«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден  артық бақыт жоқ» 25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық бедеріндегі белестерін талдайтын болсақ, тарихи оқиғаларымыз қайтадан зерделеніп, рухани тұрғыда зор игі істердің атқарылуын анық аңғарамыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар өңірінде де айтулы шаралар жүзеге асты. Осы орайда халқымыздың ұлы тұлғаларын дәріптеу, жастарға бағыт-бағдар беру жолында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, химия ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Нухұлының қосып келе жатқан үлесі зор. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында облыстық «Saryarqa samaly» газетінің бас редакторы Нұрбол Жайықбаев пен Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының жетекшісі Жарқынбек Амантайұлы қоғам қайраткері Алтынбек Нухұлын ортаға алып, әңгімеге тартып еді.

Н.Жайықбаев:

- Ассалаумағалейкүм, Алтынбек аға! Сіздің ертеден бері, 2000-жылдар басынан бастап өңірде руханият жоқшысы ретінде білеміз. Соңғы жылдары елімізде мәдени мұраны насихаттау, белгісіз болып келген ұлттық дүниелерді жарыққа шығару бағытында бастамалар іске асуда. Өңірде қайбір игілікті істер болмасын, басы-қасында жүресіз. Осы орайда руханиятқа жақындығыңыз бой-
ыңызға қайдан сіңді? Ең алдымен, айтарым, өмірде барлық нәрсе тамырсыз емес. Менің кіндік қаным тамған жер - ұлы ғұлама, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған ауылы. Есімі әлемге әйгілі ғалымды жерлес ауылдастары әрдайым әспеттеп мақтаныш тұтатынын ес біле келе құлағымызға ата-анамыз құйып отыратындықтан біліп өстік. Қазір ойласам, 1964 жылдың 31 қаңтарында, небәрі 65 жасқа толмай жатып, Мәскеуде өмірден өткен Қазақтың Қанышын Алматыда 3 ақпанда жерлеген екен. Ауылымыздан аталас туыс інілері Әкімтай Жәмінұлы, Қамыш Ысқақұлы, Тәрмізи Әбсаламұлы, Үкібай Әбдікәрімұлы, Оспан Оңайбекұлы, Дінше Біләлов жерлеу рәсіміне қатысыпты. Әкем Нухы Мұзафарұлы Қанекеңе үш-төрт атадан қосылады. Мемлекеттік мұрағатта сақталған Қаныш Имантайұлының соғыс жылдарынан кейін 1949 жылы 50 жылдығына байланысты туған жеріне келгенде түскен деректі фильмде академиктің жанында әкеміз қатар тұр. Құлағыңа құйып өскендіктен, ол кездегі балалардың бәрі де атағы жер жарған академикке ұқсасам деген балалық арман санамызға бойлап, жүректің түкпірінде өз орнын алғандығы - өзіңе ғана тән құпиялықпен жүректі жаулап, бойтұмарымызға айнала бастаған болатын. Оның үстіне туып-өскен үйіміздің төрінде әрдайым Қанекеңнің портреті ілулі тұратын. Сол дәстүр бойынша бүгінгі күні де қара шаңырақта отырған інім Шарафиденнің үйінде Ұлы даланың данышпан перзентінің портреті барған сайын бізді қарсы алады.

Ж.Амантайұлы:

- 2000 жылдары Сіздің Павлодар өңіріне жоғары лауазымды қызметке оралып, С.Торайғыров атындағы университет басшысы Ерлан Арынмен бірге Алашқа әйгілі жерлестеріміз туралы облыстық газет бетінде сериялы мақалаларды жарыққа шығарып, университет алдында ұлт жолында аянбаған қайраткерлердің мүсіндерін ашқандарыңыз есімізде. Бұл шын мәнінде өңірде бұрын жетпей жатқан олқылықтың, кемшін жатқан рухани ақпарат әліппесінің өтеуі еді. Осы бір қадамдарды еске түсіріп көресіз бе?

