Жаза күшейді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

19.01.2021

Жаза күшейді

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айдар Тастеміров хабарлады. Сонымен қатар, осы салада соңғы уақытта орын алған өзгерістерді түсіндірді.
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар заңға қол қойған болатын. Яғни, ҚР қылмыстық кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бергендердің жазасы күшейтілді. Мысалы, бұрын ірі көлемде пара берген адам ҚР ҚК 367-бабының 2-бөлігі бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылатын және ол орташа-ауыр қылмыс деп танылған. Соңғы өзгертулер мен толықтырудан кейін ол ауыр қылмыс санатына қосылып, жазаның жоғарғы шегі жеті жылға дейін ұзартылды. Сол секілді, пара ұсынғаны үшін сотталған адамдарға рақымшылық жасалып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды. Және ең төменгі қауіпсіздік колониясында жазасын өтеуге тыйым салынды. Дәл осындай қатаң жаза мемлекет қаржысын жымқыруға көмектескен делдалдарға да қолданылады.
- Сондай-ақ, өткен жылы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарға сыйақы берудің жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлық алуына тыйым салу мәселелері де қарастырылған. Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлықтың субъектілер құрамы кеңейтіліп, комплаенс-қызметтер институты енгізілді. Жалпы, Мемлекет басшысының өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, жазаны қатаңдату бойынша берілген тапсырмалары іске асырылуда, - дейді А.Тастеміров.
Жаңа редакцияланған заңда пара алушылар мен оған көмектескен адамға салынатын айыппұл мөлшері өсті. Пара берушілерге салынатын айыппұл көлемі 50 АЕК-ке жетті. Кәсіпкерлердің тірлігіне заңсыз араласқандарды да ауыр жаза күтеді. Мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бес жылға дейін, басшылары мен судьялары сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тілеуберді САХАБА


Количество показов: 81

Возврат к списку