Жыныс ауыстыру: ауру ма, ауытқу ма?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Жыныс ауыстыру: ауру ма, ауытқу ма? 01.04.2021

Жыныс ауыстыру: ауру ма, ауытқу ма?

Елімізде 21 жасқа толған адамдар жынысын ауыстыра алады. Бұған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат етті. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, әйел еркекке, еркек әйелге айналады. Бойында жыныстық ауытқушылығы бар адам мұндай қадамға барса, ешкім қарсылық таныта алмайды.

Психиатр шешеді

Қазақы қалпымызға салып: «Оның бетін әрмен етсін» дегеннен еш пайда да, нәтиже де жоқ. Себебі, ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өткен жылдың соңында «Гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдарды медициналық куәландыру және жынысын ауыстыру ережесін бекіту» туралы бұйрыққа қол қойды. Мамандар 2020 жылдың 7 шілдесінде қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 156-бабында жыныс өзгерту туралы жазылғанын айтады. Елімізде жыныс ауыстыруға қатысты алғашқы бұйрық 2003 жылы 3 маусымда бекітілген. Ал министр Алексей Цой сол кезде бекітілген бұйрықты жаңа Кодекс талаптарына сай бекіткен. Құжаттағы ережеге сүйенсек, мұндай қадамға баратындарға қойылатын талап аз. Бастысы, 21 жастан асқан және ағзасында психикалық ауытқушылық болмауы тиіс. Жыныс ауыстырғысы келетін адам алдымен медициналық мекемеге барып өтініш жазады. Психиатр дәрігердің тексерісінен өтуі керек. Егер денсаулығында кінәрат анықталса, маман оған рұқсат бермейді. Психиатр азаматтың психикалық немесе мінез-құлық ауытқулары жоқ екеніне көз жеткізсе, оны тіркелген мекенжайы бойынша емханаға жібереді. Мұндағы мамандардың тексерісінен өткеннен кейін арнайы құрылған комиссияның алдына барады. Комиссия құрамына 3 психиатр, уролог, гинеколог, терапевт, эндокринолог және психолог кіреді. Мамандар бірлесіп, жыныс ауыстырудың екі тәсілін ұсынады. Бірі - гормондарды алмастыру терапиясы, екіншісі - жынысты хирургиялық жолмен ауыстыру. Егер адамның өміріне қауіп төнетін жағдай болса, генетикалық және хромосомалық ауытқулар байқалса, ота жасалмайды.

    

Бір жынысты некеге жол ашық...

Иә, қоғамда жұртшылық тарапынан қызу талқыға түсіп жатқан заң көп. Қалың көпшілік ата-ананы баладан ажырату мәселесіне бас қатырып отырғанда, бұл бұйрықтың да соңы қорқынышты болуы мүмкін. Түсінікті болу үшін талдап көрейік. Елімізге танымал «QmeD» ұлттық инновациялық медицина палатасының президенті Әкім Тұрсын бұл жағдайдың соңы неге ұласатынын айтып берді.

- Жыныстық ауытқушылығы бар адамды сау деп қарастыруға болмайды. Біз оларды ауру деп қабылда-маймыз. Оның бойында психологиялық, психикалық ауытқушылық болады. Тексеру кезінде психиатр келген адамды кері қайтаруы мүмкін. Бірақ бұл іске бекінген адам сотқа жүгініп, сараптама талдамасын дәлелдеу арқылы жынысын ауыстыруға рұқсат ала алады. Жалпы, Қазақстанда мұндай қажеттілік жоқ. Бұл бұйрық не себепті бекітілгенін ұқпай отырмын. Менталитетімізге жат дүние. Жынысын ауыстырғандарда бала болмайды. Биыл жыныс ауыстыруға рұқсат етсек, кейін бір жынысты некеге де қарсы болмайтын шығармыз. Өйткені жынысын ауыстырған адамның жеке куәлігі қайта жасалады. Еркек болып туған адам ота арқылы әйелге айналып, басқа ер адамға тұрмысқа шыға алады. Конституция бұған заң аясында қарсылық білдіре алмайды, - дейді Ә.Тұрсын.

