Құт-кие қонған аңыз мекен

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  472

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  621

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  520

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  457

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  398

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  573

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  677

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  516

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  777

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  604

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  463

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  418

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  458

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  492

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  567

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  943

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  783

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  561

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  585

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  857

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  549

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  973

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1327

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1300

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1266

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1224

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1458

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1251

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1277

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1229

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1320

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1296

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1051

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1213

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1529

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  817

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1183

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  762

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  755

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  664

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1215

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1080

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1151

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1256

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1423

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1151

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1099

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1240

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1295

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1161

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3410

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2977

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2921

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3387

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3433

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3558

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3643

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2891

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2948

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3360

Құт-кие қонған аңыз мекен 18.09.2021

Құт-кие қонған аңыз мекен

«Атамекен» экспедициясының Баянауылға сапары

Жуырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен тарихи-танымдық бағыттағы «Атамекен» атты экспедициясы құрамында Баянауыл ауданының сакралды орындарына саяхат жасадық. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған сапар қатысушылары Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мұса Шорманұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенелерінде, Қоңырәулие үңгірінде, Сақ заманынан қалған Мұртты қорғанда болды. Кеудесі қазына, шежіреші, өлкетанушылардың әңгімелерінен сакралды орындардың қасиеті мен маңызы туралы мол мәліметтерге қанық болды.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Ескелді шатқалында орналасқан ғұлама, әулие, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, діни қайраткер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі бүгінде елімізге танымал қасиетті орынның біріне айналған. Бүгінде оның қайта жаңарғанына 15 жыл толып отыр. Кесененің жанында арнайы музей, қонақүй көтергелі бірнеше жыл болған. Яғни, баба басына тәу етіп, тіршілікте қолдау сұрап келген жандарға барлық жағдай жасалған.

IMG_3878.JPG

Мәшһүр Жүсіп атамыз өзінің өмірден өтерін алдын ала білген, сондықтан жерленетін орнын ерте дайындатып, басына екі бөлмелі кесене салдыртқан. Солақай саясаттың кесірінен әуелгі ғибадат орны жермен-жексен етіліп, кейін Халық жазушысы Дихан баба Әбілевтің араласуымен, келіні Нұрила Тәшқызының тікелей бақылауымен қасиетті орынның қабырғасы қайта көтерілген еді. 2005 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көркі көз тартатын кесене салынып, әулиенің бұлақ басындағы, соңғы мекен еткен үйі қалпына келтірілген болатын. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы музейінің басшысы Әсет Пазыловтың айтуынша, тағзым етіп келушілер легі қалың. Берісі - өзіміздің елдің тұрғындары, әрісі шетелден жәрдем сұрап, жалбарынып келеді. Бірақ келушілердің есебі жүргізілмейді. Музейде әулие атаның өмірде тұтынған заттары, жеке дүниелері, әулеті туралы деректер, қолжазба қағаздары, құнды суреттер мен Мәшһүр ата туралы әр заманда дуалы ауыздар айтқан лебіздер келтірілген. Бір сөзбен айтқанда, келушілер бұл жерден рухани азық алып, жүрегін иманға толтырып қайтады.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шын есімі – Адам-Жүсіп. Осы есіміне Мәшһүр сөзін қосақтаған, бас киіміне үкі таққан – Баянауыл дуанының аға сұлтаны Мұса Шорманов. Экспедиция мүшелері Ескелді шатқалындағы тағзым шарасынан кейін одан әрі 80 шақырым қашықта жатқан Мұса Шорманов ауылына жол тартты. Мұнда келушілерді ардагер ұстаздар, жергілікті шежірешілер Қайриден Мұзафаров, Нескен Мәлікова бастаған бір қауым қарсы алды. Олар бірден көнеден қалған әңгімелердің тиегін ағытты.

Мұса Шормановтың тұлғалық қыры туралы бұған дейін көп айтылса да, әлі толық зерттелмегені анық. Белгілісі, Мұса атамыз – патша әскерінің полковник шеніндегі қызметшісі бола тұра, қазақтан білімді, сауатты, елге қызмет ететін ірі қайраткерлердің шығуына ықпал еткен адам. Ол туралы Абай Құнанбаевтың «Мұса мырза Арғын баласының ішінде қолынан іс келетін, тілінен май таматын адам еді. Жаңа туып келе жатқан заманның қатпарлы құбылыстарын дәл түсінген адам еді» деген. Ал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы болса: «Бұл Арғынның ішінде бар ма еді мырза пішінді?! Айдын шалқар теңіздей ақылға дана, кен еді. Арғынның жалғыз көсемі, Мейрамның жүйрік шешені» деп баға берген. Апасы Зейнептен туған жиені, қазақтың әйгілі ғалымы Шоқан Уәлихановтың Мұса мырза туралы лебізі кесене жанында тақтада жазылған.