- Рас айтасыз. Бұл кейіннен рухани тұрғыда өріс алатын еңбегімнің бастаулары еді. 2001 жылдың ақпан айының 24-нде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Мұхтарұлының шақыруымен, осы университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар проректоры болып, туған өңіріміздің басты қаласына қызметке ауыстым. Ол кісіден тәлім алып, тәжірибе жинадық. Ректорымыздың алғашқы ұсынысы - академик Қ.Сәтбаевтың туған күніне бір айдан сәл ғана астам уақытта дайындалып, 12 сәуір 2001 жылы алғашқы Сәтбаев оқуларын өткіземіз дегені еді. Іске қызу кірісіп, айтқан күні - ғұлама тұлғаның 102 жылдығын бірінші Сәтбаев оқулары деп, Қарағанды қаласынан келген академиктер Зейнолла Молдахметов, Ғабдолла Құлқыбаев, Арыстан Ғазалиев және т.б. ғалымдардың қатысуымен қажетті деңгейде өткіздік. Міне, сол күнге де биыл 20 жыл болған екен. Сол жылдарда Павлодар облысы халқының, әсіресе зиялы қауымның көңілінен шыққан істердің бірі - облыстың «Сарыарқа самалы» мен «Звезда Прииртышья» басты газеттерінде апта сайын осы өңірдің тарихи тұлғалары туралы қазақ және орыс тілдерінде мақалалар жоғары оқу орнының ректоры мен проректорының атынан шығуы болатын. Кейіннен материалдарды қысқаша түрде анықтамалық ретінде бере отырып, «Дала даналары» атты фотоальбом да жарық көрді. Сонымен қатар ректордың бастамасы және ұйымдастыруымен университеттің екі корпусының алдында бірнеше тарихи тұлғаларға ескерткіш-бюстілері қойылатын болды. 2002 жылдың 19 желтоқсан күні педагогикалық институт алдында алғашқы екі бюст - Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, ағартушы Мұса Шорманұлы мен Семей педагогикалық техникумының тұңғыш директоры, Алаш қайраткері, Ұлт ұстазы Әбікей Сәтбаевтарға ашылды. Ал, келесі 2003 жылдың 11 маусымында 9 тарихи тұлғаларға (Бұқар жырау, МәшҺүр Жүсіп, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев, Әбікен Бектұров, Әлкей Марғұлан, Шапық Шөкин, Ермұхан Бекмаханов), соның ішінде ғұлама Қаныш Сәтбаевқа да университет алдындағы алаңда ашылған болатын. Бұл Павлодар облысында, жалпы Қазақ Елінде ерекше есте қалатын тарихи іс-шара болғаны даусыз.

Н.Жайықбаев:

- Араға жылдар салып ПМПИ басшысы болып келгеніңізде Елбасы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының облыстағы белсенді қайраткері атандыңыз десек артық сөз емес. Мұса Шорманұлы кесенесінің, Ақкелін тарихи кешенінің, Сұлтанбет баһадүрдің үй-жайын қалпына келтіру, еңбектерін жарыққа шығару сынды өнегелі істердің басы-қасында болдыңыз. Осы істерде Сізге рух-жігер берген не?

- Біз бір ақиқатты түсініп алуға тиіспіз. Ұлттық идеологияны нығарлау - ұлттық тәрбиені күшейту арқылы келеді. Тәрбиенің басты нысаны - елдік ой-сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу деп білеміз. Сондықтан, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру процесі Тәуелсіздігіне 30 жыл болған мемлекеттің біртұтас ұлт болу идеясын нақтылай түседі. Осы кенже қалған салаға жаңа серпін берген Тәуелсіз Қазақстанның рухани тарихында ерекше орын алған оқиға - 2017 жылы сәуір айының 12-сі күні жарыққа шыққан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы болды. Ұлттық жаңғырудың басты факторы – ұлттық құндылықты, ұлттық рухты, бойымыздағы қадір-қасиетті заман талабына сай үндестіре отырып дамыту керек, жаңалап жаңғыртып, рухани жаңғырудың жаңа сатысына көтерілуге тиіспіз. Рухани жаңғырудың негізгі өзегі адамды саналы тәрбиелеуде жатыр. Ой-сананың жаңғыруын жүзеге асырудың күрделі тетіктерінің бірі - білім беру жүйесінде. Сондықтан, ұлттық жаңғыру туралы бағдарламаны білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың біріне айналдыру қажет деп ойлаймыз. Қазақ халқының ұлы перзенті, тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың «Ел тарихын есіңнен шығарма» деген нақыл сөздері осы бағыттағы жұмыстарды жүргізуде өткен тарихқа аса көңіл бөлу керек екендігін көрсетеді және туған жерге деген ыстық ықыласыңды арттыра түседі. Сондықтан да өткенімізді өшірмей, ұлыларымызды ұлықтайтын ұлт қана өркендейтінін естен шығармай, жас ұрпақты өзінің ұлттық рухын көрсететін ертедегі тарихын, ел тізгінін ұстаған ақылман абыздарымыз, білгір билеріміз бен данагөй жырауларымыз, батыр бабаларымыз туралы туындыларды көрсете отырып, тәрбиелесек деген ниет. Әрине, жалпыұлттық қасиетті орындар, киелі жерлерді заманауи қалыпқа келтіріп, руханият орталықтарына айналдыру да айтпаса да қажетті іс екені белгілі.

