«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдидің жетістігі
27.11.2021

Аламанда ойы ұшқырлар табысады
27.11.2021

Үлгілі «Баян сұлу»
27.11.2021

Әйелдің бақыты – отбасында
27.11.2021

Қауіпсіздікке кім жауапты?
27.11.2021

Миллиард теңге «желге ұшты» ма?
27.11.2021

Дені - Павлодар қаласында
27.11.2021

Бүгінгі жетістік – ертеңге бағдар
27.11.2021

Сарыарқа самалы, 27 қараша, сенбі
27.11.2021

Астық өткізудің артықшылығы неде?
25.11.2021

Ревакциналау басталды
25.11.2021

Жер берілуі мүмкін
25.11.2021

Ақылы жүйеге қосылды
25.11.2021

Ғажайып өнер әлемі
25.11.2021

Ұлттық мұраның ұлықтаушысы
25.11.2021

Елдіктің жеті тұғыры
25.11.2021

Әрбір өзгеріс – игілік жолына
25.11.2021

Үздіктер озған аламан
25.11.2021

Көлік картасы тиімді бола ма?
25.11.2021

«Ұлтқа қызмет етуден артық бақыт жоқ»
25.11.2021

«Достық» шаттық сыйлайды!
25.11.2021

Сарыарқа самалы, 25 қараша, бейсенбі
25.11.2021

Құпияға толы қорғандар
23.11.2021

«Барокко болмыс»
23.11.2021

Ғалымның есімі – кабинетте
23.11.2021

«Pfizer» екпесін салдырды
23.11.2021

Бала тәрбиесі отбасынан басталады
23.11.2021

Несиені оңды-солды таратуға болмайды
23.11.2021

Өңір тұрғындарының әл-ауқаты - басты назарда
23.11.2021

Жаңа жүйе жетістікке жетелейді
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі
23.11.2021

Сарыарқа самалы, 20 қараша, сенбі
22.11.2021

Чемпиондар ауылдан шығады
20.11.2021

Сабақтар қандай жағдайда тоқтайды?
20.11.2021

Орталық мешіттің оң жобалары
20.11.2021

«Елбасымен кездесу өмірімді күрт өзгертті...»
20.11.2021

«Тәуелсіз Қазақстанның кітаптары»
20.11.2021

«Адам жанымен сұлу...»
20.11.2021

Кіл жүйрікте кім жүйрік?
20.11.2021

Толайым табыстар жылы
20.11.2021

Сынақтан сәтті өтті
20.11.2021

Фронт-кеңсе ашылды
20.11.2021

Жанкүйерлер сенімі – «Ақсуда»
20.11.2021

Қазақстандық оқушылар тағы да «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасында бақ сынайды.
18.11.2021

Көмір химиясы: өңдеудің болашағы қандай?
18.11.2021

«30 жұлдызды күн»
18.11.2021

Құрсақтағы сәбиді қорғайды
18.11.2021

Борышкерлерді баспанасынан айырмаудың жолы қандай?
18.11.2021

Ауылдың тұрмысы жақсарды
18.11.2021

«Газет уақытылы жетуі тиіс!»
18.11.2021

Үздік 30 ауылдың қатарында
18.11.2021

«Күй керуені»
18.11.2021

Шыққан шыңы биік еді
18.11.2021

Шаруаның игі ісі – елдің ырысы
18.11.2021

Балаларды егудің тәртібі қандай?
18.11.2021

Жол картасын құру қажет
18.11.2021

«Worldskills» - жас мамандар сыны
18.11.2021

Сарыарқа самалы, 18 қараша, сейсенбі
18.11.2021

Қазақ оқырмандары көбейді
16.11.2021

Саз бен сөз үйлескен кеш
16.11.2021

«Үздік бастауыш   кәсіподақ ұйымы» 19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»

Нұр-Сұлтан қаласында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының республикалық форумында «2021 жылғы Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» конкурсының жеңімпаздарын мара-
паттау рәсімі өтті.

