Дайындық басталды

Нау 12, 2026

Биыл Баянауылда «Tur de Bayanaul» веложарысы мен  «Kempirtas Challenge» атты акватлон ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары қолға алынуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, веложарыс шамамен ағымдағы жылдың 17–19 сәуірі аралығында, ал акватлон 12 қыркүйекте өтеді деп күтілуде.

– «Tur de Bayanaul» веложарысы
75 шақырымды құрайды. Сайыс қатысу-шылары үшін экскурсия ұйымдастыру жоспарда бар. Қазіргі уақытта бұл шараның форматын талқылап жатырмыз. Негізі, велосипед маршруты көлдердің маңындағы жолдармен өтіп, «Павлодар–Баянауыл» тас жолының бір бөлігін қамтитын болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінеміз, – деп атап өтті ұйымдастырушылардың бірі Айдар Мукей. Оның айтуынша, акватлон бойынша өзгерістер болуы мүмкін. Өйткені, былтыр спортшылар жүгіру кезеңінің қашықтығын ұлғайтуды сұраған екен. Қазір бұл мәселе талқылануда. Сонымен қатар, қатысушыларды тіркеуге арналған сайт әзірленуде.

Н.ШОДЫР.

Баянауыл ауданы.