Ж.Амантайұлы:

- Алтынбек аға, Сіз Павлодар педа-гогикалық университетінің ректоры болып қызмет еткен 2018 жылы қазақ халқына танымал тарихи қайраткер тұлға, Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны Мұса Шорманұлының басына жаңа кесене орнату бойынша зор істі ұйымдастырып, өңір рухын бір серпілттіңіз. Онымен қоймай Ақкелін болысының жерін республикалық киелі жерлер картасына енгізуге күш салдыңыз. Осы ауқымды еңбегіңіз туралы тағы айтып өтсеңіз...

- 2018 жылы 15 қыркүйекте белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклортанушы, өлкетанушы, ұзақ жылдар Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған Мұса Шорманұлының 200 жылдық мерейтойы республикалық деңгейде тойланып, «Аққелін тарихи-мемориалдық кешені» аясында кесенесі бой көтерді. Жалпы 500 шаршы метрді құрайтын аумақта 26 адамның, яғни Мұса мырза әулетінің, оның ішінде белгілі ақын, баласы Сәдуақас Шормановтың да басы көтерілді. Атақты Шорман бидің баласы Мұса мырза - алғашқы қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың туған нағашысы. Мұса Шорманұлының тынымсыз еңбегінің арқасында алғашқы оқу орындары ашылып, білімді жаңа буын қалыптасты, тіпті «баянауылдық ерекшелікті» танытатын ғылым қайраткерлерінің тұтас шоқжұлдызы пайда болуының алғашқы іргетасын қалады. Мұса мырзаның баласы Сәдуақас Шорманов 1903 жылы ашқан Павлодар уезіндегі ең алғашқы орыс-қазақ «Ақкелін» мектебінен 7 жасында Қаныш Сәтбаев орыс тілінен сауатын ашқан. Осы орайда одан бір жыл бұрын, 2017 жылдың 28 қыркүйек күні XVIII ғасырда өмір сүрген саяси қайраткер Сұлтанбет сұлтанның үй-жайы Павлодар қаласында қалпына келтірілгенін ел біледі. Үш ғимараттан тұратын нысан ағаштан салынып, бүгінгі таңда үлкен тарихи кешен болып, ғылыми-танымдық орталыққа айналды. Сұлтанбет сұлтан - әйгілі Абылай ханның немере ағасы. Шекара мәселесіндегі көптеген түйткілді дауларды қазақ хандығының мүддесіне тиімді шеше білген мәмілегерлігімен аты тарихта мәлім. Кешенді зерттеулер нәтижесінде Сұлтанбет сұлтан жайлы 200-ден астам құжат жиналды. Сұлтанбет сұлтан тарихи орнын қалыпқа келтіру – ел бағасын оңынан алған үлкен жоба болды. Ел ағалары, ақсақалдар, жан-жақтан келетін ресми қонақтар ғана емес, дүйім жұрт, жастар баратын орынға айналды. Замандары әр ғасырда болғанмен, Сұлтанбет сұлтан ерке Ертістің оң жаға-лауындағы жерлер үшін күресіп, халықты жаңа бетбұрысқа әкелген болса, Мұса Шорманұлы Ертістің сол жағалауындағы қасиетті кең өлке Баянауыл өңіріне білім мен ғылымның шырағын жақты. Осылайша кеңестік дәуірде аты аталмай келген тарихи тұлғалардың есімі Тәуелсіздіктің арқасында елі мен халқына қайта оралып, жас ұрпаққа дәріптелуі рухты көтерер істер болғандығын бүгінгі күндер көрсетіп отыр.

