Жігер. Жүрек. Ниет

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз
14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?
14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды
14.01.2021

Тәуелсіз комиссия айналысады
14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?
14.01.2021

Оң өзгерістер күтеміз
14.01.2021

Шетелдік жүйенің берері мол
14.01.2021

14 қаңтар, бейсенбі
14.01.2021

Мықтылар Алматыда іріктеледі
12.01.2021

31.12.2020

Жігер. Жүрек. Ниет

Орталық атқарған оңтайлы істер

Аймағымызда белсенді жастардың басын бір арнаға тоғыстырып, олардың игі бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Еріктілер орталығы бар. «Birgemiz» фронт кеңсесіндегі белсенділер де «Волонтер жылы» аясында бірқатар істер атқарғаны мәлім. Аталмыш кеңсенің жетекшісі Саягүл Серікқызының айтуынша, жыл басынан бері еріктілердің мұрындық болуымен 500-ден астам онлайн шара өткен. 
- Біз осы аралықта волон-терліктің 7 бағыты бойынша және мектеп оқушылары арасындағы еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында бірқатар істер атқардық. Бүгінде аймақ тұрғындары арасынан 26 570 адам ерікті ретінде тіркелсе, олардың 16 300-і белсенді түрде жұмыс істеп жүр. Волонтерлердің арасында ең үлкені – 65 жаста. Бүгінде өңірде 12 волонтерлік ұйым мен еріктілердің бастамашыл 405 тобы тіркелген, - дейді С.Серікқызы.
Еріктілер түлектерді ҰБТ-ға дайындап, мектеп оқушыларына «Birgemiz: Bilim» жобасы аясында ағылшын тілін үйретіп, ІТ технологияны меңгеруіне көмектескен. Аталмыш жоба аясында 1126 жоғары сынып оқушылары қамтылып, қосымша білім алған. 
Сонымен қатар, елдегі карантин кезінде еріктілер орталығы 16 мыңға жуық отбасынан, яғни 65 мыңна астам адамға көмек қолын созған. Волонтерлер 11 104 азық-түлік себетін, 130 мың медициналық бетперде, 36 мыңнан астам антисептик және 805 дәрі-дәрмек жиынтығын таратқан. Олар жалпы сомасы 478 млн. теңгенің көмегін көрсеткен. Бұл жұмыстарды орталықтың 7587 еріктісі атқарған. 
Бұдан бөлек, былтыр ашылған «Волонтерлер үйінде» қазір 10-нан астам волонтерлер ұйымы жұмыс жасайды. Тек жастар арасынан волонтерлікке бет бұрған 10 мыңнан астам павлодарлық бар. Ал ел арасында істеген істерімен дараланып, көптің алғысын алып үлгерген «Мейірімділер клубы» («Клуб добряков»), «Шала туған сәбилерге көмек клубы», «Vita» іздестіру тобы, «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы», «Павлодарлық волонтерлер клубын» ерекше атап өткен абзал. Сонымен қатар, өңірдегі жоғары оқу орындарында, колледждерде 20-дан астам волонтерлер ұйымы бар. Оның үшеуі «Қазақстан алюминий зауыты» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және «Кастинг» ЖШС кәсіпорындарында құрылған.

Пандемиямен күрес

Әлемді әбігерге салған пандемия Ертіс-Баян өңірін де абыржытты. COVID-19-дың бірінші толқынында-ақ еріктілер біздің қоғамға қажет екенін дәлелдеді. Карантинге жабылған үйлерге азық-түлік жеткізіп, науқастарға дәрі-дәрмек тасып, блок-бекет-терде 24 сағат қызметте тұрған мамандарға және де ауруханаларға ыстық тамақ жеткізіп, өңір тұрғындарына вирустың қаупін түсіндіруде алға шықты. Әсіресе, «Мейірімділер клубы» бұл істе көш бастады. 
- Біздің еріктілер қолдан келгеннің бәрін жасады. Екінші толқын басталған кезде де еріктілер система құтысын ілуге арналған арнайы құралдарды жасап, оны ауруханаларға табыстады. Карантиндік шектеулер аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін оңай тимеді. Олардың көбі осы кезде жұмысынан айырылып, күнделікті ішіп-жем сатып алудың өзі мұңға айналды. Міне, осындай отбасыларды іздеп тауып, тұрақты түрде бақылауымызға алдық. Бұдан бөлек, ауыр науқасқа шалдығып, дертіне шипа таппай жүрген талай адамның еміне қажетті қаражатты жинауға көмек бердік, - дейді «Мейірімділер клубының» мүшесі Әсемгүл.
Аталмыш орталықтың директоры Асхат Құсдәулетов, бұған дейін атап өткеніндей, еріктілердің қайырымдылық ісіне кәсіпкерлер қол ұшын беріп келеді. Мәселен, тұрақты түрде демеуші болып жүрген бірнеше кәсіпкер бар. Олар -  «Вулкан АТД» ЖШС-нен Виктор, Нұр-Сұлтан қаласынан Серік, сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері, тіпті, зейнеткерлерге дейін қолдарынан келгенше көмек көрсетіп келеді. Орталықтың белсенді жастары күн сайын ондаған адамға көмек беріп, қоғам үшін аянбай еңбеу етуді мақсат еткен. Төтенше жағдай кезінде және карантин уақытында клубтың 200-ден астам мүшесі жұмыс істеді.

