Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді

- Ольга Борисовна, өткен жылдың соңында жедел жәрдем шақырудың жаңа тетігі қолданыла бастағаны белгілі. Бұған не түрткі болды? 
- Бұрындары жәдел жәрдем қызметіне тәулігіне 500-600 қоңырау түссе, бүгінде 700-ден астам шақырту аламыз. Былтыр жазда коронавирустық инфекция мен пневмония ушыққан сәтте тәулігіне түсетін қоңырау саны екі есеге өсіп, 1200-ден асып кетті. Қыс кезінде маусымдық ауруларға шалдығу қаупі жоғары екенін ескеріп, Telegram мессенджерінде арнайы бот ашуды жөн көрдік. Себебі қоңырау саны күрт көбейсе, науқас оператордың жауабын әдеттегіден сәл ұзақ уақыт күтіп қалуы ықтимал. Ал адам денсаулығын сақтап қалуда әр минуттың маңызды екені белгілі. Сондықтан тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи технология тетігін пайдалануды жөн деп таптық. Бүгінде Telegram мессенджерін қолданушылар саны артып келеді. Көпшілік осы желі арқылы жаңалықтарды, басқа да керек мәліметтерді оқи алады. Мемлекеттік қызметтің барлық дерлік түрі де электронды үкіметтің  Telegram боты арқылы көрсетіледі. «Олай болса, оны жедел жәрдем қызметінің тиімділігі үшін неге пайдаланбасқа?» деген ой келді. Сөйтіп, өткен жылдың 
соңында @pvl_103_bot іске қосылды. 
- Оның көмегімен жедел жәрдем шақыру үшін не істеу керек? 
- Алдымен ұялы телефонға Telegram мобильді қосымшасын жүктеп, біздің ботқа жазылу қажет. Медициналық көмек керек болған жағдайда осы ботқа кіріп, «Жедел жәрдем шақыру» тетігін басады. Кейін көрсетілген нұсқаулыққа сәйкес сырқат белгілерін, науқас адамның мекенжайын жазуы тиіс. Мессенджер арқылы берілген бұл шақырту бірден бірыңғай call-орталықта өңделеді. Диспетчерлік орталық қызметкерлері сырқаттың санатына қарай шақыртудың орындау уақытын белгілейді. 
- Тұрғындар шақыртудың қабылданғанын қалай біле  алады? 
- Telegram-ботта «Шақырту мәртебесін тексеру» деген батырма бар. Соны басса болғаны, жедел жәрдем көлігінің қай уақытта жететінін білуге болады. Сондай-ақ, «Жиі қойылатын сауалдар» бөлімінде керекті мәлімет, кеңестер көрсетілген. Мәселен, коронавирустық инфекцияның алдын алу, белгілері мен емдеу жолдары туралы ақпарат орналастырылған. 
- Осы уақытқа дейін жаңа әдіс арқылы өтініш бергендердің қатарында COVID-19 жұқтыр-ғандар болды ма? 
- Жоқ. Көп жағдайда тұрғындардан қан қысымының түсуі немесе көтерілуіне қатысты шақыртулар түседі. 
- Ал бір күнде Telegram-бот арқылы барлығы неше шақырту болады?
- Өкінішке қарай, тұрғындардың басым бөлігі бұл ыңғайлы әдіс туралы біле бермейді. Сондықтан шақырту саны да аз. Әдетте тәулігіне 2-3 шақырту болады. Осы орайда жастарға өздерінің және ата-аналарының телефондарына мессенджерді жүктеп, ботқа жазылуға кеңес беремін. Сол арқылы жедел жәрдем қызметін шақыру уақытын айтарлықтай үнемдейді. 
- Мұндай жүйе тек Павлодар қаласында жұмыс істей ме? 
- Жоқ, аудан-қалалардың тұрғын-дары да ұялы телефондағы мессенджер арқылы медициналық көмекке жүгіне алады. 
- Ақпаратыңызға рақмет! 

Сұхбаттасқан - 
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА. 


Количество показов: 76

Возврат к списку