Жылу жетпейді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Токиоға кімдер барады?
26.01.2021

Өнерімен танымал
26.01.2021

Кемшіліктер бар
26.01.2021

Заманауи кешенге айналады
26.01.2021

Талап өзгермей,талпыныс болмайды
26.01.2021

Салық сомасы қайтарыла ма?
26.01.2021

«Еңбек» биыл межесіне жетеді
26.01.2021

Жеке куәлік - телефонда
26.01.2021

Шектеуді елемеген
26.01.2021

Өтініш қабылдау басталды
26.01.2021

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

05.01.2021

Жылу жетпейді

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов 2 қаңтар күні кеншілер шаһарына барып, жылу-электр орталықтарының жұмыс барысымен танысты. 
Аймақ басшысы алдымен Б.Нұржанов атындағы ГРЭС-1 станциясына ат басын бұрды. Кәсіпорын басшылығының айтуына қарағанда, қоймаларда 254 мың тонна қатты отын бар. Бұл қор шамамен жеті күнге жетеді. Әбілқайыр Бақтыбайұлы бұл көлемнің аздығын алға тартып, қорды көбейтуді тапсырды. Көмірді қабылдау жұмысын оңтайландырып, тиісті нормативке жеткізуді де жүктеді. 
Ал ГРЭС-2 станциясы басшылығы №3 энергиялық блоктың құрылысына қатысты дайындық жұмыстарымен таныстырды. Қазіргі уақытта жобаға байланысты техникалық және қаржылық аудит жүргізілуде. Сонымен қатар, Қытайдан салмағы 7 мың тоннадан астам жабдық жеткізілуі тиіс.  
- Жақында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев келіп, жаңа блоктың құрылысын жан-жақты талқыладық. Жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілген соң жоба мемлекеттік сараптамаға беріледі, - деді кәсіпорын басшысы Владимир Асташов.
Бұл ретте Екібастұз жылу-электр орталығының өкілдері жылу маусымының барысы туралы баяндады. Қаланың кейбір көпқабатты үйлерінің тұрғындарынан жылудың жетпейтініне байланысты шағымдар ара-тұра түсетін көрінеді. Жылу берушілер мұны кейбір үйлердің сорғыларды жылу желілеріне ешқандай келісімсіз қосуымен байланыстырды. Соның салдарынан басқа үйлер мен пәтерлерді тиісті деңгейде жылыту мүмкін болмай отыр. Әбілқайыр Сқақов бұл мәселені уақыт оздырмай шешуді тапсырды.
 - Шамадан тыс жылуды өздігінен қамтамасыз етіп отырған пайдаланушыларды анықтау керек. Ол қиын емес. Пәтер иелері кооперативтерімен жұмыс істеп, жылу-техникалық есептер мен жылу тасымалдауға байланысты параметрлерін өлшеу керек, - деді облыс әкімі.  
Аймақ басшысы қалалық полиция басқармасында да болды. Бөлім бастығы Василий Склярдың айтуынша, 2021 жылдың алғашқы күнінде қалада тек екі қылмыс тіркелді. Екі жағдайда да көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушілер ұсталды. Жалпы, тәртіп сақшылары Екібастұздағы жағдайды тұрақты деп бағалады.


Количество показов: 58

Возврат к списку

Раздел не найден.