Н.Жайықбаев:

- «Ертіс-Баян өңірінің 100 тарихи тұлғасы» атты республикада теңдесі жоқ жобаны бастап, сәтті іске асырдыңыз. Мұса Шорманұлы, Мәшһүр Жүсіп, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Қалижан
Бекқожин, Қабдыкәрім Ыдырысов сынды және т.б. көптеген тарихи тұлғаларымыздың қыр-сыры бейнефильмдерде ашылды. Әлемге әйгілі жазушы, Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменовпен Павлодарда кездесу өткізгеніңіз, оның бірқатар фильмдердің тұсауын кескені жадымызда. Бұл дүниеңіз Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тауып, мектеп қабырғасына қосымша Өлкетану бағдарламасына енгізілді. Бұл идея бір жылдың жемісі емес, ол қалай туындап еді? Сәл шегініс жасасақ...

- Әуелде жұмысты «Ертіс-Баян өңірінің 100 тарихи тұлғалары» деп бастағанымызбен, кейін жоба жетілдіріліп, нәтижесінде 150 тарихи тұлғалар туралы қазақ және орыс тілдерінде 200 қысқаметражды деректі тарихи-танымдық фильмдер сериясын шығардық. Оларды облысымыздың 80 жылдық тойына деп арнап түсіруді 2017 жылы бастап, 2020 жылы аяқтадық. Фильмдерден 150 тарихи тұлғаның, яғни Бұқар жырау, Малайсары, Олжабай, Жасыбай, Баян батырлар, Тайкелтір, Едіге, Шоң, Шорман, Торайғыр, Үкібай, Қазанғап билер, Сұлтанбет сұлтан, Мұса Шорманұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Исабек ишан, Ғабдыл-Уахит пен Ақбалық хазіреттер, Жаяу Мұса, Иманжүсіп Құтпанұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жұмат Шанин, Қошке Кемеңгеров, Естай Беркімбайұлы, Иса Байзақов, Майра Шамсутдинова, Сәбит Дөнентаев, Әбікей Сәтбаев, Ахметолла Барлыбаев, Асылбек Сейітов, Григорий Потанин, Қаныш Сәтбаев, Шапық Шөкин, Әлкей Марғұлан, Әбікен Бектұров, Ермұхан Бекмаханов, Шәкен Айманов, Мұзафар Әлімбаев, Рафиқа Нұртазина, Кемел Ақышев және өзге де ұлт тарихында өшпес ізі бар мемлекет қайраткерлері, генералдар, ағартушылар, алаш қайраткерлері, өлкетанушылар, әдебиет пен өнер майталмандары, ғылым шырағын жаққан тұлғалардың өмірі мен еңбегі жайлы толыққанды тамашалауға болады. Бұл фильмдер «Өлкетану-Краеведение» оқулықтарына қосымша ретінде бекітіліп, мектеп бағдарламасына енгізілді. Бұл фильмдер әлеуметтік желілер мен сайттарда, жалпы БАҚ - ақпараттық құрал-дарда кеңінен насихатталды және көрсетіліп те жатыр. «Ертіс-Баян тарихи тұлғалары» қоғамдық қорының сілтемесімен https://www.youtube.com/channel/UCI7DQgeBFWYFm-ppiLKsDOg» ЮТУБ арнасынан көріп, еркін пайдалануға болады. Топтамамыздың екінші бөлігінің тұсаукесер салтанатына әлемге әйгілі қайраткеріміз, ақын Олжас Сүлейменовтің өзі қатыс-қаны - үлкен абырой. Біз ұлыларымызды өмірде бар кезде құрметтеп, жас ұрпаққа өнеге етуіміз керек.

Ж.Амантайұлы:

- Биыл Қазақ елінің ұлт руханиятында есімдері алтын әріппен жазылған ұлы Абай, Естай Беркімбайұлы, ғаламдық танымалдылыққа ие ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың ескеркіштерінің ашылуы тұтас ел үшін зор оқиғалар болғаны мәлім. Осындай іргелі істердің ұйтқысы ретінде ҚР Парламент Сенатының депутаты ретінде еңбек сіңірдіңіз. Бұл зор жобалар бір күнде жүзеге аса қалған жоқ қой, қаншама ойдың басын біріктіріп, өзара шешім табу қажет болды ғой?

