Құжат рәсімдеу жеңілдеуде

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қолдау зор
26.10.2021

Мерейі асқақ Ақсу шаhары!
26.10.2021

Павлодарға үлкен футбол оралды!
26.10.2021

Құнды қорғандар табылды
26.10.2021

600 адам тест тапсырды
26.10.2021

Жобаларда «шикілік» көп
26.10.2021

Терминал арқылы төлеу міндетті ме?
26.10.2021

Диспорт терапиясымен емдейді
26.10.2021

Ұлыға тағзым – ұрпаққа міндет
26.10.2021

Сарыарқа самалы, 26 қазан, сейсенбі
26.10.2021

Тегін үйірме – ұлт саулығының тетігі
23.10.2021

Барлығына қолжетімді болмақ
23.10.2021

«Ғұлама-наме»
23.10.2021

Ақылы жолдың талабы қандай?
23.10.2021

Тәуекел - менің басты қаруым!
23.10.2021

Екпе алмаған науқастың емі қиын
23.10.2021

Қашанда халықпен бірге!
23.10.2021

Жүргізушілер тапшы
23.10.2021

Амбулатория ашылды
23.10.2021

Сарыарқа самалы, 23 қазан, сенбі
23.10.2021

Тарихы терең Павлодар волейболы
21.10.2021

Кесенеге көрпе сыйлады
21.10.2021

Театр қайраткері - ел жадында
21.10.2021

Қамбаға мол астық құйылуда
21.10.2021

Ажары айшықты Ақсу
21.10.2021

Тіл үйрету курстары жұмыс істейді
21.10.2021

IT-мамандар даярлануда
21.10.2021

Педагогтарды жауапқа тарту дұрыс па?
21.10.2021

Алашордашыларға мурал ашылды
21.10.2021

Ерте аяқтау жоспарлануда
21.10.2021

Тұңғыш Редактор
21.10.2021

Қазақ баспасөзінің бір байрағы
21.10.2021

Автокөлік неге қымбат?
21.10.2021

Азығы мол мал азбайды
21.10.2021

Ауыл жұртының қуанышы
21.10.2021

Сарыарқа самалы, 21 қазан, бейсенбі
21.10.2021

«Қасиетті қазақ елі»
19.10.2021

Қазақ дубляжының қарлығашы
19.10.2021

Үшінші орын - Ұғыбайдоллада
19.10.2021

«Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы»
19.10.2021

«Алла» деген ағайын, алданбаңыз
19.10.2021

Үстемеақы төленбейді
19.10.2021

«Кибер-Шериф» көшеге шығады
19.10.2021

Модульдік пункттер ашылды
19.10.2021

Емхана таңдау – әркімнің өз еркі
19.10.2021

Заманға сай жаңғырды
19.10.2021

«Ертіс дарыны» қанатын кеңге жайды
19.10.2021

Сарыарқа самалы, 19 қазан, сейсенбі
19.10.2021

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлық!
16.10.2021

Татулық – тірегіміз
16.10.2021

Мектепте үйірмелер жеткілікті ме?
16.10.2021

Әр ағашты баптау – сауапты іс
16.10.2021

Мамандықтар тізімі кеңейді
16.10.2021

Баспаналы болудың тетіктері қандай?
16.10.2021

Тіркеушіні қалай танимыз?
16.10.2021

Техникалар аздық етеді
16.10.2021

Мол өнім түседі
16.10.2021

Рекордтық өнім
16.10.2021

Сарыарқа самалы, 16 қазан, сенбі
16.10.2021

Енді тәуелді болмайды
14.10.2021

Құжат рәсімдеу жеңілдеуде 14.10.2021

Құжат рәсімдеу жеңілдеуде

Құжаттарды дер кезінде дайындап, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету - Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) маңызды миссиясы. Мұнда күніне мыңдаған қызмет түрлері көрсетіліп, түрлі рәсімдер жасалады. Карантин жағдайында түрлі жаңашылдықтар мен жұмыс күніне мезгіл сайын өзгерістер енгізіледі. Қазіргі таңда жеке басты куәландыратын құжаттарды тіркеу ісі жетілдірілуде. Павлодардағы №3 Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Азина Мұхамедьяровадан осы және өзге де мәселелер жөнінде сұрап білдік.