ҚР Кәсіподақтар федера-циясының республикалық байқауының жеңімпаздары қатарында «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Чигвинцева бар. Қазіргі уақытта «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-де 1411 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде кәсіподақ мүшелерінің саны - 1136 адам, бұл станция жұмыскерлерінің 80%-ын құрайды. Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1 кәсіподақ ұйымы Қазақстандық салалық энергетиктер кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің филиалы болып табылады және Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігімен белсенді ынтымақтастықта. 2016 жылғы 22 сәуірде аталған кәсіпорында кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен ұжымдық шарт жасалды. Ұжымдық шарт қызметкерлердің еңбек және әлеу-меттік құқықтарын едәуір жақсартты және нығайтты, жеңілдіктер мен өтемақыларды кеңейтті, еңбек ұжымының барлық мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын жақсартты. Ұжымдық шартқа сәйкес станция қызметкерлеріне бері-летін әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің қатарына: демалысқа материалдық көмек, бала тууына байланысты әйелдерге материалдық көмек, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты қызметкер-лерді біржолғы көтермелеу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдерге ай сайынғы материалдық көмек, зейнеткерлерге ай сайынғы материалдық көмек, қызметкерлер мен зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емделу құнын өтеу, мерейтойлық күнге байланысты көтермелеу және тағы да басқа шаралар кіреді. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге жыл сайынғы еңбек демалысынан шегерілмей айына 1 ақылы бос күн беріледі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша жұмыс беруші мен кәсіподақтың бірлескен іс-қимылын ұйымдастыру үшін кәсіпорында өндірістік кеңес жұмыс істейді. Өндірістік кеңес жұмыс берушімен кәсіподақ өкілдерінен құралған. 17 өндірістік бөлімшенің әрқайсысында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар таңдалып, олар бүгінде жұмыс істеуде. 2021 жылы жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Жыл сайын еңбекті қорғау күнінде, Еңбек күнінде, өндірістік жара-қаттанудың алдын алудың бірыңғай күндерінде және тағы да басқа кәсіби мерекелерде түрлі конкурстар, қысқы балық аулау сайыстары, балалар суреттерінің байқаулары өткізіледі. Қызметкерлерді сауықтыру, сала- уатты өмір салтын насихаттау мәселелері маңызды болып табылады. Осы бағытты жүзеге асыру үшін кәсіподақ комитеті жыл сайын кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында шағын футбол, стритбол және волейбол бойынша спорттық іс-шаралар өткізеді. Кәсіпорын қызметкерлерінің тұрақты негізде футбол, волейбол, баскетбол бойынша жаттығулар үшін спорт залдарына, жазғы уақытта ашық ауадағы футбол алаңына, теннис кортына, «Ангел» спорттық-сауықтыру орталығының жаттығу залына, бассейнге, мұз кортына тегін баруға мүмкіндігі бар. Жасыбай көліндегі демалыс үйлерінде станция қызметкерлеріне қысқы және жазғы демалыс ұйым-дастырылады, қызметкерлерге демалыс жолдамалары тегін беріледі. Жолдамаға демалыс үйіне дейін және кері қайту жолы, тұру, тамақтану кіреді. Қысқы уақытта демалыс үйінде 1300 адам демалған. Биылғы жазда тағы 1134 адам тыныққан. Мұндай демалыс- пен жыл соңына дейін қосымша 252 адамды қамту жоспарлануда. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлер Павлодар облы-сының Мойылды санаторийіне және Ақмола облысының Бурабай кентіндегі «Көкшебел» санаторийіне тегін жолдамалар алады. Станция қызметкерлерінің балалары жазғы кезеңде Жасыбай көліндегі «Қарлығаш» балалар лагерінде демалады. Қызметкер жолдама құнының 25%-ын төлейді, ал көпбалалы отбасылардың балалары жолдаманы тегін алады. 2021 жылы жолдама алғандардың барлығы - 80 бала. Кәсіподақ жұмысындағы басты бағыттар кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, заңдылықты сақтау, өзінің жеке еңбегінің және тұтастай ұжым жұмысының нәтижелері үшін жауапкершілікті арттыру болып қала береді. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымын «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» атануымен құттықтайды!

 

Мұрат АЯҒАНОВ


Количество показов: 740

Возврат к списку