірденнен:

Кигенім үстімдегі бәрі қызыл.

Шорманов айтар сөзге тілім ұзын.

Жылансың екі басты ел жалмаған,

Қоймаймын өлтірсең де

айтар сөзім!

Болдыңдар ел менен бай,

жер қожасы,

Төгілер тасығанның мейманасы.

Түсімде талқан болып

                                  қара кидің,

Жібермес зәбір көрген

көздің жасы!

деп бос бұралған домбыраның қуаты зор толқын-толқын иірімінен ширығып шыққан ызалы, налалы ән жүрек сыздатып, Мұраттың кілкілдеген жас толы көзінен ыстық тамшылар бырт-бырт үзіліп жатты. Мен денем құсеттеніп, «мұнысы несі? Осындай осал ма еді, бұл кісі? Неге бірденнен осындай ауыр әнді айтып қалды?» деп мазасыздана тол-қып дегбірім кетті. Қаныш аға селт етпей тыңдады. Оның осы отырысы ертеде антика дәуірінде грек мүсіншілері жасаған құдіретті ескерткіштерге ұқсап, мені сұсымен басып отырғандай болды. Алып тұлға екен, Қаныш аға! Іштей буырқанған ән айтылып бітті. Мұрат үн-түнсіз тұнжырап, орнынан тұрды. «Ғафу етіңіз.... мен қазір» деп шыға жөнелді. Біраз бөгелді. Мұрат қайтып келгенше мен Қаныш ағаға: Бекежанның рөлін ойнап жүрмін. Бұл кейіпкер – дала рыцарі! Жібекті ол да сүйеді. Операда оның найзағайдай жарқылдаған бір әні бар. Патша заманында да, осы заманда да бағы ашылмаған Иманжүсіптің:

Жапалақ жалпылдайды жар

басында,

Немене жоқтың күні бар қасында.

Дос болып қас болғаннан

сақта, құдай,

Қасқыр да қас қылмайды

жолдасына,

дейтін әні Бекежанның әні болып «Қыз-Жібек» операсын дүбірлетіп жібереді. Кезекті бір айдаудан босаған Иманжүсіпті «Қияметтік доспын» деп өз ауылына шақырып, сый-сыяпат көрсеткен болып жүрген сол кездегі Шәріп деген болыс, өзі елге жайсыз, мансапқор, реңі де сап-сары сүйкімсіз жан болғандықтан, жұрт оны «Сармойын» деп атап кетіпті. Сармойын басқарып отырған ел Иманжүсіп пен Сармойын қонаққа келе қалса, әншіні көкке көтеріп, әлпештеп, ардақтап, құрмет көрсетіп, өздерінің болысын елең қылмайды, ескермейді. Сармойын Иманжүсіптің ел алдындағы олсы беделін көріп, өресіз пендешілікпен қызғанып, опасыздық жасап, жер-көкке сыймай тағдыр тәлкегінде жүрген Иманжүсіпті ақыры ұстатып жібереді. Иманжүсіптің осы бір жойқын әні сол оқиғаға байланысты шығыпты дейді, ел сөзі, Қаныш аға, деп көкейімдегі сөзді осылайша тез-тез айтып жібердім. Қаныш аға көзіне тұнжыраған ой тұнып, іштей тынып, үн-түнсіз басын изей берді. Сөйтті де: – Бір көзімізді бір көзімізге жау ғып қойған заманға не дейміз... Шорманов әулеті мен Жаяу Мұсаның әулеті өзді-өзі ағайын еді, күндердің күнінде сол таласып жүрген жеріне басқа біреулердің ие болатынын білді ме екен, шіркіндер? Әрине, кім біліп жатыр оны. Болжаусыз бір өмір ғой, әншейін. Сол талас-тартыстың әлегі мен әуресі Жаяу Мұсаны өмір бақи жаңағы өзің айтқан Иманжүсіп сияқты сергелдеңге салып қойыпты. Мына бір әнін бала кезімізден білеміз. Келе-келе ұмытылды. Оны жаңғыртып айтатын әншілердің көзі кетті. Бұл әннің дақпыртын ел кісілерінен, Жүсекеңнен естуші едім. Өлмепті есіл ән! Жүрекке ауыр тиеді екен... – деп демін ішіне тарта күрсінді. Кәукен Кенжетаевтың әңгімесі осылай шертілді. Мұрат келді де: – Қаныш аға, Кәукенге мың да бір рахмет! Сіздей ұлы адамның жан жылытар ықылас-пейілі біздей қарапайым пендеге үлкен демеу, құрмет қой. Мен өзіңіз туған Баянауланың соноу Шама секілді ерен әншілерінен бастап, бәр-бәрінің әндерін айтумен келемін, соның бірі жаңа өзіңіз тыңдаған Жаяу Мұсаның дүйім жұртқа белгісіз әні «Шормановқа» деп аталады екен. Мұны мен Қали Байжановтан алдым. Осы ән сегіз жылға сотталған ауыр күндерде жаныма қуат болып еді. Жаяу Мұса құсап көтердім бар азапты, Қаныш аға. Ал енді өзіңіз Затаевичке жаздырған біраз әндеріңіздің ішінен «Хорланды» айтып берейін, – деді. Қаныш ағаның аққұба жүзінде оймақтай ғана қызыл рең білініп, қоңыр көзінен шуақ тарап, мейірлене бас изеді. Мұрат Толыбаев Естайдың «Хорланын» махаббаттың орындалмаған мәңгі арманы етіп, өкінішті жүректерді сыздатып жатты.

