«Қасиетті қазақ елі»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

«Қасиетті қазақ елі» 19.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»

Қазақ мәдениеті мен өнері шекарамен шектелмейді. Ұлттық төл өнеріміздің туы Атамекенде ғана емес, қазақ баласы өмір сүретін барлық жерде желбіреп тұр деуге болады. Бұған жақында аймағымызда өткен дәстүрлі «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалінде тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық.

Тілеуберді САХАБА

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған рухани шараға Түркия, Моңғолия, Ресей, Қытай, Өзбекстан қатарлы елдерден және еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық қандасымыз келіп, өнер көрсетті. Дәстүрлі фестиваль аясында осымен үшінші мәрте шеттегі қандастардың басын Атажұртта біріктірді. Шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Павлодар облысы әкімінің қолдауымен және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» ҚБ мен «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен өтті. Осы шараның басты ұйымдастырушысы, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» мен «Отандастар қорының» Павлодар облысы бойынша кеңсе басшысы Болат Зауытұлының атап өтуінше, шетелде тұратын қандастарымыз терме, дәстүрлі ән, жыр мүшәйрасы және қолданбалы өнер номинациялары бойынша шақырылған. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» төрағасының орынбасары Алпысбай Әділбек қатысып, алыстан келген меймандарға алғыс білдірді.

- Біздің өңір - әйгілі Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Естай, Иманжүсіп сынды дарынды тұлғалар шыққан киелі мекен. Сондықтан, «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фести-валінің биыл бізде өтуі, заңды құбылыс және біз үшін үлкен жауапкершілік. Бұл шараның басты мақсаты – шетелдегі қандастарымыздың басын қосып, ұлттық мәдениетімізді ұлықтау. Осы сәтті пайдалана отырып, алыстан келген бауырларымызға біздің шақыртуымызды қабыл алғандары үшін алғыс білдіреміз, - деді Айзада Амангелдіқызы. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» төрағасының орынбасары Алпысбай Әділбектің сөзінше, шетелдегі қандастардың тілі мен дінін сақтап қалу мақсатында әртүрлі мәдени, рухани іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

- Шеттегі қандастарымыз да - біздің бір бөлшегіміз. Мәдениетіміз де, тіліміз бен діліміз де бір. Біздің басты мақсатымыз – шалғайдағы талантты жастарға жол ашу, арадағы гуманитарлық байланыстарды нығайту. Біз қай жерде қазақ ұлты болса, сол елдердің барлығымен байланыс орнатып келеміз. Алдағы уақытта осындай ірі шараларға дүниежүзіндегі барлық елдерде тұратын қандастарды шақыруды жоспарлап отырмыз. Жалпы, этникалық қазақтардың Атамекенге деген құрметі зор, қандай жұмыс жүргізсек те, белсенді қатысып келеді, - дейді Әділбек Ыбырайымұлы. Дәстүрлі «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалінің бас жүлдесін Түркиядан келген қандасымыз, опера әншісі Гүлбусэ Шендуран жеңіп алды. Ол дәстүрлі ән аталымы бойынша өнер көрсетті. Жыр мүшәйрасы аталымын Шығыс Қазақстан ақыны Тәттімбек Асханұлы иеленсе, терме жанры бойынша Ресейдің Орынбор қаласынан келген қандасымыз Айгерім Бижанова жеңімпаз атанды. Қолөнер номинациясы Жамбыл облысынан келген шебер Туғанай Жолақоваға бұйырды.

- Мен Түркияның Анкара қаласында туып-өстім. Бүгінгі таңда Анкара мемлекеттік консерваториясының опера жанры бөлімінде білім аламын. Біз отбасымызбен өнерге жақынбыз, соның ішінде қазақ өнері мен мәдениетін жиі насихаттап келеміз. Менің анам «Отау» деген өнер тобына жетекшілік етеді. Қазақстаннан келген өнерпаз жастарды шақырып, бірге жұмыс істейді. Түркия халқы қазақ өнерін ерекше құрметтейді және қолдайды. Бүгін Атажұртымызға келіп, қазақ халқының алдында өнер көрсеткеніме өте қуаныштымын. Болашақта да байланыс үзілмейді деп сенемін, - дейді түркиялық қандасымыз Гүлбусэ Шендуран. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлыққа ие болып, арнайы дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, «Қасиетті қазақ елі» фестивалінің төсбелгісі тағылды. Осы күні Ертіс-Баян топырағына әлемнің әр тарабынан келген қандастарымыз фестивальдің гала-концертін тамашалап, зор ризашылықпен тарқасты.

 


Количество показов: 545

Возврат к списку