«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

«Өзгерістің басында  бір өзі тұрды» 30.11.2021

«Өзгерістің басында бір өзі тұрды»

Осыдан 30 жыл бұрын азаттықтың ақ таңы жарқырай атқанда Қазақстан халқы үшін алда еңсеруі тиіс үлкен міндеттер тұр еді. Әсіресе, жаңа нарықтық қатынастар ауыл шаруашылығында түбегейлі өзгерістерді талап етті. Сол тұста Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған дүние-мүлікті жекешелендіру процесі аса батыл қадамдардың бірі болғаны анық. Ал елімізде нарыққа көшу ісі қазіргі Ақсу қаласына қарасты Құркөл ауылында қолға алынғанын екінің бірі біле бермейді. Осы бір маңызды мемлекеттік реформа жайында сол жылдары Құркөл ауылының әкімі болған, бүгінде Ақсу қаласының Құрметті азаматы Қаршыға Шаяхметовпен әңгіме өрбіттік.

 

- Қаршыға аға, әңгімемізді төтесінен бастасақ, Қазақстанда жекешелендіру процесі алғаш рет Құркөл ауылында жүргізілген екен. Нарықтық экономикадан түк ұғымы жоқ жергілікті жұрт бұл өзгерісті қалай қабылдады?

- Тәуелсіздіктің алғашқы 2 жылында Қазақстанға бұрын КСРО-ның иелігінде болған өз аумағындағы дүние-мүліктер қайтарылды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа нарықтық жағдайда шамамыз келгенше «экономиканы мемлекетсіздендіруді» жылдамдату керектігін үнемі айтып жүретін. Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік мемлекеттерінде жекешелендіру барынша ыңғайлы саяси жағдайда жүзеге асырылса, Қазақстанда оны жүргізу мемлекеттік институттардың өзін қалыптастыруымен бір кезеңде іске асқаны мәлім. 1991 жылдың маусымында Қазақ КСР-інің «Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру туралы» заңына қол қойылды, ал қыркүйекте соған сәйкес Мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Елбасының бұл батыл қадамы шын мәнінде алғашқы сәтте ауылда тұратындарға үлкен соққы болғаны рас. Ұжымдық шаруашылықтағы барлық мүлік бір сәтте халыққа үлестіріледі деп кім ойлаған... Бірақ олай жасамасқа тағы болмайтын. Себебі ауылдар бұрынғыдай ортақ қазынадан бөлінетін дотацияға арқа сүйей алмайды. Ал аграрлық сектордың әлеуетін ашу үшін үлкен өзгерістер керек еді. Сондықтан ел басқарып отырған билік бірінші кезекте бастамашыл және еңбексүйгіш азаматтардың аяғынан тұрып кетуіне көмектесу керек деген ұста-нымда болды. Бұл үшін олардың қолына дүние-мүлікті басыбайлы беру керек еді. Бұл тұрғыда айна-ласындағы адамдарды біріктіре білетін, іскер азаматтарға сенім артылды. Отбасы мүшелері көп, жанына өзгелерді ұжымдастыра білгендер пай жинау барысында озық шығып, кеңшардағы мал-мүлік, техника, өндірістік нысандар солардың қолына берілді. Әрине, мұның барлығы тегін ұстатыла салған жоқ. Әр мүлік белгілі бір деңгейде бағаланып, оның құнын кейін шаруашылықтар пайда таба бастаған кезде қазынаға төледі. Ол кезде Ақсу ауданының (қазіргі Ақсу қаласы) басшысы Қуат Есімханов болатын. Маған сенді ме, жекешелендіру Құркөлден басталады, ел тарихындағы маңызды өзгеріске бастамашы боласың, деді. Басшының айтқанын екі етуге құқым жоқ. Қиын боларын, жұрттан үлкен соққы боларын білім тұрсам да тапсырманы шұғыл орындауға кірістім. Сонымен әуелі кеңшардағы барлық мал-мүлікті түгендедік. Ауылда 3 бухгалтер болды. Солар барлық есебін жүргізді. Ол кезде Құркөл ұжымдық шаруашылық еді ғой. Жүзден астам шаруашылық техникалары, соның ішінде 24 дана К-700 тракторы, 50-60 Беларусь тракторлары бар-тұғын. Жалпы саны 1,5 мың қара мал, 500 жылқы, 20 мыңға жуық ұсақ мал болды. Ауылдағы 250 түтіннің өкілдерін жиып, түсіндіру жұмыстарын бастадық. Әуелі халық тартынды, қабылдағысы келмеді. Бұл қалай, ертең қалай жұмыс істейміз, қаражатты кім төлейді деп бастарын ала қашты. Насихат жұмыстарының нәтижесінде Елбасының реформасын жұрт біртіндеп түсіне бастады. Ақыр-соңы 43 шаруа қожалығы құрылып, жинаған пайлары бойынша ұжымдық шаруашылықтың барлық дүние-мүлкі теңдей бөлінді. Бұл шаруашылықтар сол кезде «Дөнентаев» деген ассоциацияға бірікті. Ауылда 22 жалғызілікті азамат бар еді, олар еш шаруа-шылыққа мүше бола алмай қалды. Біздің сұрауымызбен әкімдікке бірнеше техника қалдырылды. Солардың көмегімен әлгі адамдардың отын-суын тасып, қыста жолдарды қардан аршыдық. Жалпы жекешелендірудің маңызын ұғынғандар сол тұста дұрыс қадам жасады деп есептеймін. Себебі, кейбір ауылдарда жаңа-шылдықты қабылдамай, түксіз қалған жандар да көп болды. Жеке-шелендіруден басын ала қашқан кеңшарлардағы техника мен мал-мүлік әлдекімдердің оңай олжасында кетті. Ал біз оған жол берген жоқпыз.