                * * *

Кәукен Кенжетаевтың осы әңгімесі есімнен шықпай қойды. Осы жайды бір жолы сұрағанымда Кәукен былай деді:

– 1942 жылы Мұратқа «Қазақстанға еңбек сіңірген артист» атағы беріледі екен, «кешегі тобанаяқ малшының жеткен жерін қара» дейтін сөз гулеп ала жөнелді. Соғыс сұрапылының алғашқы жылы. Радиодан: «немістер кейбір қаланы басып алды» деген сөзді естігенде Мұрат: «ойбай-ау, мына Совет өкіметінен не қалады?» деп айтып жүр деген жаламен көрсетінді боп, КГБ-ның тергеуіне түсіп, ақыры сотталып тынды. Сол ауыр күндерде жазықсыз жапа шеккен Мұрат тайгада ағаш кесіп, Кузбасста шахта азабын көріп, сегіз жылдай тағдыр тәлкегін бастан кешті. 1950 жылы Мұрат түрмеден босады. Елге оралды. Бірақ өз үйіне паспортын тіркемеді. Мұрат тағы да сергелдеңге түсіп, сонау Ұзынағашта біреудің үйіне тіркелді. Осы қиянатты естіген Мәдениет министрі Ильяс Омаров Мұратты өз үйіне тіркетті, театрға қайта орналастырды. Бір күндері Мұрат айықпас дертке шалдықты. Бір жыл тоғыз ай төсек тартып жатты. Сол күндері оған «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі» атағын берді. Әріптестер: «Баяғы ұсталар кезде алатын атағы ғой» деп күңкілдеді. 1967 жылы тамыздың екісі күні Мұрат Толыбаевтың үлкен жүрегі тоқтады. Мұратты Күләш пен Манарбек жатқан жерге жерледі. Бір ғұмыр өтті осылай. Бәріміз әншіміз, бірақ Мұрат толғайтын әндерді біз айта алдық па, тегі? Айта алсақ, Жаяу Мұсаның жаңағы бір «Шормановқа» деп аталатын жойқын әніне неге бара алмадық? Ал ол әнді Қаныш Сәтбаевтай ғұлама жан Мұрат Толыбаевтан тауып, іздеген жоғы табылғандай пешенесі жарқырады... Кәукен Кенжетаевтың осы әңгімесі түрткі болып, кейін Мұрат Толыбаевтың тағдырын зерттеп, «Сегіз жылдай сергелдең» деп аталатын деректі әңгіме жазып, ол радиодан берілді, кітаптарыма шықты...

