Жайылым жайы - назарда

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Жайылым жайы - назарда 01.04.2021

Жайылым жайы - назарда

Жайылым жайлы сөз қозғалса, халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік бөлігіндегі мал баққан ағайын ойға оралады. Алайда, соңғы жылдары мұндай мәселе біздің өңірде де туындап отыр. Жеке шаруашылықтар көптеп құрылып, мал саны артқан сайын жайылатын жер де тарылғаны жасырын емес.

Жалпы, бүгінде елімізде 187 миллион гектар жер мал жайылымы ретінде тіркелген. Өкінішке қарай, оның 80 миллион гектары ғана игерілген, яғни, 43 пайызы қолданыста. Салдарынан төрт түлікті түлетіп отырған ауылдағы ағайынға жайылым жерлер жетпей отыр. Малдың көбі қыстақ пен жайлаудан гөрі ауыл маңында жайылады. Осылайша, ауыл маңайындағы 15-20 шақырымға дейінгі жерлер азып-тозып, табиғи өнімділігі жыл сайын төмендеп келеді. Тіпті, зоогигиеналық ахуал да шиеленісіп, мал арасында аурулардың көбеюіне әкеліп соқтыруда. Аталған факторлар толыққанды мал өнімдерін алу мүмкіндігі азайтып, саланың дамуына кері әсерін тигізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз Жолдауында да бұл проблеме көтеріліп, жерді түгендеу жұмыстарын жеделтетуге тапсырма берілген еді. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Сайлау Оразбаевтың айтуынша, шалғай жерлерде жайылым алқаптарын қолданысқа енгізу маңызды.

- «Жайылымдар туралы» заң жобасына сәйкес, әр ауылдық округтің табиғи-климаттық ерекшеліктерін, тарихи қалыптасқан мал жаю дәстүрін ескере отырып, ауылдық округ және аудандық әкімдіктермен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар әзірленген. Жоспарда ауыл округінің мал жайылатын жайылымдарының көлемі анықталады, оның нормадан тыс пайдаланылатын жерлерін, жері бар, бірақ мал бағылмай бос жатқан жердің иелерін анықтап, сол арқылы жайылымдық жерлерді,
жайылым пайдаланушылары мен жер иелері арасындағы жағдайды реттеп, нормативтік талаптарға сәйкестендіреді. Бір айта кетер жайт, малы бардың бағатын жері жоқ, ал жері бардың малы жоқ. Осы теңсіздіктерді шешу үшін ауылдың маңайындағы жерлер ұсақ малдардан, жылқылардан босатылып, тек қана сауын малға «қалдыру» көзделген. Ауылдық округтердегі
жерлердің көбін ЖШС, АҚ, ӨК, орман және су шаруашылығы мен айрықша күзетілетін аймақтар кәсіпорындары жалға алғаны белгілі. Бұлардың көбінде мал жоқ, бірақ малы бар шаруаларды, жоғарыда айтып кеткендей, өз жеріне жібермейді. Өйткені жерді 49 жылға жалға алған. Алдағы уақытта заң аясында бұл қарама-қайшылық шешімін табады деген сенімдемін, - дейді С.Оразбаев. Қорыта айтсақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жұмыстары жүйелі жүргізілсе, жайылым мәселесі де оң шешімін таппақ. Әйтсе де, шаруаларды қолдаймыз деп ауылда мал ұстаған ағайын ұмыт қалмауы тиіс.

Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 56

Возврат к списку