Мұса мырза Шорманов Омбыдағы патшаның генерал-губернаторының рұқсатымен Баянауылдан орыс-қазақ бастауыш мектебін салуға ұлықсат алады. Бірақ тағдырдың жазуымен қайтыс болып кетіп, ісін баласы Сәдуақас Шорманов жүзеге асырады. Сөйтіп, Теңдік ауылында 1903 жылы алғашқы мектеп ашылады. Ол мектепте осы төңіректің кейіннен атағы Алаш жүзіне дүркіреген талай ұланы білім алады. Соның ішінде әйгілі академик, геолог, ғалым Қаныш Сәтбаев та бар. Ол осы маңнан 7 шақырым жердегі ауылынан таймен қатынап жүрген екен. Осындай білім ордасы кейін түбірімен жойылады. Кәмпеске заманы келгенде, 1928 жылы ағаш мектеппен бірге, жанындағы 14 ағаш үй толығымен талан-таражға түсіп, бөренелері осы жерден біраз қашықтықтан ашылған кен орнының жұмысшыларына баспана тұрғызуға жөнелтіледі. Қаныш Сәтбаев мектепті салдырған Сәдуақас Шормановтың тұлғасы туралы былай деп тебіренген екен: «Не керек, Сәкен ағай дүниеге ерте келіп кетті ғой, уақытына жетпей. Парасатты, ақылы мол, алдағы болашаққа да сенімді қарайтын, уағында үлес қосатын адам еді» деп жазған. Одан бөлек, С.Шорманов Мағжан Жұмабаевтан кейін көрініп жүрген ақын ретінде бағасын алған (Алаш қайраткері Сәдуақас Смағұловтың сөзі). «Оқу - парыз, балалар, бірің түгел бәріңе, Бесіктен есікке жеткенше, Жасың түгіл кәріңе» деген С.Шормановтың өлең жолдары бүгінде мектептің орнына қойылған белгітаста қашалып жазылған.

Қайриден Мұзафаров ағамыз Мұса Шормановтың қолдауымен көптеген қазақ баласы Омбыда білім алып, кейін ұлтына қызмет еткенін атап өтті.

Қазақ КСР-інің оқу-ағарту ісінің үздігі Нескен Мәлікова осындай ғұлама адамның мұрасын ұлықтауда өзінің шәкірті, қоғам қайраткері, сенатор Алтынбек Нухұлының сіңірген еңбегін ерекше айтып берді.

«Ол бала кезінен ұлы тұлғаның еңбегін насихаттауды, ел арасында жарқыратып көрсетуді мақсат ететін. Міне, осыдан үш жылдай бұрын Мұса Шормановтың зәулім кесенесі бой көтерді. Оның ақ мәрмәр тасы сонау Маңғыстау өңірінен жеткізілді. Өзі құрылыстың басы-қасында жүрді. Кесене көтеру барысында бұрынғы қоршауы, құлпытасы барлығы жәдігер ретінде сақталып, жанына қойылды. Маңындағы елеусіз қалған қабірлердің айналасын реттеп, белгілерін жаңартып, ауланы көріктендірді. Осы игілікті ісін бүкіл ауыл болып мақтан етеміз» деді Н.Мәлікова.

Бүгінде Мұса Шорманов ауылында халықтың тұрмысын қолайлы ету бағытында игілікті шаралар іске асуда. Мәселен, орталық Сәтбаев көшесінде бұрын-соңды болмаған асфальт жол тартылып, шамдар орнату ісі жүргізілуде. Тарихты ұлықтаған ауыл тұрғындары жаңадан салынған мәдениет үйінен жаңа музей жасақтап қойған. Экспедиция мүшелері бұл музейге аялдап, жәдігерлерін көріп, лебіз кітабына тілек жазып қалдырды.

«Атамекен» экспедициясының келесі тоқтаған жері - Алаштың ұранын салған дауылпаз ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кесенесі болды. Заманының маңдайына сыймай кеткен демократ ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кесенесін (Торайғыр ауылында) қазіргі қалыпта жаңғыртқан халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлы болатұғын. 1989 жылы осы өңірден Жоғарғы Кеңестің депутаттығына ұсынылған Әбіш Кекілбаев Сұлтанмахмұт ақынның кесенесін жаңғыртуға кірісіп, Маңғыстау өңірінің тастарын әкеліп, құрылыс салу ісіне бастамашылық еткен еді.