- Білуімізше, 1993 жылы Елбасы Құркөлге арнайы сапармен келіп-кеткен екен. Бұл туралы не айтасыз?

- Жекешелендіру жұмысы сол тұста жер-жерде жаппай етек алғаны мәлім. Жағдайды өз көзімен көрмек мақсатта Тұңғыш Президентіміз өңірлерді аралауды бастаған. 1993 жылдың қыркүйек айының ортасы. Бір күні аудан әкімі Қуат Есімханов телефон шалып: «Қаршыға, Президентіміз келе жатыр. «Қараойдағы» фермаға шаруаларды жинап, жиылыс өткіземіз. Ал ауылдағы жұртты орталыққа шақыр, Елбасы ауыл халқымен қауышқысы келеді», деді. Содан хал-қадірімізше дайындалып, елді мекенді ретке келтірдік. Ауыл ішіне асфальт төселді, барлық нысандар әктелді. Н.Назарбаев ауылға келмес бұрын «Қараойға» барып, шаруалармен жүздесіп, мәселелерін тыңдаған еді. Ал біз тұрғындарды «Әнуар» кафесінің жанына жинап, Елбасыны күтіп тұрмыз. Ауыл тентексіз бола ма, сол сәтте біраз жұрт күбірлесіп: «Ауылдағының барлығын талан-таражға салып, дүние-мүлікті таратып тастадыңдар. Бұлай болмауы керек. Қазір Президентке барлығын айтамыз. Сендер ұжымшарды құрттыңдар» деп бізді жазғыра бастады. «Апырмау, ауыл жұртының алдында абыройым төгілмесе игі» деп, қуыстанып та қалдым. Барлық мүлік әділ бөлінгені жұрттың көз алдында. Ешқандай шу болған жоқ. Енді елдің мұнысы не деп ренжіп тұрмын ғой. Сөйтіп тұрғанда халық иін тірескен жерге үш қара жеңіл көлік келіп тоқтады. Көліктің бірінен Нұрсұлтан Әбішұлы шықты да, көпшіліктің арасына кіріп кетті. Нағыз көшбасшыға тән кең маңдайлы, жүзі шуақты, айналасына нұрын шашқан Нұрекеңді көрген жұрт лезде бағанағы айтып тұрған реніштерін ұмытып кеткен тәрізді. Ду қол шапалақтап, Президентті әс көтеріп әкетті. Көппен бірге Елбасының келбетіне сүйсініп тұрып қалыппын. Аудан әкімі: «Нұрсұлтан Әбішұлы, мына жігіт осы ауылдың басшысы Қаршыға Шаяхметов» деп таныстырып жатыр. Нұрекең қолымды алғанда ерекше бір сезімге бөлендім. Көшбасшымыздың аурасы шіркін керемет қой! Маған ықыластана қарап, жекешелендіру жұмыс-тарына көңілі толатынын білдірді.

- Қаршыға, еліңді саған тапсырдым. Ендігі шаруаның көбі сенің жұмысыңа байланысты. Бағыттарың дұрыс, енді осы жолдан айнымаңдар. Жұртыңды жүдетпе, - деді Президент. Сапарының соңында Елбасы Құркөл жұртына батасын беріп кетті. Мен Елбасының әлгі айтқан сөздерін өсиеттей қабылдадым. Құркөлді басқарған 16 жылда қиын-қыстау сәтте Елбасының осы бір айтқандары маған қамшы болды. Елдің игілігі үшін деген сөздің қаншалықты салмақты болатынын ұғындым.

