Жинақты алу емес,жарату маңызды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз
14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?
14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды
14.01.2021

Тәуелсіз комиссия айналысады
14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?
14.01.2021

Оң өзгерістер күтеміз
14.01.2021

Шетелдік жүйенің берері мол
14.01.2021

14 қаңтар, бейсенбі
14.01.2021

Мықтылар Алматыда іріктеледі
12.01.2021

14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды

«Отбасы банкі» – өкілетті оператор

Қазіргі кезде тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге арналған қаржыны алу үшін өкілетті оператор ретінде «Отбасы банкі» бекітілген. Ал инвестицияға зейнетақы жинағын пайдалану бойынша қаржылық реттеу агенттігі айналысады. Бұл мақаламызда біз көпшілікті қызықтырып отырған баспана жағдайын жақсартуға және емделуге алу бойынша мәселені тәптіштеп түсіндіретін боламыз. 
Жақында ғана  «Отбасы банкінің» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мерзімінен бұрын зейнетақы жинағын пайдалану жөніндегі платформаның дайындығы туралы мәлімдеме жасаған болатын. Белгілі болғандай, азаматтардан өтініш қабылдауға арналған тиісті интернет платформа толықтай дайын. Оны іске қосуға тек құқықтық-нормативтік актілердің қол қойылуы күтілуде. Л.Ибрагимова сайттың өзінде арнайы бөлім кеше іске қосылғанын хабарлады. Яғни енді азаматтар арнайы шот ашуға өтініш бере алады. Сол арнайы шотқа кейін жинақ ақша түседі.  
Банк төрайымының айтуынша, қазақ-стандықтар  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы рұқсат етілетін ақшасын алуға өтініш берер бұрын ойлануы керек. Себебі, бұл - жыл бойына жалғасатын шара. Яғни, біраз күтер болса, жинағы да молаяды. 
Л.Ибрагимованың айтуынша, азаматтарға өтініш беру үшін тек электронды цифрлық қолтаңбаның болуы талап етіледі. 
Қазіргі кезде Отбасы банкі ҚР Қаржылық реттеу агенттігіне біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша арнайы ағымдағы есепшот ашу және жүргізу туралы сертификат алды. Бұл егер азаматқа БЖЗҚ қоры тарапынан жинағын алуға рұқсат етілсе, ол соманы Отбасы банк арнайы есепшотқа аударатын болады. Одан әрі азаматтың мақсатына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге бағытталатын болады. 

Мүмкіндікті кімдер пайдалана алады?

Электронды үкіметтің сайтындағы (egov.kz) ақпаратқа сүйенсек, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделу үшін пайдалануына рұқсат беріледі. Сондай-ақ ынталы азаматтар өз жинағын сенімгерлік басқаруға басқа компанияларға бере алады. 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын алады», деп жазылған сайтта.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге пайдалану 
құқығын:
міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар зейнет жасына жетпеген азаматтар пайдалана алады. Нысаналы пайдалану құқығы белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар азаматтар үшін көзделетін болады. Жеткіліктілік шегі әр жас үшін жеке анықталады.
Қалыптасқан зейнеткерлер (әлеуетті құрылымдар қатарындағы зейнеткерлерді қоса алғанда) – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50% -ынан аспайтын шекте қолдана алады. Олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасы немесе еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда аталмыш құқықты пайдалануға болады.
Өмір бойғы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар жоғарыда аталған құқыққа ие.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының дербестендірілген есебін жүргізеді және уәкілетті органның сұранысы бойынша электронды хабарлама түрінде алынған көрсетілген мақсаттар үшін бір реттік төлемдер жүргізеді. Мақсатты пайдалану үшін жинақ мөлшерін алуға қолжетімді сома шегінде азаматтар өздері анықтайды. 
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану тәртібін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеп бекітті.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделуге пайдалану тәртібін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп бекітті. 
Азаматтар БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тұрғын үй алуға, емделуге немесе басқарушы компанияларға аударуға қолжетімді сомасы шегінде шектеусіз рет пайдалана алады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мәселелері бойынша уәкілетті оператор Отбасы банкке жүгіну қажет. Байланыс орталығы: 300 (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін).
Электронды үкіметтің сайтындағы (egov.kz) ақпаратқа сүйенсек, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделу үшін пайдалануына рұқсат беріледі. Сондай-ақ ынталы азаматтар өз жинағын сенімгерлік басқаруға басқа компанияларға бере алады. 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын алады», деп жазылған сайтта.

Қанша жинағыңыз барын білесіз бе? 

Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы мен алуға қолжетімді соманы Электронды үкімет (Egov.kz) cайтынан, сондай-ақ БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет немесе мобильдік қосымша арқылы білуге болады. Мәселен, Egov cайтынан ақпарат алу үшін келесідей әрекеттер жасауыңыз керек. Порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз. Осылайша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпаратқа қол жеткізесіз.
Өз қаражатыңыз туралы мәліметті БЖЗҚ сайтынан және оның мобильді қосымшасы арқылы ала аласыз. Ең бастысы, сіз тіркеліп, авторизациядан өтуіңіз керек. Бұл жағдайда пароліңіз бен логиніңіз керек. Сұранысты растау үшін ЭЦҚ  талап етеді. Егер ЭЦҚ қолыңызда болмаса, оған сіз халыққа қызмет көрсету мекемесіне барып тапсырыс бере аласыз. 

Өтініш беру тәртібі қандай?

Алушылардың өтініштерін қарау және төлемдерді жүзеге асыру тәртібі:
Өтініш беру үшін салымшы/алушы ЭЦҚ арқылы уәкілетті оператордың интернет- ресурсында Жеке кабинетте тіркеледі, одан әрі біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомасын және оны пайдалану мақсаттарын көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға арналған өтінішті толтырады.
Өтініш берген кезде салымшы жеке табыс салығын ұстап қалу тәсілін таңдауы тиіс: ол жинақ алып қойылған кезде бірден төленеді немесе зейнеткерлік жасқа жеткен кезде бөліп-бөліп ұсталады.
Қол қойылғаннан кейін БЖЗҚ-ға біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға электрондық өтініш келіп түседі.
Алушы уәкілетті операторға ішкі құжаттарына сәйкес қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі құжаттарды ұсынады.
БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын аударуды уәкілетті операторға оның өтінімі бойынша электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
БЖЗҚ-дан аударылған зейнетақы жинақтары уәкілетті оператор ашқан азаматтардың арнайы шоттарына аударылады.
Уәкілетті оператор алушы ұсынған біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалану жөніндегі құжаттарды тексереді және олар ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, мұндай құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін белгілі мақсаты бойынша аударады.
Айта кетерлігі, тиісті құжаттар тапсырылмаған жағдайда арнайы шотта қаржы 45 күннен артық жатпайды, кері, БЖЗҚ қорына қайтарылады.
Бірқатар азаматтарымыз  Президенттің бастамасымен  қолға алынған шараны өз игілігіне пайдалануды көздейді. Яғни өз мақсатына қарай зейнетақы жинағын алып, жаратуды ойлайды. Бұл ретте, оқырман-дарымыздың құжат өткізудің талаптарынан толық хабардар болуы аса маңызды деген оймен осы мақаланы ұсындық. Азаматтарымызға сәттілік тілейміз.  

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ


Количество показов: 40

Возврат к списку

Раздел не найден.