Әкім Тұрсынның айтуынша, елімізде жынысты ауыстыратын маманданды-рылған клиника жоқ. Пластикалық ота жасайтын мекемелер бар. Ақ желеңділер бар болғаны 2-3 айдың көлемінде бұл салаға да бейімделе алады. Өйткені олар үшін хирургиялық отаны жасау тәсілі еш қиындық тудырмайды. 2017-2019 жылдары аралығында елімізде 10 адам жынысын ауыстырыпты. Оның ішінде 4-еуі әйелге, 6-ауы еркекке айналған. Жынысын ауыстыру шарасы екі жолмен жүргізіледі. Гормонды терапия және хирургиялық ота. Ал гормондық терапия жылдар бойы жүргізіледі.

    

Асыл дініміз не дейді?

Шариғат бойынша ер кісінің жыныс мүшесін әйелдің жыныс мүшесіне ауыстыруы немесе әйелдің жыныстық мүшесін ер кісінің жыныстық мүшесіне ауыстыруы – харам деп саналады. Қазақ-стан мұсылмандары діни басқармасы осы мәселеге қатысты үкім жариялаған болатын. Оған сүйенсек, жыныстық мүшені ауыстыру – Жаратушының жаратылысын өзгерткенмен тең. Алла Тағала мұндай өзгертулерді харам еткен. Шариғатта ер кісінің әйелге, әйелдің ер кісіге ұқсауына қатаң тыйым салынған. Мұндай жыныстық өзгертулер ер мен ердің, әйел мен әйелдің үйленуіне жол ашады. Ал шариғатымыз мұндай сорақы істі харам еткен.

Жаратылыстан аса алмайды

Психолог маман Клара Байтенова жыныстық ауытқушылығы бар адамдарды емдеу қажет екенін айтады.

- Өкінішке қарай, бұл үрдіс шет елде кең тараған және қалыпты жағдай болып есептеледі. Бірақ халқымыздың таным-түсінігінде де, дәстүрінде де жат саналатын осы бастаманы бізде қалыпты деңгейде қабылдауымыз қажет деген сөз емес. Бүгін жыныс ауыстыруға рұқсат берсек, ертең осы шешімнен опық жеп қалуымыз мүмкін. Оның орнына психологиялық ауытқуы бар адамдарды емдеуге бар күшімізді салған дұрыс деп есептеймін. Операция жасаумен мәселе шешілмейді. Бар гәп – сол адамның ақыл-санасында. Психологиялық тұрғыдан алғанда бұл ішкі жан дүниесіндегі әйел мен еркектің арпалысы. Мұндай күйзеліске ұшыраған адам жынысты ауыстыру арқылы мәселе шешіледі деп ойлайды. Алайда жынысын ауыстырғаннан кейін, керісінше қоғам тарапынан одан да зор қысымға, кемсітушілікке душар болады. Сондықтан хирургтың емес, психологтың көмегіне жүгінгені дұрыс, - дейді К.Байтенова. Осы мәселеде өңірімізге танымал тәжірибелі хирург, ардагер дәрігер, медицина саласындағы жоғары марапат -

«Алтын скальпель» иегері Зинаида Раздорскаяның да пікірін білген болатынбыз. Денсаулық сақтау саласында 50 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан дәрігер 10 мыңнан астам отаға қатысқан. Ол да адам жаратылысынан асып ешқайда бара алмайтыны айтады.

- Бұл жаңашылдықты мүлде қолда-маймын. Адам табиғатынан қалай жаратылса, солай қалуы керек. Отадан дене мүшелері ауыстырылғанмен, болмысы, ішкі құрылымы өзгермейді. Яғни, пластикалық отаның көмегімен еркектен әйел жасауға тырысқанымызбен, ол әйел болып кетпейді. Себебі қанша жерден дамығанмен, медицина оған қауқарсыз, - дейді З.Раздорская.

 

Түйін:

Сорақысы сол, бұл бұйрықтың талабы қоғамның тағы бір қотырын ашып беретіндей. 21 жасқа толған жастардың ешкімнің рұқсатынсыз-ақ осындай қадамға баруына мүмкіндік беріп қоюға болмайды деп санайды үлкендеріміз. Өзгенің қаңсығын таңсық санайтын жас ұрпақ санасы уланып, адаспаса екен дейміз. Жынысын ауыстырып жатқандардан үлгі алып, батыстың азғын ағымына ілесіп кетсе, одан асқан өкініш болмас. Бүгінгі Мәдинамыз ертеңгі күні Мәди болып оянса... Оны ойлаудың өзі қорқынышты.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 110

Возврат к списку