Ақын басына тәу етіп, құран оқығаннан кейін экспедиция мүшелері Сақ заманынан қалған мұртты қорғанға аялдады. Осы төңіректің білгірі, ардагер Жұман Дүйсекеевтің әңгімелеуінше, ерте дәуірде бұл жерде күн, жел ескілі стихиялық күштердің ықпалын зерттеген орын болған. Ол заманда мал шаруашылығының қай мезгілдің қолайлы болары барлығы осындағы тастардың орналасуы, күннің, желдің әсері арқылы бағдарланып, болжанып отырған көрінеді. Ж.Дүйсекеев осы төңіректе балбалтастардың жиі кездесетіні, бірнеше петроглифтік таңба-жазбалары бар тастар құрылыс материалдары ретінде пайдаланылып кеткенін, бірнешеуін өзі қайтарып алып келгенін баяндады. Бұл біздің ежелгі тарихымызға деген бейжайлығымыз болса керек. Бүгінде Жұман ағамыздай жанашыр азаматтардың еңбегінің нәтижесінде көне тастар мен бағандар орнына келтірілуде. Осы ретте, Павлодар педагогикалық универсиетінің Марғұлан орталығы ғалымдарының қызметін атап өту керек.

Баянауыл өңірінің аңызға толы сакралды орындарының бірі – Қоңырәулие үңгірі. Бұл нысанның маңызы туралы бізге «Баянауыл» ұлттық паркінің инспекторы, белгілі зерттеуші, өлкетанушы, «Елім-ай» республикалық сыйлығының иегері Алтынбек Құрманов әңгімеледі.

Алтекеңнің айтуынша, Қоңыр-әулие үңгірі туралы жазбалар ерте дәуірден бері адамзаттың қызығушылығын тудырып келеді. Бұл туралы ағылшын, орыс ғалымдарының жазбалары бар. Академик Әлкей Марғұланның зерттеуі бір бөлек. Қоңыр әулиенің өзі кім дегенге келсек, аңыздардың түбі пайғамбарлар кезеңіне дейін жетеді. Кешкісін үңгір ішіндегі жоғарғы бөлікке келіп отыратын, таңертең аяғы жерге тимей кетіп шығып бара жататын, қоңыр сұлбалы адам туралы әфсананың айтылатыны бар. Жер-дүниені топан су алғанда, Нұқ пайғамбардың да аялдайтын тұсы болса керек.

Міне, Алтынбек ағаның бастауымен Қоңыр әулие үңгіріне беттеп барамыз. Бастас дейтін, шөккен түйенің бейнесіне ұқсас тастың жанына келгенде үлкен әңгімесін бастады. Ертеде осы жерде құрбандық шалып, малдың қанын тасқа жағады екен. Тастың ерекшелігі сол, адам басы сыятын тесігі бар. Басыңды біраз уақыт ішіне кіргізіп отырсаң, ішкі ми-қан айналым жүйесін жеңілдетіп салады. Жанындағы тас та жүрек ауруына жәрдем беретін қасиетке ие.

Баспалдақпен жоғары өрлеп барамыз. Айтуынша, жолдың ұзақтығы 1 мың метрге жуық. Үңгірдің аузына жеткенше 300 метрден жоғары көтерілесіз. Екі жылдай бұрын ағаш баспалдақты жолды жаңадан тартуға едәуір қаржы бөлініп, туристерге қолайлы жағдай жасалды. Өрт көліктері өтетін жолды қалдыруға, өсімдіктерді баспай жүруге барлық мүмкіндіктер істелді.

Не керек, Алтынбек ағаның күңгірлеген күмбезді үңгірдегі әңгімелері «құлақтан кіріп, бойды алады». Әйтеуір, пенде ретінде Қоңырәулие үңгірінің аурасы бөлек, энергетикасы жеңіл, науқасты сауықтыру күші зор екенін сезінетініңізге шүбә жоқ.

Әрине, өңіріміздің қасиетті жерлерін аралауға бір күндік шара аздық етеді. «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің бастамасымен тарихи-танымдық бағыттағы «Атамекен» атты экспедициясы алдағы уақытта да жалғасады деп ойлаймыз. Аудан басшысы Қанат Кәрімовтің айтуынша, Баянауылдың әсіресе Қызылтау өңірі - тұма тарихтың тұнығы жатқан аумақ. Бұқар жыраудай абыз, Жүсіпбек Аймауытовтай сом шебер жазушы, Жұмат Шаниндей әйгілі режиссер туған өлкеге бізді дәм тартар деген үмітпен тарқастық. Бұйыртса, ол жаққа табанымыз тиіп, білгір шежіреші-өлкетанушылардың аңыз-әңгімелеріне қанығып қайтармыз. Ал әзірге, оқырманмен осы жолғы сапардан алған олжамызбен бөлістік.

 

Павлодар – Ескелді - Мұса мырза – Торайғыр ауылы – Баянауыл - Павлодар.


