100-інші мешіт

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Техникалық білімнің заманы туды
22.01.2022

«Ақсу» Түркияға аттанды
22.01.2022

Жаңа техниканың тілін меңгеруде
22.01.2022

Жұмыла білген жұрт жығылмайды
22.01.2022

Автокөлік берілді
22.01.2022

Күрделі жағдайға дайынбыз ба?
22.01.2022

Қалдық сыртқа шықпайды
22.01.2022

«Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
22.01.2022

Сарыарқа самалы, 22 қаңтар, сенбі
22.01.2022

Қиянатты қиып түскен...
20.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті!!!
20.01.2022

Шын мықтылар ауылдан шығады
20.01.2022

«Алаш кітапханасы»
20.01.2022

Филармонияға ғимарат берілді
20.01.2022

Кітапхана ісінің шебері
20.01.2022

Онлайн оқу үлгерімге әсер етпейді
20.01.2022

Бағдарлама нәтижесі қандай?
20.01.2022

Жастарға жол ашатын жобалар
20.01.2022

Елдегі тұрақтылық маңызды
20.01.2022

Көмір бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды
20.01.2022

Утилизациялық алым сомасы бағаға әсер ете ме?
20.01.2022

Шекті баға: нарық қалай өзгерді?
20.01.2022

Ұтысқа қатысушылар тізімі:
20.01.2022

«Омикрон»: тұрғындардың жауапкершілігі маңызды
20.01.2022

Банкрот болу несие жүктемесін азайта ма?
20.01.2022

Қалтаны қағудың айласы ма?
20.01.2022

Сарыарқа самалы, 20 қаңтар, бейсенбі
20.01.2022

Әділдік жолымен жүрейік!
19.01.2022

Жаңа картиналар түсті
18.01.2022

Жаңғырығы басылмаған «Ertis»
18.01.2022

Әкімдер дүкен аралады
18.01.2022

Өзгеше өтуі тиіс
18.01.2022

Бір оператор қалады
18.01.2022

«Асланның» ақ наны
18.01.2022

Сарыарқа самалы, 18 қаңтар, сейсенбі
18.01.2022

Аймақта көмір қоры жеткілікті
15.01.2022

Ерлік үлгісін көрсетті
15.01.2022

«Рахметте» баға қалай түзіледі?
15.01.2022

Талаптының табысы артады
15.01.2022

Бағаны өсіруге негіз жоқ
15.01.2022

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі
15.01.2022

Қолтаңбада – Қаныш келбеті
13.01.2022

Тілге қызмет ету - абыройлы іс
13.01.2022

Шынайы жаңару кезеңі
13.01.2022

Жаңа кітаптар түсуде
13.01.2022

Жанармай бағасы - бақылауда
13.01.2022

Елдің қорғаныс саласын қалай күшейтуге болады?
13.01.2022

Азық қоры аз емес
13.01.2022

Қоғамдық көліктің жүру уақыты ұзарды
13.01.2022

Режимді бұзғандар бар
13.01.2022

«Омикроннан» үрей көп
13.01.2022

Озық тәжірибенің берері мол
13.01.2022

Дамудың жаңа кезеңі басталады
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 13 қаңтар, бейсенбі
13.01.2022

Сарыарқа самалы, 11 қаңтар, сейсенбі
11.01.2022

Халықаралық рейс жолға қойылды
30.12.2021

Мобильді аударымдарға салық салына ма?
30.12.2021

«Ақсу» сенімді ақтады
30.12.2021

Балаларға - жаңа мүмкіндіктер
30.12.2021

Басым бағыттар белгілі
30.12.2021

100-інші мешіт 21.12.2021

100-інші мешіт

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні Ақсу қаласына қарасты Алғабас ауылында азанның үні естілді. Сол күні елді мекенде жаңа мешіт есігін айқара ашып, жамағаттың игілігіне берілді. Бұл қуаныштың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуін үлкендер жақсылыққа балап, ғибадат үйінің бой көтеруіне атсалысқан азаматтарға алғыс-баталарын жаудырды. Аталған ғибадат үйі облыста 100-інші мешіт болып тіркелді.

Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы, Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев қатысты. Бас имамның сөзінше, бұған дейін облыста ресми түрде тіркелген мешіттердің саны 99 болған. Алғабастағы имандылық үйі 100-інші мешіт болып тіркеліп отыр. Яғни, Қазақ елі Тәуелсіз атанған 30 жыл ішінде облысқа қарасты қала, аудан және ауылдарда барлығы 100 мешіт салынған екен.

- Бүгін - Алғабас ауылының тұрғындары үшін тарихи күн. Ең бірінші ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын қарсы алса, екінші елді мекенде көптен күткен жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы, Тәуелсіздік - тіліміз бен дініміздің, салтымыз бен дәстүріміздің еркіндігі. Егер, Тәуелсіздік болмаса әр ауылда мұндай зәулім мешіттер салынар ма еді?! 1991 жылға дейін облыста жалғыз ғибадат үйі жұмыс істеп тұрды. Ол - Павлодар қаласындағы Бижан мешіті. Елдің егемендігімен бірге дін саласындағы жұмыстар қайта жанданып, мешіттер саны 100-ге жетіп отыр. Бұл - біз үшін үлкен жетістік, - деді Жолдас Қоспақұлы. Жаңа ғибадат ордасында бір уақытта 100 адам намаз оқуға болады. Ішкі құрылымына тоқталсақ, имамның бөлмесі, дәрет алатын орын, киім ілетін дәлізі бар. Сонымен қатар, жаңа мешіт жанында діни рәсімдер жүргізіліп, жабдықтар беруге арналған асхананың да іргетасы қаланған. Келесі жылы құрылысы басталады деп жоспарлануда. Төбесіне орнатылған әсем күмбезді Алғабас орта мектебінің технология пәні мұғалімі Ақылбек Қабылбеков өз қолымен жасапты. Ғимараттың құрылыс материалдары мен құрылыс жұмыстарына қажетті қаражатты ауыл тұрғындары жинаған. Әсіресе, жеке кәсіпкерлер мен бүгінде әртүрлі өңірде тұратын жерлес азаматтар да үлкен көмек көрсеткенін айтады жауапты азаматтар.

- Ауылға мешіт салу арқылы тұрғындардың ауызбіршілігі мен береке-бірлігінің өте мықты екеніне куә болдық. Әсіресе, өзіміздің мектептен оқып кеткен түлектер жақсы көмек көрсетті. Яғни, шәкірттеріміз алыс-жақынына қарамай жұмыла кірісті. Міне, осыған қарап, жаман оқушы шығармағанымызды аңғардық. Осы сәтті пайдалана отырып, шамасы келгенінше көмек көрсеткен ауыл тұрғындарына, басынан соңына дейін «отымен кіріп, күлімен шығып жүрген» кәсіпкерлерге алғыс айтқым келеді, - деді ауыл тұрғыны Ақылбек Қабылбеков. Салтанатты рәсімнің соңында ауыл тұрғындарына ақ дастархан жайылып, ата-бабалар рухына Құран бағышталды.

 

Т.САХАБА.

 


Количество показов: 883

Возврат к списку