Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?

Биыл «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы» жинақ шоттарда «Жеткілікті деңгейден» артық сомасы бар азаматтарға қаржының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік берілгені белгілі. Көпшілік ипотекалық қарыздарды өтеп, жаңа пәтерлер алуға кірісіп кетті. Осы орайда Қазақстан көлік бизнесі қауымдастығы зейнетақы шотындағы қаржының белгілі бір сомасын отандық автокөліктерді сатып алуға жұмсау туралы бастама көтеруде. Жинақты темір тұлпар сатып алуға бағыттау дұрыс па? Сауалды «Алаңда» талқылап көрдік.

Анар  МАҚАШЕВА, Қазақстан көлік бизнесі қауымдастығының вице-президенті:
- Шыны керек, бүгінгі күні жеңіл көліксіз қатынау қиын. Сол себепті тұрғындар діттеген жерге тез жету үшін автомобиль алуды қалайды. Бірақ көпшіліктің оған қаржылай мүмкіндігі жоқ. 
Жыл сайын мемлекет тарапынан 20 млрд. теңге бөлініп, соның есебінен қазақстандықтарға отандық автокөліктер небары 4 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Десе де, қаржы көлемі көлік алуға ниеттілердің барлығына бірдей жетпейді. Мәселен, бұл бағдарламаға қатысуға жылына шамамен 7 мыңнан астам өтініш түседі. Ал 20 млрд. теңгеге тек 2 мың өтінішті мақұлдауға болады. 
Сондықтан зейнетақы шотындағы артық соманы автомобиль сатып алуға жұмсау керек. Біріншіден, бұл автомобиль паркін жақсартуға оң әсер береді. Еліміздегі 3,5 млн. көліктің 60 пайызы кем дегенде осыдан 10 жыл бұрын зауыттан шығарылған. Біз оларды Қазақстанда құрастырылған, экологиялық талаптарға сәйкес келетін «тұлпарлар» есебінен жаңартуды жөн санаймыз. Олардың қатарында электромобильдер де бар. Екіншіден, жинақ қаражатты пайдалану мүмкіндігі отандық автоөндіріс қуаттылығының артуына көме-теседі. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Демек, зейнетақы шоттарындағы артық соманы бұл бағытта жұмсау көлік ала алмай жүрген тұрғындарға әрі жергілікті кәсіпорындардың дамуына тиімді болады.

Мақсат  СЕРӘЛІ, экономист: 
- Зейнетақы шотындағы артық ақшаны баспана алуға пайдалану – ұзақмерзімді инвестиция. Сондықтан ипотекалық қарызды жабуға, алғашқы жарна ретінде төлеуге, емдеу шараларына жұмсауға беру орынды. Ал көлік сатып алуға бөлу – қисынға келмейтін іс. Себебі, көлік тұрғын үй секілді бірінші кезектегі қажеттілікке жатпайды. Ол қолайлы жағдайда өмір сүру үшін ғана керек. Оған қоса, мұндай тәжірибе әлемнің басқа елдерінде жоқ. 
Отандық автомобиль өндірісін қолдауға келер болсақ, қазіргі таңда елімізде құрастырылған көліктерге сұраныс та, оларды сатып алушылар да бар. Бұл саладағы кәсіпорындар зейнетақы есебінен қаржылай қолдау көрсетуге мұқтаж емес. 
«Жеткілікті деңгейден» асып тұрған ақшаны автомобиль сатып алуға пайдалану туралы шешім қабылданар болса, баға бірден шарықтап шыға келеді. Мұндай өзгерістің болатынын тұрғын үй нарығындағы жағдай анық аңғартты. Осылардың барлығын назарға ала отырып, зейнетақы шотындағы қаржыны көлік алуға жұмсау дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл ұсыныс құпталса, кейін отандық туристік компаниялар, басқа да қызмет көрсету салалары зейнетақы шотындағы қаржыға «тәбеті» ашылып, бір бөлігін сұрамасқа кім кепіл?

Қанат  ҚАБЖАМИТОВ, 
автошолушы, Павлодар қаласының тұрғыны:
- «Жеткілікті деңгейден» артық сомасы болса, оны көлік сатып алу мақсатында пайдаланудың еш сөкеттігі жоқ деп ойлаймын. Себебі бүгінде темір «тұлпар» күнделікті қажеттіліктердің біріне айналды. Оны карантиндік шектеулерге байланысты қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтаған кезде жұртшылық жақсы түсінді. 
Өткен жылы көлік сатып алушылардың қатары көбейгені де бұған дәлел бола алады. Тек жинақ қаржыны берер кезде тұрғындардың таңдауын шектеп, отандық «тұлпарларды» ғана алуы тиіс деген сипатта талап қойған дұрыс бола қоймас. Әлбетте, мұндай ұсыныстың қазақстандық автоөндірісті қолдау мақсатында айтылғаны түсінікті. Елімізде құрастырылған «Сhevrolet», «JAС», «КІА» маркалы автомобильдер де шетелдік баламаларына бәсекелес бола алады. Бірақ көліктің маркасын таңдау құқығы артық сомасы бар азаматтардың өз еркіне қалдырылса деймін. 
Мұндай мүмкіндіктің берілуі автокөлік нарығындағы бағаға әсер ете қоймайды деп ойлаймын. Себебі оның жыл сайын өзгеруі – заңдылық. Айталық, биыл «Lada» маркалы автомобильдер шамамен 400 мың теңгеге қымбаттады. Яғни, темір «тұлпарлар» бағасының өсуі жинақ шоттағы қаржыға емес, өндіріс, нарықтағы саясат сынды басқа фактор-ларға да байланысты.

«Алаңды» үйлестірген – Құндыз  ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 72

Возврат к списку