- Академик Қаныш Сәтбаев ескерткішінің Елордада бой көтеруінің өз тарихы бар. Осыдан үш жыл бұрын 2018 жылдың басында сол кездегі облыс басшысының өткізген кеңесінде Павлодар қаласында дана да дара ақын Абай және хас талант иесі, әнші Естай мен Елорда төрінде академик, Қазақтың Қанышына ескерткіштер қойылуы туралы бастама көтерілген болатын. Бұл ескерткіштер өз орындарын тауып, халқымыздың рухын көтерді. Павлодарда басталған ұлы академик ескерткішінің аяқталуына Елордада «Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының» қамқор-шылар кеңесінің төрағалығын атқара отырып, материалды және моральды тұрғыда аянбай атсалыстық. Нәтижесі биылғы 3 шілдеде Елорда күніне орай Қаныш Сәтбаевтың еңселі ескерткіші қаламыздың төрінде ашылып, тағы бір тамаша тарихи орын пайда болды. Бұл жұмыстарды белгілі архитектор, Түркі әлемі архитекторлар бірлестігінің қазақ академиясының басшысы, Елордадағы ең биік «Қазақ Елі» монументінің авторы Саматбек Бөкебай жүргізді. Бұл - Тәуелсіздіктің 30 жылдық тойына Павлодар облысынан Нұр-Сұлтан қаласына тамаша тарту! Оның алдында Павлодар қаласында адамзаттың Абайы мен елдің Естайына арналған ескерткіштердің ашылу салтанаты өтті. Қаланың қақ ортасынан - облыстық әкімдіктің алдынан ашылған ескерткіш Құнанбайұлы Ибрагимнің екінші есімі Абай болса, қаланың өзі аттас басты Мәдениет сарайының жанынан бой көтерген ескерткіш Беркімбайұлы Есмағамбеттің - халыққа танылған есімі Естай екендігін де бәріміз білеміз. Есімдері АЙмен көмкерілгеннен соң, Абай мен Естайдың алдарынан жарқырап Ай туғанын өмірлеріндегі өткен ғұмырлары көрсетті. Абай - Алты Алаштың абызы, ақиық ақыны, ақпа шешені, данагөй тұлғасы. Терең ойлы сөздер тізбегін тек қазаққа ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ еткен данышпан Абайымыз Қазақ жеріне періште перзенті боп фәни дүниеге келіп, Ұлы ұстазы болып бақиға аттанды. Ендеше, Қазақтың әрбір іргелі елдімекенінің төрінен еңселі ескерткіш болып орын алуы заңды және бұл - замана талабы. Елдікті аңсаған, бірлікті көксеген Абай атамыздың арманының азды-көпті орындалғанының куәсі - бүгінгі жалғасқан ұрпағы сіз бен біз болғанымыз - Тәуелсіздіктің арқасындағы маңдайымызға біткен бақытымыз! Абай және Естай ескерткіштері бір күнде Павлодар қаласының төрінен орын ала салған жоқ. Осыдан үш жыл бұрын басталған жұмыстар өз мәресіне енді жетіп жатыр. Мен сол кездегі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры ғана емес, облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша эксперттік кеңестің төрағасы ретінде Абай, Естай және Қаныш ескерткіштерінің жобаларын талқылайтын конкурстық комиссияны облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевтың ұсынысы бойынша басқарғандықтан, бұл жобаларды 2019 жылы 16 қарашада өткен келелі кеңесте бұрынғы Облыс басшысының қарауына ұсынған болатынбыз. Ол жерде басшы шенеуніктерден басқа қаланың зиялы қауымы және осы саланың мамандары мұқият қарай отырып, аталған жобаларға тоқталған болатын. Облыстың қазіргі басшысы басталған игілікті істерді орта жолдан қиып тастамай, ең бастысы - қаржы мәселесін шешіп қана қоймай, жоғары деңгейде ескерткіштерді бірінен соң бірін ашып жатқанына ризашылықтан басқа айтарымыз жоқ.

Н.Жайықбаев:

- Алтынбек аға, бірнеше жылдан бері рухани бағытта ұлт қайраткерлері мен өмір жолдары жайлы кітаптар шығарып жатқаныңызды біреу білсе, біреу білмес. Осы туралы кеңірек тоқталсаңыз...