   - Азина Төлегенқызы, карантин жағдайында орталықтың жұмыс кестесінде қандай өзгерістер бар?

- Күн сайын таңғы 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін үздіксіз жұмыс істейді. Әзірше пәлендей өзгеріс жоқ. Ал құжаттандыру секторы негізгі кестеге сай қызмет көрсетеді. Жалпы ХҚКО-ның кезекші мамандары кешкі алтыдан сегіз аралығында тұрғындарға көмек көрсетуге дайын. Орталықтың мамандары тарапынан дөрекілік болса, дұрыс кеңес берілмей не болмаса кезек күту уақыты мерзімнен асып кеткен жағдайлар орын алса, тұрғындар бірден 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға құқылы. Алайда, мұндай жағдайдың болуына жол бермеуге тырысамыз.

- Мекемелерде қызмет түрлері кеңейіп, жұмыста-рыңыз ауқымды бола түсуде. Соңғы уақытта төлқұжат алуға асық азаматтардың көбейгені байқалады. Жеке басты куәландыратын құжат-тарды жедел дайындау мерзімі қанша?

- Күн сайын сапалы қызметке деген сұраныс артып келеді. Әрдайым табысты еңбек ету үшін кез келген ұйымда қызметке жүгінушіге бағдар ұсыну бірінші орында тұрғаны анық. Сол себепті, ХҚКО да сапаны назарға ала отырып, халыққа оңтайлы қызметтер ұсынып отыр. Соның бірі – жеке куәлік немесе төлқұжатты жедел түрде әзірлеу мүмкіндігі. ҚР азаматтары жеке басын куәландыратын құжат пен төлқұжатты тез алу мерзімі рәсімделгеннен күннен бастап есептеледі. Құжатты беру 15 жұмыс күнін алады. Дегенмен, азаматтың қалауы бойынша қызметті ақылы түрде жедел әзірлеуге болады. Бұл ретте облыс орталығында 3-тен
5 жұмыс күніне дейін, аудандар мен қалаларда 7 жұмыс күні ішінде алу қарастырылған. Жеделдетуді рәсімдеу барысында құжаттандыру секторында онлайн төлем жасау қызметі де іске қосылған. Ал, құжат дайын болған уақытта ұялы телефонға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан хабарлама келеді.

- Орталықтарда бұған дейін кезекті броньдауға қатысты мәселелер орын алған еді. Қазіргі кезде аталмыш түйткіл қалай шешілді?

- Үйде отырып ғаламтор арқылы кезекті броньдап қою немесе қызметті онлайн алу мүмкіндігі кеңейе түсуде. Дегенмен де ХҚКО-ның қызметіне жиі жүгінетін егде жастағы зейнеткерлерге алдын ала кезек алу қолайсыздық тудырып келгені жасырын емес. Осы олқылықтың алдын алу үшін орталықта бақылау жүргізіліп, қарттарға, оған қоса көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кезексіз талон ұсынылуда. Ал, кезекті онлайн броньдау үшін электронды үкімет порталындағы «Онлайн сұрау» батырмасынан соң, ХҚКО-ны таңдау қажет. «Жеңілдігі бар терезеге» өту арқылы жеңілдік санаты тексеріліп, электрондық және қағаз қызметтерін алуға болады. Алдын ала броньдауға тәулігіне бір рет қана рұқсат етіледі.

- Виртуалды ассистентке тұрғындар қаншалықты жиі қоңырау шалады?

- Халыққа қызмет көрсету орта-лығының EGOV порталы арқылы онлайн ассистент, бейне ассистенттер жұмыс істейді. Карантин кезінде онлайн қызметке ауысқандықтан электрондық үкімет порталының ассистенттеріне үздік-
сіз қоңыраулар түскен еді. Қазіргі кезде қызметкерлеріміздің көмегіне жүгінетіндер аз емес. Керекті құжат-тарды әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы алу жұмыс ауқымын азайтып отыр.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелескен – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

 


Количество показов: 589

Возврат к списку