Жылағанда сүйеу болған халық бұл

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл 27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл

Осыдан тура 77 жыл бұрын Кеңес өкіметінде «Чечевица» атты операция басталып, шешен-ингуш ұлтының отбасыларын Қазақстан мен Қырғызстанға депортациялады. Сол тұста Павлодар облысына қоныс аударғандар аз емес. 

Ақсу қаласының тұрғыны Патимат Хашиева үшін сол кездерді еске алу, санада жаңғырту оңай емес. Себебі осы оқиға салдарынан талай жастың өмірі қыршынынан қиылып, балалар жетім қалды, көпшілік жақын-жұрағатынан айырылды.  
- Операция басталған кезде әкем небары 14 жаста екен. Ер азаматтарды алаңға жинап, автоматпен қоршап алғаны, үйдегі қарттарды, аналар мен балаларды ештеңе қарамастан ағаш арбаларға отырғызып, Қазақстанға әкелгені, жол бойы тамақ пен сусыз азап тартқаны, азапқа шыдамаған көптеген адамның сол жерде жан тәсілім еткені – бәрі жадында сақталып қалыпты. Бұл – күллі вайнах халқы үшін тарихтағы ең қасіретті кезеңдердің бірі. 

Депортацияланған жұртшылық Қазақстанға келген соң ғана етек-жеңі мен есін жинады. Бұл уақыт соғыс жылдарымен тұспа-тұс келіп, қазақ халқының өзі ішерге тамақты әрең тапқан уақытта олар бізді құшақ жая қарсы алды. «Өзгесің» деп өзектен тепкен жоқ. Керісінше, «балам» деп бауырына басты. Әлі күнге дейін есімде: отбасымызбен қазақтың шаңырағында тұрғанда ата-апаларымыз ешқайсымызды атымызбен атаған емес. Бәрімізге «қызым», «ұлым» деп, өздерінен бұрын біздің жағдайымызды ойлады. Көйлегіміз көк, қарнымыз тоқ болуы үшін барын салып, жылы шырай танытты. Мұндай ыстық ықыласты біздің ата-аналарымыз жоғары бағалады. Біз де еш уақытта естен шығармаймыз. 

Кейінгі жылдары қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс ретінде әкем де қолдан келер көмекті аяған жоқ. Жыл сайын мал сойып, жетім-жітікке таратып беруді дәстүрге айналдырды. Бізге қазақи тәрбие беріп, ұлтымызбен қатар жылағанда көзімізді сүртіп, құлағанда сүйеу болған халықты сүюді, сыйлауды һәм құрметтеуді үйретті. 
Қазір мен қазақ тілін бір кісідей білемін. Сәбит Дөнентаев атындағы Ақсу қалалық мәдениет сарайы жанынан құрылған ансамбльде шығармашылық ұжыммен бірге қазақша әндерді орындап, өнер көрсетемін. Ұлттық тағамдарды әзірлеуді де жақсы көремін. Менің ендігі арманым – мемлекеттік тіл мәртебесінің одан әрі артуына куә болу. Қоғамдық орындарда, басқа да кездесу, шараларда көбі менімен орыс тілінде сөйлеседі. Бәлкім, басқа ұлт болғанымды байқаған соң ресми тілде тіл қататын болар. Десе де, жақын уақытта қазақстандықтардың барлығы бірдей мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, осы тілде қарым-қатынас құрса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазақ тілінде сөйлеу, тәуелсіз елдегі бейбіт аспан астындағы тыныш өміріміз үшін алғыс айту  депортацияланып келген біз сияқты ұлттарға ғана емес, бәріне ортақ парыз деп ойлаймын. 

Жазып алған – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА. 


Количество показов: 146

Возврат к списку