- 1993 жыл тоқыраудың басы болғаны мәлім. Сол кездегі ауыртпалықтарды еңсеру ел басқару ісіңде тәжірибеңіз жоқ сізге қалай әсер етті?

- Иә, менің бастапқы мамандығым - мұғалім. Көп жыл мектептерде ұстаздық еттім, директор болдым. Өңірдегі басшылардың көзіне іліккен болуым керек, 1993 жылы Құркөлге басшы болуға шақырды. Сенімдерін аяқасты етпедім. Әрі сол жылы жекешелендіру де басталып кеткені белгілі. Негізі, Құркөл ауылының тұрғындары талай таршылық заманды көрген. 1929 жылы кәмпеске заманында бұл жерде Сталин колхозы құрылыпты. 800-дей түтін болған екен. Отыз екінің аштығында жұрттың біраз бөлігі босып, біразы қырылып, 30 түтін ғана қалған. Кейін заманмен өсіп, әулеттер жайқалды. Еліміз егемендік алған жылдары тоқырау басталды. Экономикамыз кері кетті. Оның бәрін жоққа шығару мүмкін емес. Жұрттың еңбекақысы, балалардың жәрдемақысы, қариялардың зейнетақысы айлап берілмейтін. Осындай кезең-дерде халықпен бірге қиналдық, күйзелдік. Жұртты жинап, жағдайды үнемі түсіндіріп отырдық. Еңбекақы мен зейнетақының орнына қант, ұн, басқа да азық-түлікті, шаруашылық тауарларын тараттық. Бұл тұста маған көптеген ел азаматтары көмек көрсетіп, қамқорлық жасады. Ұжымдық шаруа-шылықты бұрын басқарған Телжан Жайлин, прораб Қуанышбай Батырбаев, инженер Геннадий Қожанов және Қабиден Дөкілов пен Бүркіт Шаяхметов сынды азаматтардың қолдауының арқасында елді, шаруашылықты басқаруды үйрендім.

- Осыдан 28 жыл бұрынғы Құркөл мен қазіргі Құркөлдің айырмашылығы бар ма?

- Айырмашылығы жер мен көктей. Бір жағдайды ғана баяндап өтейін. 90-шы жылдары ауыл халқы ауызсудан қатты таршылық көрді. Ол мәселе сонау кеңес заманынан жалғасып келе жатқан ғой. Суды Ақсу қаласынан бөшкелеп таситынбыз. Жұрт дені дұрыс бау-бақша сала алмайтын, төрт түлігін суаруда да қиналатын. Бүгінде ол түйткіл толық шешілген. Орталықтандырылған жүйе тартылып, әр үйге ауызсу жүгіріп тұр. Құркөлдегі мектеп, мәдениет үйлері жаңартудан өткен. Балалар заманға сай білім ордасында тәрбиеленуде. Тәуелсіздіктің арқасында халық дербес еңбектенуді, тұлға болып дамуды үйренді. Жергілікті шаруашылықтар өркендеп, ауыл экономикасын гүлдентуге үлес қосуда. Ендігі мәселе келешек ұрпақтың осы жерде тұрақтап қалуына ғана байланысты.

- Мерекеге орай ізіңізден ерген қыз-жігіттерге нендей тілек айтасыз?

- Аллаға шүкір, соңғы 30 жылда Қазақстан әлемдегі кейбір мемлекеттердің 2 ғасыр жүріп өткен жолын еңсерді. Ол - тарихи шындық. Өркениет көшіне ілесіп қана қойған жоқпыз, көптеген ісімізбен талайға үлгі көрсеттік. Ауызбіршілігімізді, қазақтың дархандығын паш еттік. Осы бірлігіміз мәңгілік болғай! «Жақсы десе, жан семіреді», дейді халқымыз. Елде жасалып жатқан игі іс көп. Тек соларды жарқыратып көрсете алмай жатқанымыз өкінішті. Қазақ жастары көп оқыса, ізденсе екен, ғылым жолына түссе екен деймін. Ғылымсыз шарықтау жоқ. Қазақтың келешегі бұдан да жарқын болатынына кәміл сенемін!

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан - Мұрат АЯҒАНОВ.


Количество показов: 555

Возврат к списку