- Біз тарихымызды жаңа танып, біліп жатқандықтан жаңаша зерттеулер мен тұжырымдарды насихаттауымыз керек. Бұл орайда кітаптар, оқулықтар мен естелік бұйымдар шығару аса тиімді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобалардың бірі әйгілі ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің бес томдық шығармалар жинағы жарыққа шығуы еді. Қазақ халқының кәсіби педагогтық мектебінің қайдан тамыр тартатынын болашақ ұрпақтың білуі тарихи таным тұрғысынан маңызды екендігі даусыз. Бұл кітаптар Елордадағы Ұлттық музей, Ұлттық кітапхана және т.б. Қазақстандағы көптеген кітапханалар мен оқу орындарына тарту етілді. Сондай-ақ, белгілі ғалым-өлкетанушы Тілеукен Еңсебаевтың жеті томдығы басылып шықты. Бұдан басқа ЖОО-ның танымал ардагер ұстаздары туралы «Өнегелі тұлғалар» атты бірнеше томдық сериясы жарық көрді. Жалпы саны 27 рухани дүниелерді насихаттайтын кітаптар жарық көрді. 2018 жылы менің авторлығым және басшылығыммен дайындалған 5, 6 және 7-сыныптарға арналған қазақ және орыс тілдерінде «Өлкетану-Краеведение» оқулықтарының тұсаукесері өңір тарихы мен руханияты үшін елеулі оқиға болды. Өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі жерлер мен туристік орындар, ежелгі дәуірдегі өңір тарихы туралы деректер 5, 6, 7-сынып оқушыларының ойына сәйкестендіріліп жазылды. Оқулық әр түрлі бағыттағы ғылыми, мәдени, ақпараттық, психологиялық сараптамалардан өткен. Бүгінгі күні облыстың қазақ және орыс тілді мектептерінде оқытылып жатыр, яғни болашақ ұрпақтың ой-санасын ұлттық рухта тәрбиелеу мәселесі нақты түрде қолға алынып жатыр деп нық сеніммен айтуға болады.

Ж.Амантайұлы:

- Облыста елді мекен, көшелерге қазақы атау беру, тарихи атауларды қайта қалпына келтіру туралы іске белсене араласып келесіз. Сондай-ақ өңірде қайраткерлігімен, ұлтқа деген жанашырлығымен танылған жерлестеріміздің құрметіне белгітастар мен тағзымтақталар орнату ісіне үлес қостыңыз. Осы туралы да айтып өтсеңіз. Әлі де атқаратын істер бар ма?

- Ауыл аттарына және көшелерге тұлғалар есімдерін беру жұмысы бойынша 2018 жылы Баянауыл ауданының үш ауылына - Мұса Шорман, Мәшһүр Жүсіп және Қаныш Сәтбаевтың есімдері берілуіне атсалысқан болатынбыз. Павлодар қаласында 13 көшенің аттары 2019 жылы ауысса, биыл тағы да 20 шақты көше аттары тарихи тұлғаларға берілмекші. Соның бірі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті орналасқан көшенің аты Олжабай батырға берілмекші. Солтүстіктегі қаланың бірі болғандықтан, көше аттарын ауыстыру мәселесіндегі туындайтын қиындықтарды шешуге әсері болсын деген ниетпен түсірілген орыс тіліндегі жоғарыда айтып өткен қысқаметражды фильмдер өз ролін атқарып жатыр деп айта аламыз. Ұлт мақтаныштары Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты ғұламалар шәкірті болған, ұлағатты ұстаз, Алаш қайраткері, репрессия құрбаны Әбікей Сәтбаевқа 2019 жылы 24 шілдеде Павлодар қаласында, ал биылғы 7 шілдеде Семей қалаларында тағзымтақталары ашылып, 140 жылдығы тойланды. 2017 жылы Қазақстанның мектеп түлектері мен бүкіл педагогтардың ұранына айналған «Ұстазым» әнінің мәтінін жазған, жерлесіміз, ақын Аманжол Шәмкеновке арналған арнайы бұрыш ашылды. Бұның бәрі ұрпақ тәрбиесін ұлттық негізде қалыптастыра отырып, заманауи әлемге қадам басу жолындағы ізгі іс-шаралар болды. Сонымен қатар 9 шілдеде мәдениет және әдебиет жанашыры, ақын, ұстаз Жүрсін Бәтеновке тағзымтақта Екібастұз қаласының «Атамұра» орталығының ғимаратында ашылды. Биылғы жылы 23 қазанда облыстық «Saryarqa samaly» газетінің тұңғыш бас редакторы, еліміздің түркітану мектебінің негізін қалыптастырған ұлы оқымысты Бейсембай Кенжебайұлына арналған тағзымтақтаның ашылуы зор мәнді оқиға болды.

