Жайылым жайы қалай шешіледі?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Жайылым жайы қалай шешіледі? 11.09.2021

Жайылым жайы қалай шешіледі?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында басымдық берген мәселелердің бірі – жеке қосалқы шаруашылықты жермен қамтамасыз ету. Тұрғындар өз малдарын бағатын жайылымның аз екенін айтып шағымдануда. Осы себепті Президент Үкіметке «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Бұл мәселе қалай шешімін табу керек?

Расында, қазір шаруалар мал жаятын жайылым таба алмай, басын тауға да, тасқа да соғып жүр. Себебі жердің басым бөлігін бақуатты адамдар иеленіп алғандықтан, қарапайым халыққа алдындағы азын-аулақ малын жаятын жайылым жер тапшы. Тіпті, кейбіреулер меншігіндегі жерді мал-жан баспайтындай етіп қоршап тастаған.

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Ахмет Серкебаевтың айтуынша, жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз ету - кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

- Негізінен, ауылдың радиусындағы 9-10 шақырым жер жеке қосалқы шаруашылықтың мал жайылымына берілуі керек. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтары көп жерлерді мемлекеттік актімен иеленіп отыр. Жерді заңды түрде алған олар жеріне өзгенің малын түсірмейді. Өзіне тиесілі аумақты қоршап алып жатқандары да бар. Басты кедергі – осы. Басқа жерден жер беріп, ауыл маңындағы жерді босатып бер дегенге ешкім көне қоймайды. 20-25 шақырым жердегі жайылымға көшуге келіспейтін себебі онда тұратын орын, су, жарық мәселесі туындауы мүмкін. Сондықтан олар жылы орыннан қозғалғысы жоқ. Үкімет тарапынан осыны реттейтін нақты заң шықса ғана, кезінде берілген мемлекеттік актілердің күші жойылып, босаған жерді жеке қосалқы шаруашылыққа жайылымдық жер ретінде беруге болады.

Жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылыммен қамтамасыз ету – бұрыннан көтеріліп келе жатқан өткір мәселе. Жалпы, жер берілгенде Баянауыл, Май аудандары, Екібастұздың жері құрғақ ауылдарында әр мал басына 18-20 гектардан есептелуі керек. Айталық, 30-40 бас қара малы, 15-20 қойы, 5-6 жылқысы үшін 2-3 мың гектар жерді ұстап отырғандар бар. Ал 2-3 мың бас мал ұстайтындарға жер керек, себебі олар егін егеді, жем-шөп дайындайды, малын жаяды. Бірақ шаруа қожалықтары оны ауылдан шалғай жерлерден алуы керек. Мәселен, шаруа қожалығы жайылымдық жерді ауыл маңынан алып, малын соған жаяды. Бұл ауылдың малын жаюға тарлық етеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Жер комитеті бұл мәселені қарастырып, түбегейлі шешім табуы керек. Бұл мәселенің түйінін тек Үкімет қана шеше алады, - дейді сала ардагері.

«Ауыл» партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Ермат Байғұрманов жер мәселесін жергілікті жерде шешу керек деп есептейді.

- Ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында тұрып, шалғайдағы ауылдың жерін басқару деген санаға сыймайтын іс. Жер қатынастары саласында қордаланған мәселенің бәрі заңның тұрақсыздығынан. Ауыл әкім-дерін сайлап, жерді бөлуді солардың құзырына беру керек. Осы мәселені сайлау-ларда қайта-қайта көтеріп жүрміз. Ауылдың иісі мұрнына бармайтын адам жердің жағдайын қайдан білсін?! Жеке қосалқы шаруашылыққа тиесілі жерді заңды түрде тартып алып, қарапайым шаруаларды жермен қамтамасыз ету керек.

Ел Президентінің биылғы Жолдауында Үкіметке құзырлы органдармен бірлесіп, жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз етуде ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауды жүктеуі қарапайым халыққа жарқын үміт сыйлады. Алтын бесік аталатын ауылдың жағдайы түзелсе, елдің де түтіні түзу ұшары сөзсіз.

Сурет газет мұрағатынан алынды.


Количество показов: 456

Возврат к списку