Волонтерлік жас таңдамайды

Ертіс-Баян өңірінің аға буыны да волонтерлік жұмысқа құлшына кіріскен. Бүгінде жасы жетпіске жақындаған Темірболат Нұрмұханов үлкендердің денсаулығын оңалту мақсатында шағын клуб ашып, қатарластарына көмек қолын созуда. Емдік жаттығуларға арналған спорт клубының 30-ға жуық мүшесі бар. Клубтың ашылғанына небары 1 жыл ғана болған. Темірболат ағаның айтуынша, зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа шыққаннан кейін қоғамға пайдасын тигізуді ойлағанын айтады. Ардагер спортшы бірнеше айлық зейнетақысын жинап, көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесін алып, жөнге келтірген. Басты мақсаты – басы ауырып, балтыры сыздаған жандарға көмек көрсету. 
- Жасы ұлғайған жандар аурушаң келеді. Солардың үйде отырып қалмай, ары қарай емделіп, дертіннен толықтай айығып кетпесе де, өзін жақсы сезіну үшін барынша көмек көрсетеміз. Өкінішке қарай, пандемия біздің тұрақты түрде жиналып тұруымызға мүмкіндік бермеді. Бірақ, біз қайырымдылық жасаудың жолын тауып, волонтер болудың артықшылықтарын жастарға түсіндіріп келеміз, - дейді Т.Нұрмұханов
Қарт волонтердің айтуынша, спорт клубына зағип жандар да жиі келеді. Олар түрлі шараларға қатысып, барынша көмек қолын созуға дайын. Зағип жандар қоғамының мүшесі Балкен Ибраеваның айтуынша, ерекше күтімді қажет ететін адамдарға қарау, оларға барынша күтім жасап, көңілін табу мақсатында ерекше жобалар қолға алынған.
- Зағип жандардың қасында жүріп, оларға қол ұшын беру де - үлкен ерлік. Біз спортпен шұғылданып, мәдени шараларға қатысып тұрамыз. Басқа мүге-дектерді де өз ортамызға шақы-рамыз. Аймағымызда «Күміс волонтерлер» атты жаңа жоба қолға алынуда. Аға буын өкілдері жастардан қалмай, қайырымды істердің басында болуды мақсат етудеміз. Себебі, ерікті болу жасқа қарамайды,- деді Б.Ибраева.

Тәртіп сақшыларының көмекшісі

Павлодарлық волонтерлер карантин кезінде полицейлерге де көмекке барды. Олар облыстық полиция департаментімен бірлесіп, рейдтік шараларға қатысқан.  Нәтижесінде Ертіс-Баян өңірінің еріктілері 342 карантин талабын бұзушылықты анықтаған.
- Мониторингтік топтарда карантиндік режимнің бұзылуын анықтайтын 45 ерікті бар. Олар санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Еріктілермен бірге 5 мыңға жуық рейд жүргізілді. Онда каран-тиндік шаралардың 342 бұзушы-лығы анықталды, - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Департамент берген мәліметке сүйенсек, еріктілердің қатысуымен болған рейд барысында облыс орталығындағы ойын-сауық мекемелерінде 50-ден астам келушілер болған заң бұзушылық анықталған. Сонымен қатар, санитарлық нормаларды бұзған 3 дәмхана анықталып, оның ішінде 2 дәмханада жұмыскерлер жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмыс орнында болған. Біреуінде дезинфекциялық төсеніш болмаған.
- Барлық анықталған заң бұзушылықтар тіркеліп, материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді. Полиция департаменті карантинді бұзушыларды анықтау бойынша кәсіпкерлік нысандарына күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер жүргізуде. Бұл жұмыста біздің мамандарға көмекке келген еріктілерге айтар алғысымыз шексіз, - дейді Н.Мәсімов. 

Тазалық - тәннің саулығы

Ал Торайғыров университеті 
«La vie добро» ұйымының волон-терлері Ертіс өзенінің жағасын, төменгі жағажайды қоқыстан тазарту мақсатында «Бұл - менің қоқысым емес, бірақ Павлодар – менің қалам» ұранымен тазалық шараларын өткізді. Олар күн суытқанға дейін әр демалыс сайын жаға-жайдан 40 қап қоқыс жинаған. 
«La vie Добро» волонтерлер жасағының жетекшісі Карина Закаринаның айтуынша, волонтерлер қала тұрғындарына демалыс орындарына қоқыс қалдырмай, шаһарды таза ұстауға шақырған.
- Біздің қоғамға эко әдеттерді күнделікті тірлікке енгізетін кез келді. Бұл аса маңызды. Белсенділер тұрмыстық қалдықтарды пластик, шыны және қағаз бойынша сұрыптады. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табатын болады. Себебі, біздің қоғам әлі де демалған орнын тазалап кетуді үйрене алмай келеді, – дейді ол. 

Осылайша, еріктілердің бірлесе жасаған дүниелері, көтерген тың бастамалары қазақтың ежелгі асарын қайта оралтты. Кез келген істі асарлатып бітіріп, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білетін бірлігі жарасқан елдің тектілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Абыроймен атқарылған істің болашағы жарқын болары хақ.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Количество показов: 70

Возврат к списку

Раздел не найден.