Н.Жайықбаев:

- Парламент Сенатының депутаты ретінде ұлт ұстазы, алғашқы қазақ әліпбиінің авторы Ахмет Байтұрсынұлының 175 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өту туралы ұсынысыңызды бүкіл ел зиялылары қолдағаны мәлім. Бұл туралы облыстық «Saryarqa samaly» газеті арнайы мақала берді. Үкіметтің жауабын да алдыңыз. Күні кеше, Ахаңның мерейтойын әлем шеңберінде, оның ішінде түркі дүниесі түгел атап өтеді деген ақжолтай хабар алып отырмыз...

- Иә, менің ұйымдастыруыммен Сенаттың бір топ депутаты осындай сауалмен Үкімет басшысына шыққан едік. Белгілі болғандай, Алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы Ақаңның - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған атаулы даталар күнтізбесіне енгізілді! Барлық қазақ жұртына құтты болсын! Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі бауырымыз жариялағандай, келесі жылы Халықаралық Түркі академиясы да Ақаңның мерейтойын тамырлас түркі жұртында кеңінен атап өтуді жоспарлап отыр. Ақаңның 50 жылдығын достары мен шәкірттері Орынбор мен Ташкентте атап өткені белгілі. Түркі жұртына ортақ қайраткер тұлғаның Бакудегі конгреске қатысқаны да мәлім. Түркі академиясы сол жолмен Алаш ардақтысының 150 жылдығын ЮНЕСКО-мен бірлесе отырып Орынбор мен Ташкентте, Баку мен Бішкекте, Ыстамбұл мен Алматыда атап өтуі жоспарлануда. Ақаңның мұрасы түркі дүниесін жақындастыра түсуге қызмет етеді деп ойлаймыз! Жалпы, ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетін мерейтой болғандықтан, мемлекет тарапынан жаңа ауқымды жопардың жобасы дайындалуда. Біз мұндай ұлы тұлғамызды әлемге паш етіп мақтана білуіміз керек!

Ж.Амантайұлы:

- Осыған дейін ұлттың қазығын мықтайтын бірқатар жобалардың тұтқасын ұстап, ұлағатты шаралар ұйымдастырған екенсіз. Қайсыбірін сұхбатымызда санамалап, жеке тоқта-
лып атап өтпеген де болармыз. Бастысы, оның санында емес, мазмұнында еді ғой. Барлығы халықтың көз алдында атқа-рылуда. Өзіңіз осы руханият жоқшысы болу деген міндеттің қандай екенін аз ауыз сөзбен қалай тұжырымдап айтып берер едіңіз?

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында: «Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше. Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған. Біз қанымызға сіңген осы қасиеттен айрылмауымыз керек» - деген болатын. Ендеше, ұлттық тәрбие арқылы халықтың тарихи танымын нығайту, ұлттық мәдениетті насихаттау, болашаққа ұлттық кодта жатқан қайнарлардан қуат ала отырып, қадам басу жолындағы жұмыстар алға баса беруі керек. Халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жасампаз ұрпақ тәрбиелеу – халқымыздың келешегіне қызмет ету деген сөз. Алдымызда тұрған үлкен мақсат – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен тереңірек үйлестіру. Алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, ата-бабаларымыздан қалған мұраларды жастардың санасына сіңіре беруіміз керек. Сонда жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін беретініне сеніміміз мол. Бұл Тәуелсіздігіміздің нығаю жолындағы жасалатын жарқын істер болмақ. Мүмкіншілікті пайдаланып, барша қауымды алдымызда қарсы алар қастерлі Тәуелсіздік күнімен - мерейлі 30 жылдықпен құттықтай отырып, көк байрағымыз мәңгілік желбірер тұғырлы, Тәуелсіздігіміз ғасырларға ұлғасар ғұмырлы болғай демекшімін!

Н.Жайықбаев:

- Ұлттың болашағына арналған еңбе-гіңізге береке, бойыңызға қажымас қайрат тілейміз! Әрдайым озық ойла-рыңыз толастамай, ұлт дүниесіне қызмет етудің үлгісі бола беріңіз!

- Әумин, Сіздерге де рахмет! Қазақ руханиятының тілекшісі болу – әрқайсымыздың қасиетті парызымыз. Еңбегіміз жарасты болсын!

 


Количество показов: 173

Возврат к списку