«Жол картасының» көздегені не?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Еңбек» биыл межесіне жетеді
26.01.2021

Жеке куәлік - телефонда
26.01.2021

Шектеуді елемеген
26.01.2021

Өтініш қабылдау басталды
26.01.2021

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

09.01.2021

«Жол картасының» көздегені не?

Суармалы алқап артады

Бұл бағыттағы жұмыстар Павлодар облысында да жалғасын табуда. Мәселен, мамандар арнайы сараптама жұмыстарын жүргізіп, суармалы егіншілікті дамытуға қолайлы жерлерді анықтаған. Бүгінде аймағымызда 70 мың гектар көлемінде суармалы алқап бар. Алдағы үш жылда бұл көрсеткішті шамамен үш есеге көбейту жоспарланған. Яғни, 2022 жылға дейін суарылатын егістіктердің көлемін 140 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр. Бүгінде павлодарлық шаруалардың иелігіндегі суармалы алқаптардың 17 669 гектарын жем-шөп дақылдары алып жатыр. Ал 12 мың гектардан астам алқапта картоп, 11 981 гектарында астық өсіріледі. Қалған бөлігі майлы дақылдар мен көкөніс, бау-бақша өнімдеріне тиесілі. 

Жайылым жайы

Естеріңізге салсақ, өткен жылы Мемлекет басшысы өз Жолда-
уында ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды айналымға енгізудің әдіс-тәсілдерін пысықтау керектігін нақтылаған болатын. Жер мақсатты пайдаланса, ет және сүт өнімдерін ұлғайтуға жол ашылмақ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебі бойынша, әрбір 50 мал басына 500 га жайылым керек. 
Соңғы жылдары жайылым жайы көпшілікті алаңдатып отырғаны рас. Мал саны артқан сайын жердің де қажеттілігі туындайтыны айтпаса да түсінікті. Бұл ретте, бүгінде әр аймақта жерді түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, пайдаланылмай жатқан жерлерді айналымға енгізу шаралары қолға алынуда. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі 188 млн. га жайылымның тек 
80 млн. гектары, яғни 43 пайызы ғана адамдарға қызмет етуде. Ал 27 млн. гектар жайылым тозып барады. Сондықтан да, бұл мәселені Мемлекет басшысы назарда ұстап отыр. 
Павлодар облысында кәдеге жаратылмай, бос жатқан жерлерді түгендеудің нәтижесі жаман емес. Соңғы 3-4 жылда әр жыл сайын 
200 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, 100 мың гектарға жуық алқап қайта қолданысқа енгізіліп отыр. Қуантарлығы, бұл шара аудан-ауылдарда ғана емес, облыс орталығын да қамтып отыр.
Облыстағы төрт түліктің төрттен бір бөлігі Баянауыл ауданына тиесілі екенін ескерсек, онда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі қолға алынуда. Белгілі болғандай, аудандағы 
228 шаруаның жері артық, керісінше 241-іне мал жайылымы жетіспейді. Бұл ретте, игерілмеген жерлерді анықтау бойынша тиісті шаралар қолға алыныпты. Мәселен, бүгінде 
44 жер учаскесінің (73584 га) пайдаланылмай жатқаны анықталған. 196 шаруашылық жайылым жері бола тұра, төрт түлігін ауылдың ішінде ұстап отырған көрінеді. Оларға ескерту жасалып, ауылдан шығуға уақыт беріліпті.
Мемлекет басшысы Жолдауда шағын шаруалардың өлместің күнін көріп отырғанын айтқан еді. Амалсыздан ауылдың ішінде мал ұстап отырғандардың жай-күйі соған саяды. Артық техникасы, тіпті адам күші жоқ шағын шаруа-
лар төрт түлігін ауыл маңына айнала жайғаннан басқа айла қалмай отыр. Бірақ, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жыртығыңды жамап, жеңілдіктерді тиімді пайдалануға мүмкіндік зор екенін естен шығармаған жөн.

Ғарыш мониторингі іске қосылды

Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанның кейбір өңірлерінде космомониторинг іске қосылды. Бұл туралы жер ресурстарын басқару комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану тапсырма-сының орындалу барысы туралы 
өткен отырысында мәлім болды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжаһан Бимендинаның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығы жерінің космомониторингісін енгізу үшін заңнамалық база әзірленген. Сондай-ақ пайдаланылмайтын жерлерге салық мөлшерлемесі 20 есеге артпақ. Әзірге космомониторинг жобасы Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылады. Бұл аймақтар кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі аталған өңірлерде жер пайдалану саласы бойынша ең көп шағым келіп түскен.

Оралхан ҚОЖАНОВ




Количество показов: 64

Возврат к списку

Раздел не найден.