Облыста жыл басынан бері 4000-нан астам жас маман жұмысқа орналасуға өтініш берген. Әзірге оның 3700-ге жуығы жұмыспен қамтылып отыр. Сондай-ақ, жастар қауымына жеке кәсібін дамытуға 5 млн теңгеге дейін несие беру қарас-тырылған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызме-тінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гауһар Байтілесова айтты. Спикердің сөзінше, өткен жылдан бастап жастар практикасынан өту мерзімі 30 айлық есептік көрсеткіш жалақысымен 12 айға дейін ұлғайтылды. «Бірін-
ші жұмыс орны» жобасына қатысушылар үшін де осындай еңбекақы көзделген. Жыл басынан бері ол бойынша 50 адам жұмысқа орналастырылды.

– Биыл осы бағытта әлеуметтік жұмыс орындарына 203 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, жастар практикасы оқу орындарының 177 түлегі үшін ұйымдастырылды. Биыл жастар тәжірибесіне 1356 адамды жіберу жоспарланған. Ал қоғамдық жұмыстарға 539 адам тартылды, – деді Г.Байтілесова. Ал «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Павло-
дар облысы филалының директоры Ардақ Таңжарық биыл жастарға жалпы сомасы 785 млн теңгеге шағын несие беру жоспарланғанын жеткізді.

– Несиенің ең жоғары сомасы жылдық өсімі 2,5 пайызбен 5 млн теңгеге дейін жетеді. Несиелеу мерзімі бес жылға дейін, мал шаруашылығы саласында жеті жылға дейін ұзарады. Оған 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Автокөліктерден басқасының бәрі кепілге алынады, – деп нақтылап өтті А.Таңжарық. Биыл несие алуға 113 өтінім келіп түскен. Оның 37-сі жалпы сомасы 172 млн теңгеге мақұлданып, 15 млн теңгеге үш кредит берілген. NEET санатындағы жастар бастамаларын дамыту орталығының жастармен жұмыс жөніндегі бөлі-
мінің басшысы Жандарбек Қабдраштың айтуынша, БҒМО-ның көмегімен өткен жылы 2020 адам, жыл басынан 338 адам жұмысқа орналастырылған. Айта кетейік, қажетті бос орынды ай сайын осы орталықта өтетін бос орындар жәрмеңкесінде таңдауға болады. Жыл басынан осындай үш жәрмеңке өтіп, 200-ге жуық адам жұмысқа орналастырылған.

 

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.