Жиын-терім мерзімінде аяқталады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Жиын-терім мерзімінде аяқталады 14.09.2021

Жиын-терім мерзімінде аяқталады

Қылышын сүйреткен қыс – қыр астында. Қаһарлы қыс маусымының қамын ерте ойлайтын шаруалар еккен егінін жинап, қорадағы малына қажетті шөпті дайындау қамында. Осы ретте, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Есентай Мүсәлімовті өңірдегі астық жинау және қысқы мал азығын дайындау мәселелері туралы сөзге тартқан едік.

- Есентай Базарбайұлы, облыста күзгі жиынтерім науқаны қалай жүріп жатыр?

- Облыста тәулігіне 20 мың тоннадан астам дәнді дақылдар жиналады. Өнімділігі - гектарына 11,4 центнер. Ауа райы мүмкіндік берсе, егін жинау науқаны қыркүйектің соңында аяқталады деп күтілуде.

Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының аумағы 1 468,9 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылғыдан 37,4 мың гектарға артық.

10 қыркүйектегі жағдай бойынша 361,7 мың га алқаптан дәнді дақылдар жиналды, жалпы көлемі – 413,9 мың тонна. Өнімділігі – гектарына 11,4 центнер. Сонымен қатар 8,51 мың гектардан
255,9 мың тонна картоп (өнімділігі – 301 ц/га), 3,79 мың гектардан 113,5 мың тонна көкөніс (өнімділігі – 300 ц/га) жиналды. Бақша өнім-дері 1,42 мың гектардан жиналып, 59,7 мың тонна (өнімділігі – 420 ц/га) өнім алынды.

- Биыл қысқы мал азығы жеткілікті бола ма?

- Облыста қысқы мал азығын әзірлеу жұмысы да қарқынды жалғасуда. Бүгінде 1 489,3 мың гектар шабындық шабылып, 1 380,5 мың тонна ірі мал азығы дайындалды. Шөптің орташа өнімділігі – 9,3 ц/га. Көлтабандар мен лимандарда – 18,1 ц/га. Сондай-ақ 57,9 мың тонна пішен дайындалды. Шөп алдағы қысқа жеткілікті.

Өңірге 1,5 млн. тонна жем-шөп қажет. Оның ішінде: 1450 мың тонна шөп, 213 мың тонна сабан. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 748 мың тонна, ал жеке қосалқы шаруашылыққа 915 мың тонна мал азығы керек. Облыста бұл межеге жетуге қажетті ресурс жеткілікті. Шөпті қажетті мөлшерде дайындау үшін 1,7 млн гектар шабындық жер: көпжылғы шөп – 323,0 мың га, біржылдық шөп – 59,0 мың га, көлтабандар мен лимандар – 213,9 мың га, жайылым – 1 102,0 мың га.

- Күзгі жиын-терім науқанына қажетті жанар-жағар- май мәселесі қалай шешілген?

- Өңір шаруалары күзгі жиынтерімге сақадай-сай, техника жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етілген. Ендігі мақсат–егін мен қысқы мал азығын шашау шығармай жинап алу. Қысқы мал азығын дайындауға 1968 техника, 631 бригада жұмылдырылған. Қажетті техника жұмысқа толық дайын. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін жинауға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 21,0 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны босатылды. Фермерлер үшін оның бағасы әр литріне 164 теңгені құрады. Ал мал азығын жинауға 4,0 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан - Торғын ОРАЗАЛЫ.


Количество показов: 380

Возврат к списку