Киргизский жәрмеңке

Бұл ән – «Киргизский красивай» деп те айтылады. Ұмытылған. Кейде бағзы бір әншілер білетінін байқатып жүреді. Тыңдай қалсаң, еріксіз елең етіп, ешбір әнге ұқсамайтын жаратылысына таңғаласың. Жаяу Мұсаның ілкімді жүрегі, сергек сезімі орыс тіліне де жетік екендігін сездіріп, қызықтыра бас шайқатып, күлкіге булықты-
рып, мәз қылады. Ән сөзінің тілі де өткір. Жігітшіліктің де қызулы лебін бұрқ еткізеді.Оны тыңдаған жан енжар көңілмен селқос қана бұйығы сезімде отыра алмайды, жастық шағы есіне түсіп, бойына ыстық қан тарағандай қозғалақтай қалады. Салқын тартқан көңіл шуақты сезіммен жайраң қағады. Өмірден қанша тауқымет, тәлкек, қағажу көрсе де, иіле қоймайтын, иә, өз барқын өзі көтере сөйлейтін өр мінезді Жаяу Мұса:

Алашқа атым шыққан

мен бір тұлпар,

Қыздарын орыс,

қазақ қылдым іңкәр.

Үйректі қарапайым суға жығып,

Қаз ілген айдын көлден мен

бір сұңқар.

Киргизский красивай.

Қыздарының сұлуы-ай!

Я прошу поцелуй,

Не женатый, холостой!

деп жер-көкке сыймай бұлғақтап, кәусар әуеніне ие бола алмай, құйқылжыта төгіліп, шалқиды кеп. Осы еркелік қай серіде бар еді, Біржан салда ма, Ақан серіде ме, әлде гәккулеткен Үкілі Ыбырайда ма, жоқ... Бұл шіркіндердің ешқайсысында жоқ еркелік! Осылайша төгілтіп:

Қыздардың қызыл ала, жасылы бар,

Төсінде алақандай асылы бар.

Жігітті нар көтермес қыз көтерген,

Шіркіннің қай жерінде

тәсілі бар!? – деуі кезінде сол Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақтардың есін шығарып, таң-тамаша қалдырған дейтін сөздер ел ішінде осы күнге дейін аңыз болып айтылады да жатады.

Жаяу Мұса 1929 жылы дүниеден қайтты. Содан кейін бұл әнді кезінде ағыл-тегіл сезіммен орындаған ескі әншілердің де бірте-бірте көзі кетіп, ұмытыла бастаған-ды. Осы жолдардың авторы 1980 шы жылдан бастап, сал-серілерді, әлбетте, оның бәрі халық композиторы ғой, осы кереметтердің өмірін, әндерін ыждағаты түрде зерттеп, жинастырып, ретке келтіріп, радионың қорына жаздырып, кеңінен насихаттап, теледидардан көрсете бастады. Дәл осы кезде әнші Қайрат Байбосынов Жаяу Мұсаның белгілі, белгісіз әндерінің ішінде «Киргизский красивай» әнін орындап, дүйім жұртты елең еткізді. Жаяу Мұса осы әнмен өзінің беймәлім қырын ашқандай болды. Қанша естен шықты, елеусіз қалды, ұмытылды десек те классикалық әндер қын түбінде жатқан алтын қылыштың сынығындай болып Қайрат Байбосыновтай шалқар шабытты әншінің құдіретті үнімен қайта оянып, өзінің екінші өмірін бастайды екен. Сал-серілердің ұлы ұстазы Біржанмен кезеңі бір Жаяу Мұсаның өзгеше жаратылған әндерінің көркем галереясында «Киргизский красивай» өрнегі мол үн бояуы жақұттай жарқыраған күйінде әнші біткеннің көз жауын алып, оны жеріне жеткізіп айта алмағандарды ішқұса қылып, мысын құртып, әдемі қалпында сынын бұзбай, ажарын бермей қызықтырады.

 

Илья ЖАҚАНОВ.


Количество показов: 827

Возврат к списку