Количество показов: 605

Возврат к списку

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол: Көпір құрылысы қашан аяқталады?
15:30 03.02.2023  472

Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады
16:27 02.02.2023  621

Баға көтеруге негіз жоқ
16:24 02.02.2023  520

Су тапшылығын жоюдың жолы бар павлодарлық ғалым тың жоба ұсынды
11:18 02.02.2023  457

Чемпиондар ауылдан шығады! Ақтоғай ауданында қандай спорт нысандары салынады?
11:15 02.02.2023  398

Оқырман сұранысы қандай болмақ?
11:09 02.02.2023  573

Тәрбие тал бесіктен басталады
11:03 02.02.2023  677

Қайраткер атында турнир өтті
10:57 02.02.2023  516

Жаңа басшылар
10:53 02.02.2023  777

Әскерден соң оқуға қалай түсуге болады?
10:50 02.02.2023  604

Ауыл дамуына басымдық беріледі
10:48 02.02.2023  463

Балабақшада мамандар неге тапшы?
10:46 02.02.2023  418

Пәндерді шетел тілінде оқытқан дұрыс па?
10:42 02.02.2023  458

Полиция көліктері сақадай сай
10:39 02.02.2023  492

Ана тағдырын суреттеген портрет
10:36 31.01.2023  567

Қазандықтар жаңғыртылады
10:35 31.01.2023  943

Әйелді аялау - әлемді аялау
09:23 31.01.2023  783

Мерзімді басылымдар - жаңғыру жолында
09:20 31.01.2023  561

Жолаушының «жыры» біте ме? немесе «Аялдамадағылардан» сәлем хат
09:17 31.01.2023  585

Сайлау: дайындық барысы қалай?
09:15 31.01.2023  857

Тұрғын үй сертификаты: кімдерге тиесілі?
09:14 31.01.2023  549

Жолаушыларға - жаңа автобустар
09:12 31.01.2023  973

Талап-тілек ескерусіз қалмады
17:23 27.01.2023  1327

Көші-қон саясаты дамуда
16:42 27.01.2023  1300

Үйге жеткізу сервисі жеңілдеді
15:04 26.01.2023  1266

Шежірелі білім ордасы
11:32 26.01.2023  1224

«Қазақ театрында даму бар»
11:30 26.01.2023  1458

Ілгерілеу де, ізденіс те бар
11:28 26.01.2023  1251

Негізгі мектептің күйі нашар
11:26 26.01.2023  1277

«Бәлен жерде алтын бар...»
11:25 26.01.2023  1229

Жазатайым оқиға неге азаймай тұр?
11:23 26.01.2023  1320

Су тасқынына дайындық қалай?
11:21 26.01.2023  1296

Жарымжан балалар неге көбейіп барады?
11:19 26.01.2023  1051

Тығырықтан шығу жолы - тарифті өсіру дейді энергетика мамандары
11:09 26.01.2023  1213

Әкенің рөлін қалай көтереміз?
11:05 26.01.2023  1529

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
11:02 26.01.2023  817

Қабдыкәрім ақынның қамқорлығы
10:59 26.01.2023  1183

Пияз экспортын шектеу: тұтынушы мен шаруаға тиімді ме?
10:56 26.01.2023  762

Заңдастыру тәртібі - оңай
10:52 26.01.2023  755

Сарыарқа самалы, 24 қаңтар, сейсенбі
11:27 24.01.2023  664

11 медаль!
11:05 24.01.2023  1215

Абайлаңыз, көктайғақ!
11:02 24.01.2023  1080

Мәселелерді жедел шешу - шарт
11:01 24.01.2023  1151

Жаңа әкімдердің жүгі қандай?
10:58 24.01.2023  1256

Қолтаңбасы өшпейтін қайраткер
10:55 24.01.2023  1423

Автонесие: ескіден жаңасы артық
10:52 24.01.2023  1151

Бал өндірісінен «бал тамбай тұр»
10:50 24.01.2023  1099

Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде
10:49 24.01.2023  1240

Ауылда мәдениет үйі салынуда
10:46 24.01.2023  1295

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды
18:10 23.01.2023  1161

Квота көбейеді
11:02 22.11.2022  3410

Қала дамуы қарқынды
11:01 22.11.2022  2977

Баянауылдық «бай-барымташылар бандасы»
10:59 22.11.2022  2921

Жастар белсенділік танытты
10:55 22.11.2022  3387

ІТ-индустрияны қалай дамытамыз?
10:54 22.11.2022  3433

Қаныштың қамқорлығын көрген...
09:34 22.11.2022  3558

Бүгінгі таңдау - ертеңге бағдар
09:27 22.11.2022  3643

Жан жылуы
09:38 21.11.2022  2891

Жаңа үй салынады
09:37 21.11.2022  2948

Кәсіп бастау тетігі – «Даму»
09:36 21.11.2022  3360