Ұлы дала тарихын ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін зерттеуді одан әрі жалғастыруға ерекше назар аудару қажетті туралы Президент Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»  атты бағдарламалық мақаласында баса айтылған еді.

Әрбір адамды, тұтас халықты ғұмыр бойы алға жетелейтін, тағдыр мен тарихтың бұралаң жолдарында қандай қиындықтарға тап болса да рухы мен мен үміті жанып, алыстан бағдар сілтеп те тұратын темірқазық сынды тұлғалар болады. Ілияс Омаров айтқандай, «Қаныш Имантайұлы – тұтас дәуірдің жұлдыз тұлғасы». Қазіргі кез-келген қазақ баласы үшін, барша қазақ халқы, тіпті бүкіл адамзат ұрпағы үшін Қаныш Имантайұлы сондай тұлға.

Ғасырлар өткен сайын Қ.Сәтбаевтың да ұлттық мәдениетіміздің, күллі адамзат өркениеті тарихындағы орны айшықтала бермек. Сондықтан да  ғалымның мол қазынасын жинақтап, жүйелеп және бұл байлықты насихаттап келе жатқан  Қаныш  Сәтбаевтың мемориалдық музейіне былтыр 55 жыл толды.

Елу бес жылдық тарихы бар академик қара шаңырағында жалпы саны 4984 экспонат бар. Басты қорда 2292 жәдігер жиналған. Ғалым мұрасының көбі геологияға, металлургияға, өндіріске арналғанымен біздің музейде келер ұрпақтың санасында, рухани өмірінде өзіндік орын алу үшін академик өмірбаяны мен қызметі ұсынылған. Ғалымның әр жәдігері – үлкен тарих, құнды қазба байлық.

Өткен жыл біз үшін – меморандумды істердің ұйытқысы болған жыл деп айта аламын. Музейдің 55 жылдық мерейтойына орай, үш мекемемен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Соның бірі – Алматы қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық–зерттеу университетімен меморандум аясында табысталған ғалымның 1960 жылдар басында ұстаған телефоны негізгі қорға алынды.  Бүгінгі күні ол музейде екінші экспозициялық залда тұрған ғалымның жұмыс үстелінде орналасқан.

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханамен музейдің негізгі қорларын тың жәдігерлермен толықтыру мақсатында қоян-қолтық жұмыс атқаруды басты назарға алынып отыр.

Гауһар БАЛАБАЕВА, Академик  Қ.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің әдіскері.